Материалдармен әдістер Зерттеу 2023 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің
«Егіншілік және өсімдік шаруашылығы» кафедрасының базасында жүргізілді.
Зерттеу нысандары ретінде майбұршақтың шығу тегі әртүрлі коллекциясынан Қытай селек-
циясынан - 22 дана, Ресей селекциясының сорттарынан - 9 дана және отандық селекцияның сорт-
тарынан - 50 дана пайдаланылды.
Майбұршақтың шетелдік және отандық 81 үлгіден құралған коллекциясына суыққа
төзімділікке және сезімталдыққа зертханалық скрининг жүргізілді. Скринингтен өткізу үшін
жұмыстарда Schuab S. R. P. және т.. ұсынған әдістеме қолданылды [21].
Тұқымдағы зиянды микрофлораны жою үшін ең алдымен 50 дана мөлшеріндегі тұқым
үлгілерін 95 % спиртке 5-10 минутқа батырылғаннан кейін, үш рет тазартылған сумен жу-
ылды. Тұқымдарды сүзгі қағаздан жасалған роликте көктету әдісі қолданылды. Өлшемі
16-100 см болатын полиэтилен пленкасының жолағына бірдей мөлшердегі сүзгі қағазы қойылып,
ылғалдандырылды. Бастапқы сызық бойымен жолақтың жоғарғы шетінен 5 см қашықтықта
50 тұқым ораналастырылды және үстінен ылғалданған сүзгі қағазбен жабылды. Содан кейін дай-
ын болған орамның жоғарғы қабатын ұстап тұрып, төменгі ұшымен 2-2,5 см қабаты бар су ыдысына
орналастырылды.
Бақылау нұсқалары термостатта 25±1 ºС температурада өніп шықты, ал тәжірибе нұсқалары
5 күн ішінде 10±1 ºС төмен оң температурамен әсер етілді, содан кейін термостатқа ауыстырылып
және төрт күн бойы бақылаумен бірге өніп шықты. Өну кезеңінде қағаздың температурасы мен
ылғалдылығы бақыланып отырды. Суыққа төзімділік скринингі HL-250 «POZIS» зертханалық
тоңазытқышында жүргізілді. 9-шы күні зерттелген майбұршақ сорттарының суыққа төзімділігі
мен сезімталдығы бағаланды.
Суыққа төзімділік тұқымның өну дәрежесі (GP, %), өну жылдамдығы (SE) [22], өну
жылдамдығы индексі (SEI) [23] және өну жылдамдығы коэффициенті (SEC) [24] бойынша келесі
формулаларды қолдана отырып анықталды:
(1)
мұндағы, G-өнген тұқымдардың саны, ал 50-тұқымдардың жалпы саны.
(2)
SE-өскіннің өну жылдамдығы (күн); G - әр есепте байқалатын пайда болған егін көгінің саны;
N - әр санаудағы күндердің саны
(3)
SEI-өну жылдамдығының индексі; G және N- өну жылдамдығының формуласында
көрсетілгендей
(4)
79
ВЕСТНИК НАУКИ КАЗАХСКОГО АГРОТЕХНИЧЕСКОГО ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКОГО УНИВЕРСИТЕТА ИМЕНИ С.СЕЙФУЛЛИНА № 1 (120) 2024
ISSN 2710-3757, ISSN 2079-939Х, СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫЕ НАУКИ