30
Аралас сабақтағы оқу жұмысының әртүрі, бірінен кейін бірі ауысып отыруы балалардың
таным белсенділігін арттыруға, зейіндерінің тұрақтануына мүмкіндік береді. Бұл сабақ типі
бастауыш сынып оқушыларына арналған. Сабақтың мақсатын ойластыру барысында мынадай
3 сұраққа жауап табу керек:
- не меңгерілу тиіс?
- меңгерту процесінде жаңа ұғымдардың белгілі қандай қызметтері туралы айтылады?
- қандай маңызды мазмұны тірекке алыну керек?
Сабақтың мақсаты деп пәнді оқыту процесінде қалыптасатын білімнің құнды жүйелері. Ең
маңыздысы баланың жеке басының қасиеттері – бұл әлеуметтік белсенділігі,
ойлау және
кенеттен тығырықтан шығу қызметтері, айналадағы құбылыстарды түсіне, талдау, теориялық
білімдерін іс жүзінде
тұрмыста қолдана білу, түрлі тапсырмаларды өз бетінше орындау
қабілетін дамыту т.с.с.
Екінші маңыздылығы мұғалімнің оқу-тәрбиелеу процесіндегі жетекші ролін түсінуі.
Шығармашылықпен айналысатын кез келген мұғалім бірсарындылықтан алшақтап,
эвристикалық оқыту әдістерін пайдалана отырып шығармашылықпен
жұмыс істейтін орта
түзіп, баланың интеллектін дамытатын жағдай жасауға ұмтылады. Үшінші маңыздысы сабақта
түрлі әдістер мен тәсілдерді үйлесімді қолдана алу шеберлігі. Оқытудың әдістері мен тәсілдерін
таңдауда сабақта нақтылық болу керек. Сабақта материалды меңгертуде әр алуан тәсілдерді
пайдалану, әсіресе бастауыш сыныптарда мұғалімнің алдын ала ойластырған белгілі бір жүйесі
мен тәртібін талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: