Доцент Шалдыбаев Ж. А



жүктеу 151.37 Kb.
Дата14.07.2016
өлшемі151.37 Kb.

Әдістемелік рекомендациялар мен нұсқаулықтардың, әдістемелік рекомендациялардың, әдістемелік нұсқаулықтардың титул парағы






Нысан

Ф СО ПГУ 7.18.3/40



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасы

(кафедра атауы)



ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР



Пәнді оқыту бойынша

(жұмыс түрі)


Экологиялық құқық, менеджмент және маркетинг негіздері пәні бойынша

(пәннің атауы)


050608 «Экология» мамандығының студенттері үшін

(мамандықтың толық атауы мен шифры)

Павлодар


Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулықтардың, әдістемелік ұсыныстар мен, әдістемелік нұсқаулықтардың бекіту парағы




Нысан

Ф СО ПГУ 7.18.3/41





БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

___________ Пфейфер Н.Э.

(қолы)


«___»_____________20__ж.

Құрастырушы: _________ доцент Шалдыбаев Ж.А.

(қолы) (қызметі, ғылыми дәрежесі, атағы, А.Ж.Т.)
Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасы

(кафедра атауы)



Пәнді оқыту бойынша

(оқу құжат түрінің атауы (Кж/КЖ/БЖ/ЕКЖ/ЗЖ))


ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР

ҚР Экологиялық құқық, менеджмент және маркетинг пәні бойынша

(пәннің атауы)



050608 «Экология» мамандығының (тардың) студенттеріне арналған

(мамандықтың толық атауы мен шифры)


Кафедра отырысында ұсынылған

«___»______________20__ж., хаттама №__


Кафедра меңгерушісі _____________ Ахмеджанова Г.Б. «____» ________20__ж.

(қолы) (А.Ж.Т.)

ОӘК құпталған Тарих және құқық факультеті

(факультет атауы)

«___»______________20__ж., хаттама №____

ОӘК төрағасы _______________ Баталов К.К.«____» ________20__ж.


(қолы) (А.Ж.Т.)


ҚҰПТАЛҒАН:

ОПиМОУП бастығы_____________ Варакута А.А. «____» ________20__ж.

(қолы) (А.Ж.Т.)


Университетің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

«___»______________20__ж. Хаттама №____



1-тақырып. Экологиялық құқықтың пәні мен әдістері.


  1. Құқық жүйесі ретінде эколкгиялық құқықтың түсінігі

  2. Эколкгиялық құқықтың қайнар көздері.

  3. Эколкгиялық құқықтың қағидалары.


Әдебиеттер:

Б.В. Ерофеев “Экологическое право России” Москва – 1996

Д.Л.Байдельдинов “Экологическое законодательство РК” Алматы-1995

“Қоршаған ортаны қорғау туралы ”ҚР заңы 15.07.1997 ж


Мақсаты:

1.Экологиялық құқық курсын меңгеру кезінде студенттің білімін кеңейту.

2. .Экологиялық құқықтың түсінігімен оның қайнар көздерімен және норма кодификациясын құру процессімен байланысты сұрақтарды студенттердің тиянақты түрде меңгеруін қамтамасыз ету.

3. Экологиялық құқықтың құқық саласының дербессаласы ретінде оған жағымды қатынаста болуын тәрбиелеу.



Тапсырма:

Экологиялық құқық құқық нормасының ерекшк жүйесі ретінде құқықтық реттеудің механизмнің ерекшеліктері бойынша сипаттау қажет, яғни пәні және әдістері, субъективтік құрамы, норма қалыптастыру процессі, әрекет ететін эколкгиялық нормалардың қорғау тәсілі бойынша.

Экологиялық құқық құқық жүйесінің барлық компоненттерімен тығыз байланысты. Құқықтық қатынастардың негізгі белгілерін сипаттап көптеген қоршаған ортаны қорғау туралы заңдары бар республикамыздағы оның даму заңдылықтарын анықтау қажет.

Экологиялық құқықтың ерекшеліктері туралы сұрақты меңгерген кезде студенттер эколкгиялық құқықтың түсінігі туралы хабардар болулары керек.

Қазіргі кездегі экологиялық құқықтың жалпы сипаты мен оны құру туралы сұрақты қарастырған кезде жеке тарихи кезеңнің экологиялық құқық нормалары мен институттарына, сондай-ақ экологиялық қатынастардың жағдайына көп көңіл бөлу керек.

Қазіргі кездегі экологиялық құқықтың интенсивті дамуына да көңіл бөлу қажет.

“Экологиялық құқықтың қайнар көзі” туралы түсінікті аша отырып, негізгі қайнар көздер – заңдар, келісім шарттар, сондай-ақ құқықтың жалпы қағидаларының мәселелеріне де көңіл бөлу қажет.

Бақылау нысаны: жеке әңгімелесу.


2-тақырып. Табиғи ресурстарға меншік құқығы


  1. Табиғи ресурстарға меншіктің нысаны

  2. Табиғи ресурстарға меншік құқығының субъектілері мен объектілері

  3. Табиғи ресурстарға мемлекеттік және жеке меншік құқығы.



ӘДЕБИЕТТЕР:
Д.И.Платонов “Экологическое право России”. Москва, 1999г.

М.М.Бринчук “Экологическое право ”Москва, Юрист. 1999г.

“Қоршаған ортаны қорғау туралы ”ҚР заңы 15.07.1997 ж

Мақсаты:

1.Табиғи ресурстарға меншіктің түсінігі мен нысаны туралы студенттердің білімін кеңейту.

2. Табиғи ресурстарғаменшік құқығының субъектілері мен объектілері туралы сұрақтарды студенттер меңгеруі тиіс.

3. Жеке меншік пен мемлекеттік меншік құқықтары түсініктеріне студент нақты анықтама берулері тиіс.



Тапсырма:

Экологиялық құқықтың ерекшеліктері туралы сұрақты қойған кезде студенттер табиғи ресурстарға меншік нысаны туралы түсініктерді білулері тиіс. Табиғи ресурстарға меншік құқығының субъектілері мен объектілерітуралы сұрақтарды қарастырған кезде субъектілерге кімдерді жатқызу турлы түсініктерге көңіл бөлу тиіс. Меншік құқығы мен меншік құқығының объектілері. Табиғи ресурстарға мемлекеттік және жекеменшік құқықтары туралы сұрақтарға көңіл бөлу керек.


Бақылау нысаны: Конспектілеу.

3-тақырып. Табиғатты пайдалану құқығы.



  1. Табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және оның түрлері.

  2. Жалпы және арнайы табиғатты пайдалану құқығы.

  3. Табиғатты пайдаланудың қағидалары.


ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Д.Л.Байдельдинов «Экологическое законодательство РК». Алматы 1995 г.

2.Ю.В.Трунцевский Экологическое право России Москва, 1999г.

3.“Қоршаған ортаны қорғау туралы ”ҚР заңы 15.07.1997 ж


Мақсаты:
1.Табиғатты пайдалану дегеніміз не және оның қандай түрлері бар екенін студент білуі тиіс.

2. Студент жалпы табиғатты пайдалану және арнайы табиғатты пайдалану ға нақты анықтама берулері тиіс.

3. Студент табиғатты пайдаланудың қағидаларының түсінігі туралы хабардар болуы қажет.

Тапсырма:
Экологиялық құқық-бұл экологиялық қатынастарды мемлекеттік реттейтін құқық нормасының жүйесі. Экологиялық құқықтың басты институттарының бірі табиғатты пайдалану. Табиғатты пайдалану дың түсінігін қарастырған кезде оның үүрлеріне де көңіл бөлу керек.

Жалпы және арнайы табиғатты пайдалану сұрақтарын меңгеру барысында қандай жалпы табиғатты пайдалану сондай-ақ, арнайы табиғатты пайдалану дегеніміз не дегенге нақты анықтама беріп көңіл бөлу қажет және табиғатты пайдаланудың негізгі қағидаларын білулері тиіс.



Бақылаудың нысаны: Реферат.
4-тақырып. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың құқықтық негіздері.
1.Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың түсінігі мен түрлері.

2. Экологияның мемлекеттік басқарудың арнайы органдары жалпы құзіретті органдар.


ӘДЕБИЕТТЕР:
1.С.А.Боголюбовь «Экологическое право». М, 1999.

2.Д.Л.Байдельдинов «Экологическое законодательство РК». Алматы, 1995.

3.“Қоршаған ортаны қорғау туралы ”ҚР заңы 15.07.1997 ж

Мақсаты:



  1. Экологияны басқарудың құқықтық негіздері туралы сұрақты меңгерген кезде студенттер білімдерін кеңейту қажет.

  2. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды басқарудың түсінігі мен түрлері туралы сұрақты студенттің игеруін қамтамасыз ету керек.

  3. Экологияны мемлекеттік басқарудың жалпы құзіретті және арнайы органдарға қатысты сұрақтарға студенттердің жағымды көзқараста болуларын тәрбиелеу.


ТАПСЫРМА:
Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды басқарудың құқықтық негіздерін қарастыру.

Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды басқарудың түсінігін қарастырған кезде табиғатты пайдалануды басқарудың түрлеріжәне табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды басқарудың қандай түрлері бар екеніне көңіл аудару қажет.

Сондай-ақ студент экологияны мемлекеттік басқарудың жалпы құзіретті және арнайы органдарға қатысты сұрақтарға көңіл аудару керек.

5-тақырып. Экологиялық құқық бұзушылық үшін заңды жауапкершілік.


  1. Экологиялық құқық бұзушылық үшін заңды жауапкершіліктің түсінігі.

  2. Экологиялық құқық бұзушылық үшін тәртіптік және материалдық жауапкершілік.

  3. Экологиялық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік.

  4. Экологиялық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік.


Әдебиеттер:

1. А.А Кушумбаев «Экологическое право Республики Казахстан», Астана 2001 г.

2. В.Д.Ермаков, А.Я Сухарева «Экологическое право России», Москва, 1997г.

3. «ҚР Қылмыстық кодексі», Алматы Жеті Жарғы, 04.09.1997ж.

4. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексі, 30.01.2001 ж.
Мақсаты:

1.Экологиялық құқық бұзушылық үшін заңды жауапкершіліктің түсінігін ашу.

2.Студент тәртіптік және материалдық жауапкершіліктің не екенін түсіну қажет.

3.Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті ашу және меңгеру.


Тапсырма:

ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» және ҚР-ның қылмыстық кодексінен әкімшілік және қылмыстық ққұқық бұзушылықтың құрамын, экологиялық құқық бұзушылық пен қылмыс үшін қандай баптардың бар екенін қарастыру керек. Сондай-ақ «Еңбек туралы» заңды меңгерген жөн. Тәртіптік жауапкершілікті және құқық бұзушылықтың құрамын меңгерген кезде қандай жағдайда тұлға қылмыстық жауапкершілікке , қандай жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығына көңіл бөлу керек.

Берілген құқық бұзушылықтарды тергеу қандай мемлекеттік органдардың (ішкі істер органдары, қаржы полициясы және салық комитеті, кеден комитеті)құзіретіне жатқызылады.

Материалдық жауапкершілік айыппұл негізінде сипатталуы мүмкін, айыппұлдың айырықша белгілерін ашу қажет.


Бақылауу нысаны: Тәжірибелік сабаққа дайындалу.
6-тақырып. Халықаралық экологияялық құқық.
1.Халықаралық экологияялық құқықтың түсінігі

2.Халықаралық экологияялық құқықтың қағидалары, қайнар көздері.

3.Қазақстан Республикасыныңэкология саласымен басқа елдермен халықаралық ынтымақтастық.

4.Халықаралық экологгиялық ұйымдар. Халықаралық экологиялқ сот.


Әдебиеттер:

1.Б.В.Ерофеев «Экологическое право России», Москва-1996г.

2.А.А.Кушумбаев «Экологическое право РК», Астана-2001г.

3.“Қоршаған ортаны қорғау туралы ”ҚР заңы 15.07.1997 ж


Мақсаты:

1.Халықаралық экологиялық құқықтың қағидалары мен қайнар көздерінің түсінігн ашу.


Тапсырма:

Халықаралық экологиялық құқықта қатысушылардың заңдық теңдіктері туралы сұрақ осы тақырыпты меңгерген кезде ескерілуі керек.Экологиялық құқықтыұ қатынастар тек халықаралық экологиялық құқық саласындағы қоғамдық қатынастарды ғана емес, сондай-ақ, басқа да аралас құқық салаларыныңқатынастарын реттейді, өйткені қылмыстық, әкімшілік және жер құқықтарының арақатынастарына көңіл бөлулері тиіс.


Бақылау нысаны:Реферат.
7-тақырып. Құқықтық режим және жерлерді қорғау.
1.Жер жерді иелену, жерді пайдалану және жалдаудың құқықтық режимінің объектісі ретінде, жерге меншіктің құқықтық режимінің реттеу ерекшеліктері.

2.Жерлерді құқықтық қорғау.

3.Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік.

Әдебиеттер:

1.Д.Л.Байдельдинов «Экологическое законодательство РК»,Алматы-1995г.

2.С.А.Боголюбов «Экологическое право», Москва-1999г.

3.“Қоршаған ортаны қорғау туралы ”ҚР заңы 15.07.1997 ж

4.ҚР Жер кодексі 20.06.2003ж.

Мақсаты:

1.Жер қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін иерархиясын ашу.

2.Жер заңдарын бұзғаны үшін қандай заңды жауапкершілік туындайтынын ашу.

Тапсырма:

Жер жерді иеленудің құқықтық режимінің объектісі ретінде болуына түсінік беру, және жер учаскесін жалға беруге түсінік беру.Жерге меншіктің қоғамдық қатынастары қалай реттелетініне көңіл аудару қажет.Заңды жауапкершілікке де басты көңіл аудару керек. ҚР Әкімшілік кодексінде жер заңдарын бұзғаны үшінқандай баптар орын алған, сондай-ақ ҚР қылмыстық кодексті меңгеріп одан жерге байланысты қылмыстары бар баптарды жазып алу қажет.


Бақылау нысаны:Конспектілеу.

8- тақырып. Құқықтық режим және жер қойнауын қоғау.
1.Жер қойнауы жер қойнауын пайдаланудың құқықтық режимінің объектісі ретінде.

2.Жер қойнауын пайдаланудыңқұқығы мен түрлері.

3.Жер қойнауын құқықтық қорғау.

4.Жер қойнауы туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік.



Әдебиеттер:

1.В.В.Петров «Экологическое право России», М-1996г

2.А.А.Кушумбаев «Экологическое право РК»,Астана-2001г.

3.«Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы 27.01.1996ж.



Мақсаты:

1.Жер қойнауының түсінігі құқықтық реттеудің объектісі ретінде.

2.Студент жер қойнауын пайдаланушының құқықтары мен міндеттерінің түрлерін еске сақтап оны меңгеруі тиіс.
Тапсырма:
«Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығын қарастырылып, заңды меңгеру керек. Пайдалы қазбаларға оның ішінде таралған және таралмаған пайдалы қазбаларға, сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік құқықұ бұзушылықтардың құрамына көңіл аудару қажет., Қылмыстық кодексте экологиялық қылмыстар жеке бөлімде орын алған және қандай жағдайда тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылады,қандай жағдайда тұлға жер қойнауын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Бақылау нысаны: Жеке әңгімелесу.
9-тақырып. Құқықтық режим және суларды қорғау.
1.Су экологиялық қатынастардың объектісі ретінде және мемлекеттік су қорының құрамы, суды пайдаланудың құқықтық режимін мемлекеттік реттеу.

2.Су туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік.



Әдебиеттер:
1.Н.Н.Веденин «Экологическое право», Москва-1999г.

2.М.М.Бринчук «Экологическое право», Юрист Москва-1999г.

3. Д.Л.Байдельдинов «Экологическое законодательство РК» Алматы-1995г.

4.ҚР Су кодексі 09.07.2003ж.



Мақсаты:

1.Экологиялық қатынастардың және мемлекеттік су қорының объектісінің маңыздылығын ашу.

2.Студенттер судың қоғамдық қатынастары қалай реттелуін білулері тиіс.
Тапсырма:

Суды пайдаланудың құқықтық режимін туралы сұрақты қарастырған кезде мемлекеттік су қорының құрамына және қылмыстық және әкімшілік кодекстердегі су заңдылықтарын бұзған қылмыстардың құрамдарын меңгеру тиіс, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық кодекстердегі су заңдылықтарын бұзғаны үшін қолданылатын баптарды меңгерілері тиіс.


Бақылау нысаны: Реферат.

10-тақырып. Құқықтық режим және ормандарды қорғау.
1.Орман орманды пайдаланудың құқықтық режимінің объектісі ретінде.

2.Орманды пайдаланудың экологиялық-құқықтық режимнің мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері.

3.Орманды пайдаланудың құқықтары мен оның түрлері.

4.Ормандарды құқықтық қорғау.

5.Ормандарды қорғаумен пайдаланудың заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік.

Әдебиеттер:

1.Н.В.Кузнецов «Экологическое право», Москва-2000г.

2.В.Д.Ермаков, А.Я.Сухарев «Экологическое право России»

3.ҚР Орман кодексі 08.07.2003ж.



Мақсаты:


  1. Орманды пайдаланудың құқықтық режимінің түсінігін ашу.

  2. Студент орманды пайдалану түрлері қандай болатынын ашуы крек.

Тапсырма:


Экологиялық құқық – бұл экологиялық қатынастарды мемлекеттік реттеумен байланысты құқытық нормалардың жүйесі. Оның бір институты ретінде ормандардың құқықтық режимі мен қорға уболып табылады. Оны жеке пән ретінде қарастыруға болыды. Студен бұл тақырыпты қарастырған кезде орманды пайдаланудың құқытық режимін, ерекшеліктеріне көніл бөлуі керек. Орманды пайдаланудың түрлерін білуі керек. Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексте орман заңнамасын бұзған үшін қандай жауаптылық көзделгенін білуі керек.
Бақылау нысаны: конспект.
11-тақырып. Жануарлар дүниесін пайдаланудың құқықтық режимі.
1.Жануарлар дүниесі экологиялық құқықтық режимнің объектісі ретінде, жануарлар дүниесін экологиялық құқықтық реттеудің ерекшеліктері.

2.Жануарлар дүниесін пайдалану құқығы мен оның түрлері.

3.Жануарлар дүниесін құқықтық қорғау, жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану туралы заңнаманы бұзған үшін жауаптылық.
Әдебиеттер:

1.А.А.Кушумбаев «Экологическое право РК»,- Астана-2001г.

2.Ю.В. Трунцевский «Экологическое право России»,-Москва. 1999г.

3. «Жануарлар дүниесін пайдалану, қорғау тарлы» ҚР Заңы 21.01.1993ж.



Мақсаты:
1. Экологиялық құқықтың объектісі ретінде жануарлар дүниесін ашу.

2. Студент экологиялық құқықта қандай жануарлар дүниесі құқықтық реттеуге жатады.


Тапсырма:
Тақырыпты қарастыру барысында жануарлар дүниесінің түріне көніл бөлу. Сондай-ақ жануарлар дүниесін құқықтық қорғауға және жануарлар дүниесін бұзған үшін жауаптылыққа тоқталып өту керек.

Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексте браконьерлік туралы қандай баптар бар. Заңсыз аңшылық үшін ҚР заңнамасы бойынша қандай жауаптылық көзделген


Бақылау нысаны: реферат.

12-тақырып. Атмосфералық ауаның құқықтық режимі және оны қрғау.
1.Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық механизмі.

2.Экологиялық бақылау, экологиялық мониторингтің біріңғай мемлекеттік жүйесі.

3.Озон қабатының маңызы.

4.Атмосфералық ауа туралы заңнаманы бұзған үшін жауаптылық.



Әдебиеттер:

1Д.Л.Байдельдинов «Экологическое законодательство РК»,-Алматы.-1995г.

2.М.М.Бринчук «Экологическое право»,Москва-1999г.

3.Н.В.Кузнецов «Экологическое право», Москва-2000г.

3. «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» ҚР Заңы 2002 ж. 11 наурыз.
Мақсаты:
Атмосфералық ауаны маңызын ашу.
Тапсырма:
Бұл сұрақты қарастыру барысында озон қабаты не деген сұраққа назар аударған жөн. Сондай-ақ шум мен радиация адамдарға қалай әсер ететінің анықтау қажет. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңнаманы бұзған үшін қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексте қандай жауапкершілік көзделгеніне көніл бөлген жөн.

Бақылау нысаны: реферат.

13-тақырып. Ерекше қорғалатын табиғи, емдеу, рекреациялық және тарихи-мәдени бағыттағы аумақтардың құқықтық режимі.
1.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түсінігі мен түрлері.

2.Мемлекеттік табиғи қорық және табиғат ескерткіштері.

3.Емдеу-сауықтыру жерлері.

4.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнаманы бұзған үшін жауаптылық.


Әдебиеттер:

1Д.Л.Байдельдинов «Экологическое законодательство РК»,-Алматы.-1995г.

2.М.М.Бринчук «Экологическое право»,Москва-1999г.

3.Н.В.Кузнецов «Экологическое право», Москва-2000г.


4. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» ҚР Заңы 19972 ж. 15 шілде.
Мақсаты:


  1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық режимін ашу.

  2. Студент сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени бағыттағы аумақтарды меңгеру


Тапсырма:
Бұл сұрақты қарастыру барысында рекреациялық ерекше қорғалатын аумақ не деген сұраққа, сауықтыру және рекреациялықбағыттағы аумақтар арасындағы айырмашылыққа назар аударған жөн. Сондай-ақ тарихи-мәдени бағыттағы аумақтар дегеніміз не, Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлерін білуі керек. шум мен радиация адамдарға қалай әсер ететінің анықтау қажет. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ туралы заңнаманы бұзған үшін қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексте қандай жауапкершілік көзделгеніне көніл бөлген жөн.

Бақылау нысаны: реферат.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет