Дүниетану сабағында қолданылатын ресурстар. Табиғи көрнекі қҰралдар түрлері, сабақта қолданылуы



Дата01.06.2023
өлшемі16.74 Kb.
#474597
түріСабақ
пед


ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН РЕСУРСТАР. ТАБИҒИ КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР ТҮРЛЕРІ, САБАҚТА ҚОЛДАНЫЛУЫ (жаратылыстану, практикалық).
Дүниетану сабақтарында тірі табиғат бұрышы ретінде көбінесе бөлме өсімдіктері қолданылады. Оқушылардың өздері де сол өсімдіктерді отырғызып күтіп-баптауды үйренеді.

Әрбір есімдіктің этикеткасы болуы керек, онда өсімдіктердің аты, отаны, егілген уақыты жазылады. Оқушылар бастауыш мектепте оқыған жылдарында барлық есімдіктермен танысып, олардың кейбіреулерінің гүлдеуін, әрбір өсімдіктің жарыққа, жылуға және ылғалға сезімталдығын зерттей алады.

Оқушылар өсімдіктерді күткенде олардың әрқайсысының құрылысының ерекшеліктерін біліп қана қоймайды, сонымен бірге өсімдіктерді күтуге қажетті практикалық дағдылар даалады.Олар мұғалімнің басшылығымен қарапайым тәжірибелер жүргізеді, соның нәтижесінде оларда өсімдіктерді зерттеуге деген қабілет қалыптасады. Мысалы, бірдей екі өсімдік алып, оларға әр түрлі тіршілік жағдайын (суару, үстеме қоректендіру, жарық беру) туғызуға болады. Бақылау нәтижелерін күнделікке тіркеп отыру керек. Оқушылар бұл тәжірибені жүргізу және алынған нәтижелерді талдау барысында әсімдіктер мен қоршаған ортаның арасында болатын тығыз байланыстарға көздерін жеткізеді, есімдік организмдерінің тіршілік әрекеті үшін белгілі бір жардайлардың қажеттігін практика жүзінде біліп отырады. Алынған деректерді оқушылар белгілі бір оқу материалын оқып білуде табысты түрде пайдаланады.

Ашық жерде дүниетанудан бақылаулар мен практикалық сабақтар жүргізу үшін бастауыш мектепте географиялық алаң болуы керек (ол жалпы білім беретін орта мектеп алаңының бөлігі болуы да мүмкін).


Қазіргі кезде дүниетану сабақтарында мұғалімдер жергілікті жерде кездеспейтін табиғат құбылыстары туралы нақтылы және толық түсінік беруге кемектесетін экрандық құралдарды кеңінен пайдаланып жүр. Табиғи көрнекіліктер дегеніміз – табиғи нысандардан жасалған оқыту құралдары [1]. Олар бірнеше топқа бөлінеді (1 сурет). Көрнекіліктердің түрі Суреті Табиғи тірі көрн түсіну екі құралдар Арнайы жиналған өсімдіктер (бөлме және мектеп ауласынан немесе таным жорық барысында жиналған өсімдіктер, өсімдік көшеттері), Тірі табиғат бұрышындағы аквариумдегі, террариумдағы және тордағы жануарлар Препаратталған табиғи құралдар Кеппешөптер – өсімдіктерді арнайы кептіріп, қағазға бекіту формасы Ылғалды препараттар-арнайы дайындалған әрі биология пәніне қажетті оқыту құралы.

Табиғи көрнекі құралдар – бұл әлі өзгертілмеген табиғи түрдегі көрнекі құралдар болып табылады, оған: түрлі өсімдіктер, жануарлар мен жәндіктер, олардың коллекциялары, машина, оның детальдары жатады.


Заттарды көріп қабылдау арқылы оқыту үрдісінде оқушыларда бейнелік ұғым қалыптасады. Көрнекі құралдар оқушылардың сабақты қызығып тыңдауын қамтамасыз етеді және материалды жолдарын оңайлатады. Көрнекі құралдарды қолдануға байланысты былай бөлуге болады :

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет