Долон ауылдық округі әкімінің әлеуметтік- экономикалық дамуы және 2016 жылғы арналған міндеттер туралы Қазақстан Республикасның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»



жүктеу 50.18 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі50.18 Kb.
Долон ауылдық округі әкімінің әлеуметтік- экономикалық дамуы және 2016 жылғы арналған міндеттер туралы
Қазақстан Республикасның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» саясатын қолдай отырып, округ тұрғындары жолдауда қолылған міндеттердің орындалуы мен жүзеге асуына өз үлестерін салуда. 2015 жылдың 12 ай ішінде округ бойынша бюджеттін күшеюі мен тұрғындардың өмір салтын жақсарту жолында бірнеше жұмыстар жасалған.

Долон ауылдық округiне қарасты төрт елдi мекен Долон ауылы, Бөдене Мостик орман шаруашылығы, Черемушка ауылы бар. Округ бойынша барлығы 1421 адам, оның iшiнде Долон ауылында 505 адам, Бодене ауылында 421 адам, Мостик орман шаруашылығында 386 адам және Черемушка ауылында 109 адам тұрады. Мектеп жасына дейiн 84 бала, мектеп жасындағы оқушылар саны 212, 16-29 жастағы жастар саны 343 адам, зейнеткерлiк жастағылар 341 адам тұрады. Ауылдық округтен көшу-қоныстануы: кеткендер саны 8 адам болса, келгендер саны 30 адамды құрады. Қайтыс болғандар саны 19 адам болса, 23 нәресте дүниеге келдi.

Округте 1 орман шаруашылығы, 3 орта мектеп, бiр дәрiгерлiк амбулатория, екi фельдшерлiк пункт, оның iшiнде 5 медициналық қызметкер 3 жұмысшы жұмыс iстейдi. Бiр жедел жәрдем автокөлiгi бар.

Ауыл шаруашылығы

Ауылшаруашылығы және фермерлікті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау- Президент қойған маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Ауылдық округте барлығы 72 шаруа және фермер қожалықтары бар.

Ет өнімдері-7958 цн., сүт-37778 цн., жұмыртқа-209879 дана. 2014 жылмен салыстырғанда: ет-238 цн., сүт-817 цн., жұмырқа-4,4 пайызға өскен.

Ауылшаруашылығы малдары, оның ішінде ірі қара мал- 4150, ұсақ мүйізді мал- 6738, жылқы- 1888, құс- 2134, шошқа - 72 басты құрайды. 2014 жылмен салыстырғанда ірі қара мал- 83 басқа өскен, ұсақ мүйізді мал- 1300 басқа азайған. Азаю себебі «Балажал» шаруа қожалығы барлық 1300 ұсақ мүйізді малдарын сату себебінде, жылқы алдыңғы жылмен бір деңгейде, құс- 820 басқа өскен.

Мал шаруашылығымен 25 шаруашылық айналасады. 2014 жылы шаруа қожалықтарымен 33,0 га бакша егіліп, одан 7260,0 цен, картоп 63 га егіліп, 12915 цн алынды, көкеніс-25,5 га егіліп, 7268,0 цн егін жиналса, 2015 жылдың көктемінде картоп 68,4 егіліп, 14090 цн, көкеніс 12,0 га егіліп, 3600,0 цн, 6,0 га бакша егіліп, одан 1920,0 цен. егін жиналды.

Қатаң мал азығы- 9300 тоннаға жоспарланған,орындалуы- 9400 тонна.

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңын орындау мақсатында 2015 жылы жоспар бойынша ауылшаруашылығы малдарын егу, серологиялық тексеру және бірдейлендіру жұмыстары толығымен жүргізілді.

Округ бойынша 2 мал сою алаңы бар, 1 мал сою алаңы Долон ауылында,

2014 жылы маусым айында Бөдене ауылында ш/к «Алмас» өз күшімен жанадан бір қарапайым мал сою алаңын ашты.

«Бестерек» фермерлік шаруашылығы өз қаражатынан Ұлан ауданынан 11 млн 900 мын теңгеге асыл тұқымды 38 бас ІҚМ сатып алса, «Мадина» шаруа қожалығы 1 млн 412 мын теңгеге 2 бас, «Жас Талап» ш/қ 839 00 теңгеге 2 бас, «Ақжол» шаруа қожалығы 3 млн 690 мың теңгеге Семей трактор зауытынан трактор сатып алған. 2015 жылда барлық құйылған инвестиция көлемі 17 млн 841 тың теңге. 2015 жылда округте жаңа 3 шаруа қожалықтары ашылды. Субсидия түрінде мемлекеттен мал шаруашылығын дамыту үшін 51 млн 412 мың теңге бөлінді.
Кіші және орта бизнес
2016 жылдың 1 қаңтары күйінде округ бойынша 8 дүкен, 1 дүңгіршек, 1 наубайхана, 1 халық аспаптарын жасау цехы жұмыс істейді. Округ кәсіпкері Б.З. Шамамбай тұрақтандыру қорынан 11 тонна ұн алып, округ тұрғындарына таратты.

Жұмыспен қамту
2015 жылы жұмыспен қамту орталығында 3 жұмыссыз тіркелген, ақылы қоғамдық жұмыстарға 3 адам тартылған.

3 отбасы оңтүстік Қазақстаннан көшіп келіп, өсімдік шаруашылығын дамыту үшін 6 млн теңге кредит алған. 2016 жылы көкеніс өсіру үшін жылыжай құруды жоспарлауда. Ол үшін 81,5 га жер бөлінген.

Жұмыспен қамту орталығынан Бесқарағай коледжінде округтен 11 бала есепші, ағаш ұстасы, шаштараз тағы басқа мамандықтар бойынша білім алуда.

Округ бойынша 13 аз қамтылған отбасы бар оның ішінде 47 бала, 3 отбасыдан 16 бала 18 жасқа дейінгі мемлекеттік жәрдемақы алады. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Округте 33 тың еңбеккері, 8 көп балалы ана, Алтын алқа- 22, Күміс алқа – 24, 1- Ана Даңқы медалінің иегері бар.

Білім беру

Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша округте 3 орта мектеп бар, 53 жоғары білімді мұғалімдер жұмыс істейді, 200 оқушы дәріс алады. 2015 жылдың қыркүйек айында Мостик ауылында 80 оқушыға арналған жаңа мектеп ашылды. Мектепте балаларды тасуға арналған автобус бар.

Бірыңғай ұлттық тестілеуге округ мектептері бойынша 6 бала қатысып, орташа көрсеткіш 86,8 балл болды. 2014 жылы 73,7 бал болған. Долон орта мектебіне жаңа 5 оқытушы, Мостик орта мектебіне -2, Бөдене орта мектебіне 3 оқытушы жұмысқа орналты. Округ мектептерінде 58 баланы қамтитын толық күнді шағын орталықтар жұмыс істейді. Даярлық топтарында 22 бала оқиды. Тегін тамақпен 105 оқушы қамтамасыз етілген. Жыл бойы аптасына 2 реттен әр балаға 20гр бал беріледі. Мектептерде жасөспірімдер арасында нашақорлыққа, құқық бұзушылыққа қарсы іс –шаралар бекітіліп, тұрақты жұмыс жүргізіліп тұрады. 48 оқушыға 112 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Мектептердің спорт залында волейбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, дойбы, күрес, тоғыз құмалақ секциялары жұмыс істейді. Көркемөнерпаздар үйірмесі мереке күндері, айтулы даталарда ауыл тұрғындарына, аудандық мәдениет үйінің сахнасында өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп жүр.

Округ мектептерінде жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп, барлық мектептерге қатты отын, ағаш және жанар-жағар май толық көлемде жеткізілген.



Денсаулық сақтау:

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің № 145 бұйрығы негізінде тұрғындардың жекелеген санаттары профилактикалық тексеруден өткізілді. 2015 жылы скрининг бойынша тұрғындардан жалпы ауруын анықтауда 667 адам тексерілді. Хирургтен 103, гастроэнторологтан-112, эндоскопистан-157, УЗИден- 625, гинекологтан -65, эндокринологтан- 75, ЭКГдан-337, маммологтан 61, ішкікөз қысымынан-102 адам толығымен тексерістен өтті. Туберкулездің алдын алу мақсатында Семей қаласынан жылжымалы флюорограф әкелініп, округтің 725 тұрғыны флюорографиялық тексеруден өткізілді.

Соңғы 5 жылда ана өлімі тіркелген жоқ, округте дүниеге бала туу көрсеткіші 2 пайызға өсті

Инфрақұрылымды дамыту бойынша атқарылған жұмыстар:

Көшелерді жарықтандыру:

Округ бойынша 68 көше шамы орнатылды, қаржыландыру көзі- аудандық бюджет.

Санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді, көктемгі-күзгі кезеңде қоқыс шығарылды, қаржыландыру көзі- аудандық бюджет.

«Чистая пятница», «Сенбіліктер» өткізіліп, жеке меншік аулаларда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде. «Семей орманы» МОТР мемлекеттік мекемесінің Долон филиалында «Марш парков» өткізілді.

«Аумақты дамыту» бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен 1 млн 300 мың теңге Долон және Бөдене ауылдарында бала алаңын құру үшін жұмсалған. Бюджетке жергілікті салықтан түскен түсім көлемі -592 880 мың теңге. Саяси-қоғамдық басылымдарға жазылу жұмыстары жоғары дәрежеде өтеді.



Құқық сақтау тәртібі.

Құқық бұзушылықтың алдын алуда округ тұрғындары арасында белсенді рөл атқаратын әйелдер кеңесі, Ардагерлер кеңесі және Сарбаздар тобы жұмыс істейді. Демалыс және мереке күндері кешкі кезекшіліктер ұйымдастырылады, сондай-ақ түнгі мезгілде көшеде жүрген кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыстар жүргізіледі.

Округте 7 адамнан құралған Елбасының Жолдауын түсіндіріп, насихаттайтын ақпараттық-насихаттау тобы жұмыс істейді.

2014 жылға арналған міндеттер:

- Мостик ауылының орталық көшесін абаттандыру;

- Көше шамдарын құру және жөндеу;

- Мостик ауылындағы ескі мектепті іс-шаралар өткізу үшін ауылдық округтің балансына қою;



- Долон ауылындағы Мәдениет үйі мен Тұрмыстық комбинатын жаңа қалпына келтіру жұмыстары туралы сұрақты шешу;

Долон ауылдық округінің әкімі Н.Абдрахманов


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет