18
Бастауыш сыныптарда бір сабақта бір ғана әдіс қолдану сирек пайдаланылады, керісінше бір
әдіс екінші әдіспен үйлестіріліп отырылуы шарт. Білім беру мақсаттарына нәтижелі қол жеткізу
үшін әдістердің қайсысы неғұрлым тиімді екенін анықтап алу қажет.
Оқыту
әдістерін жіктеп, топтауға негізгі дидактикалық белгілері алынады. Бүгінде
дидактикада таңдап алынған белгілердің негізінде бірнеше әдістердің жіктеу тобын бөліп
көрсетеді. Мысалы; оқушылардың танымдық деңгейі бойынша, мұғалімнің
білім берудегі іс-
әрекетінің сипатына, білім алу көзіне байланысты топтап, жіктелгені белгілі.
Оқыту әдістерінің негізгі сыныпсикалықмынадай тобы белгілі;
1. Сөздік әдістері (баяндау немесе түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, оқулықпен жұмыс);
2. Практикалық әдістері (бақылау әдісі, зерттеу әдісі, жаттығу әдісі, практикалық жұмыстар,
зертханалақ жұмыстар, дидактикалық ойындар);
3. Көрнекілік әдістері (иллюстрация түрі – плакаттар, кестелер, суреттер, карталар, бейнелер,
муляждар, макеттер және демонстрация түрі-тәжірибелер, телекөрсетілімдер, бейнефильмдер,
кодопозитивтер, компьютерлік бағдарламалар).
Әр әдістің өзіне тән қолдану ерекшіліктері бар. Айталық,
сөздік әдістерді қолдануда
оқушылардың білімалу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады.
Білім көздері бойынша бөлінген оқыту әдістері оқып – үйрену кезінде бір-бірін
толықтырады және жүйе құра отырып, өзара әрекет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: