Дүниетану пәнін оқыту пәнінен лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата26.01.2024
өлшемі464.39 Kb.
#489946
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
downloadPdfUmkd (1)

Белсенді оқу-Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай
белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. 
Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге 
асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын бұндай тәсілдерге 
топтық жұмыс, ойын «баламалары» және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойындар 
кіреді. Бастауыш сыныптарда ойын шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу 
және зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады. Домино және карта сияқты 
дәстүрлі ойындар математика сабақтарындағы кездейсоқтық пен ықтималдық мәселесін 
қарастыруда оңтайлы болмақ. Шарада, тақтада сөздерді біріктіру немесе сөздерді жіктеу 
сияқты ойындар – тіл үйренуді қамтамасыз етудің және оны көрсетудің бірден-бір қызықты 
әрі тартымды тәсілдерінің бірі. Көптеген стратегиялық ойындарды (мысалы, «Алға») деп 
аталатын ежелгі қытай ойыны) тұрғындар мен қоғамның өсуін модельдеу үшін пайдалануға 
болады. 
3. Тақырыбы:Критериалды бағалау жүйесі. Бастауыш сыныптағы критериалды 
бағалау жүйесінің ерекшелігі. Қалыптастырушы бағалау. Жиынтық бағалау. 
Кері байланыс. 
Қазіргі кезде ел мектептерінде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау 
қолданысқа ие, себебі бұл тәсіл барлық процеске қатысушыларға оқу материалының 
игерілу деңгейін түсініп, кері байланыс алуға мүмкіндік береді. Кері байланыс қаншалықты 
мазмұны терең болса, соншалықты оған әсері сындарлы бола түспек.
Критериалды бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай 
жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне 
қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) 
барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы 
оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Критериалды бағалау – бұл тәсіл, оның аясында бағалаудың және өзін-өзі бағалаудың 
түрлі тәсілдері, түрлері және әдістері қолданылады.
Критериалды бағалау кезінде:
- оқушы оқытудың негізгі субъектісіне айналады;
- оқушы бойындағы үрейленуді басады;
- мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, ол кеңес беруші, маман, бағыттаушыға 
айналады.
Осылайша, критериалды бағалау оқушылардың да, мұғалімдердің де денсаулығын 
сақтау артықшылығына ие.


Критериалды бағалау мұғалімдерге арналған қағидаттық ұстанымдарды тұспалдайды:
1. баға арқылы оқушының өзі емес жасаған жұмысы ғана бағаланады;
2. оқушының жұмысы басқа оқушылардың жұмыстарымен салыстырылады;
3. нақты тапсырмалардың түрлілігі және жақсы орындалған тапсырманың анық және 
дұрыс сипаттамасының болуы;
4. оқушыларға өлшемдер алдын ала айтылады;
5. оқушы өзінің жетістік деңгейін өзі анықтап, өзін бағалай алатындай баға коюдың 
нақты алгоритмі әзірленуі керек. Өзін-өзі бағалау оқушылардың өз жұмыстарын 
рефлексиялауды көздейді. Рефлексия оқушының тұлғалық дамуының, оқушы ретінде 
дамуының қажетті құраушысының міндетті шарты болып табылады;
6. өзін-өзі бағалауға ауысуға талпыну мақсатында, бағалау процесіне оқушыларды 
қатыстыру;
7. нені оқытты соны ғана бағалауға болады, сондықтан бағалау критерийлері – оқу 
мақсатының нақты көрінісі;
8. пән бойынша жалпы оқу мақсаттары аталмыш пән бойынша оқушылардың 
жетістіктерін бағалаудың критерийлері болып табылады және оқушылардың жеке 
жұмыстары барысында анықталған нәтижелерін жалпылауға мүмкіндік туғызады.
Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы төмендегі артықшылықтармен 
белгіленеді:
- жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;
- оқушы жұмысы алдын-ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;
- бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға 
баға оқып-зерделенген материал бойынша ғана қойылады;
- өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы 
ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритімі белгілі;
- оқушының оқуға деген және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.
Критериалды бағалау:
Мұғалімдерге:
1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;
2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;
3. Білім беру сапасын арттыруға;
4. Оқытудың сапасын жақсартуға;
5. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту 
траекториясын құруға;
6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.
Оқушыларға:
1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау 
әректінің типтерін қолдануға;
2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге 
және түсінуге;
3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;
4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды 
білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.
Ата- аналарға:
1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы обьективті дәлелдер алуға;
2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;
3. Оқу үрдісінде оқушыға қолдау көрсетуге;
4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;
5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік 
береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет