Долон ауылдық округі әкімінің есебінің тезистері



Дата17.07.2016
өлшемі47.02 Kb.
Долон ауылдық округі әкімінің есебінің тезистері.
Долон ауылдық округі бойынша 2013 жылдың 1 қаңтарына халық саны- 1603 адам, шаруашылық аулалары- 481.

2013 жылдың 1 қаңтарына округ бойынша мал басы саны құрайды: ІҚМ- 3500 бас 2012 жылмен салыстырғанда- 2%, ҰМ- 7231 бас- 2 %, жылқы 1300 бас- 4,8 % көп, шошқа мен құс басы саны өткен 2012 жылдағыдай.

2013 жылдың 1 қаңтарына мал шаруашылығы өнімдерінің өндірілгені және сатылғаны: ет – 7605,0 центнер 2012 жылмен салыстырғанда өскені- 1,7 %, сүт- 35997 центнер өскені- 1,9 %, жүн- 280 центнер өткен жылмен бірдей, жұмыртқа 188,1 мың дана өскені- 0,6 %.

Округ бойынша егілген картоп- 63 га, көкөніс- 31 га, бақша дақылдары- 27,5 га. Округ бойынша 9400 тонна қатаң мал азығы дайындалды, жоспар бойынша- 9300 тонна.

Округ бойынша 1 қарапайым мал сою алаңы Долон ауылында «Даулет» фермер қожалығында- басшысы Ахметов Е.М.өз жұмысын жүргізуде. Барлық ауылдарда

мал қорымдары бар. Округ бойынша 2011- 2012 жылдармен салыстырғанда сарып ауруы 99,8 % дейін азайды.

Бюджеттен жыл сайын қоқыстарды үюге және қаңғыбас жануарларды аулауға қаражат бөлініп, барлық ауылдарға үлестіріледі. Қоқыс үю орындары белгіленген. Көрсеткіш тақтайшалар жаңаланып, ауыстыру жұмыстары жүргізілу үстінде. Ауыл көшелерін жарықтандыру бағдарламасына сәйкес 2013 жылдың 9 айында қосымша 15 фонар: Долон ауылында- 5, Бөдене ауылында- 5, Мостик ауылында- 3, Черемушка ауылында- 2 орнатылған.

Округ бойынша 75 шаруа қожалықтары бар, оның ішінде мал шаруашылығымен айналысатыны- 25, соның ішінде- 6 шаруа қожалықтары 9 бас асыл тұқымды бұқа, 600 бас қазақи қойды мемлекеттік несиемен сатып алды.

Жұмыспен қамту- 2020 бағдарламасы бойынша мал шаруашылы

ғын дамытуға шаруа қожалықтары «Гүлшат», «Жана-Күш», Бөдене ауылының тұрғыны Смагулова Д. 5,5 млн.тенге көлемінде несие алды, тағы да ш\қ «Жанажол», «Акан-Ата», ф\қ Ким Э.А. 8,5 млн. тенгеге несие алуды рәсімдеу үстінде. Ауыл жастары оқуға жіберілді: құрылыс колледжіне- 1 адам, мамандығы- «электрогазосварщик», электротехникалық колледжге- 3 адам, мамандықтары- «ток жүйесі және электр құралдарының электрмонтажнигі». Бесқарағай ауылында колледжде 6 адам оқиды.

7 сауда орталығы, музыкалық аспап жасайтын цех , Мостик ауылында шағын наубайхана жұмыс істейді. Онда әртүрлі нан, тоқаш өнімдері пісіріліп, өндіріледі.

2013 жылда округ бойынша жер салығы- 100 пайызға, мүлік салығы -100 пайызға , көлік салығы-100 пайызға орындалды. Мемлекеттен округтің барлық ұйымдарына бөлінген

бюджет қаражаттары 2012 жылы 100 пайызға, 2013 жылдың 9 айында 99,9 пайызға игерілді

Округ бойынша жұмыспен қамту орталығында 3 адам тіркелген. Қоғамдық ақылы жұмыстарға 3 адам тартылған. 2013 жылдың мамыр айында «Семей орманы» МОТР мемелекеттік мекемесіне жазғы уақытша жұмыстарға 39 адам, Бөдене орта мектебіне – 3 адам орналасты.

Округ бойынша 1 дәрігерлік амбулатория және 2 медициналық пункт бар. 2012 жылда 19 нәресте дүниеге келді, 31 адам қайтыс болды. 2013 жылдың 9 айында 11 нәресте дүниеге келді, 9 адам қайтыс болды. «Салауатты Қазақстан-2015» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында қазан айында округтің барлық тұрғындарын қамтыған скрининг өткізу жоспарланып отыр.

Округте барлық тарихи атаулы мерекелерде мәдени-іс шаралар жүргізіледі.

1 мамыр- ынтымақ күні ауыл тұрғындарымен мектеп оқушылары салтанатты шеруге шығады, концерттік бағдарлама қойылады. 9 мамыр -Жеңіс күні барлық ауылдарда митингілер өткізіліп, ескерткіштерге гүл шоқтары қойылады. Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің қатысуымен ескерткіштер маңайында ағаш көшеттері отырғызылған.

Біздің жастарымыз әр түрлі мәдени-іс шараларға белсене қатысады., 2013 жылдың тамыз айында «Ертістің таза жағалауы» атты акция өткізілді. Оған студенттер, 9-11 сынып оқушылары, мектеп, әкімшілік, орман шаруашылығы ұжымдарының қызметкерлері, аудандық «Нұр Отан» ХДП филиалының өкілдері қатысты. Пайдалы еңбекті мәдени дем алумен бірлестіре отырып, спорттық ойындар өткізілді, жеңімпаздарға сыйлықтар үлестірілді.

Бұл акция жастарды патриоттық тәрбиелеу, ауылдық елді мекендерді жақсарту, жастардың бос уақыттарын пайдалы да көнілді ұйымдастыру мақсатында өткізілді. Жағалауды тазалаумен қатар апта сайын сайын сенбіліктер және округтің орманшылықтарында парктер қатары атты ағаш отырғызу салты өтті.

Округ бойынша жасы ұлғайған қарттарға, Ұлы Отан соғысына қатысқандарға, тыл еңбеккерлеріне, күн көрісі төмен отбасыларға аса назар аударылады. 2013 жылдың 1 қазанында «Қарттар күніне» орай егде адамдар сергектік қуат алып, көңіл- күйлерін көтеретін концерттік бағдарлама қойылып, мерекелік дастархан жайылды. Төрт ауыл бойынша 121 қарт адам шақырылды, демеушілер: «Гульшат» шаруа қожалығы- басшысы Арынов А, ЖК Жакиянова Г, Сапина Ж, Арынова Л. Мостик ауылында демеушісі –«Семей орманы» ұжымы қарттарға үстел жайып, естелік сыйлықтар үлестірді. –«Семей орманы» ұжымы барлық жалғызбасты зейнеткерлерге жеңілдік бағамен отын, ал Бөдене ауылының ш\қ «», «» зейнеткерлерге шөп түсіріп берді.

Жыл сайын мүмкіндіктері шектеулі жарымжан балаларға медициналық тексеруден өтулеріне көмек көрсетіліп, олар «Балаларды қорғау күніне» арналған «Ақ қайын»- фестиваліне барып қайтты.

Округте жалғыс басты зейнеткерлер мен жарымжан балаларға қызмет көрсететін әлеуметтік жұмысшылар бар. Олар аптасына 2 рет осы адамдарға барып , жағдайларын біліп, қажетті көмегін көрсетеді.

Мұқтаж жанұялар округ бойынша - 11, немесе 34 адам. Жергілікті бюджеттен оларға мемлекеттік балалар жәрдемақысы – 165,5 мын теңге төленді.

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес біздің округте 3 орта мектеп жұмыс істейді, 266 бала оқиды. 2012 жылы ҰБТ –ның қорытындылары округ бойынша - 60,3 балл, 2013 жылы- 63,0 балл. Долон орта мектебінде аудан көлемінде «Ақ қайың» балалар фестивалі мен мектеп оқушылары арасында Бөкеев оқулары өтті. Долон орта мектебінде шеберхана ашуға жобалау құжаттары дайындалуда.

2013 жылы Мостик ауылында жаңа 80 орындық мектеп салу жоспарланған. Округ мектептерінде жағдайы төмен отбасылары

ның балалары мен 1-4 сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беру ұйымдастырылған. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында барлық мектептерде волейбол, баскетбол, футбол секциялары жұмыс істеуде.

2013- 2017 жылдары даму бағдарламасы бойынша «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 2014 жылы ш\қ «Алмас»- басшысы Молдабаев К.Т. Бөдене ауылында ескі спортзал ғимаратын мәдени шаралар (жастардың бос уақытын және т.б.) өткізуге жөндеуді жоспарлап отыр. Шығын көлемі- 1000 000 тенге.

2014 жылы Черемушка ауылында «Акан- Ата» ш\қ басшысы Нургалиев Б.А. демеушілік көрсетіп, ветеринарлық іс-шара жүргізуге арналған шарбақ орнатады.

Округ бойынша шаруа қожалықтарының демеушілігімен балалар алаңын салу жоспарланған.

2014 жылы Бөдене ауылында ұзындығы 0,5 км жергілікті маңызды жолды қиыршық таспен нақыштау жоспарланған. Қаражатпен демеуші «Мадина» ш\қ басшысы- Байуакова Д.М.

Сонымен катар біз шаруақожалықтары арасында, жеке кәсіпкер

лер арасында шаруашылықтарды ірілендіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін цехтар ашу, өкіметтен жәрдем ақша (субсидия) алу үшін шаруашылықтағы мал басын есепке кіргізу жөнінде үлкен ағарту жұмыстарын жүргіземіз.

Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған жолдау бағдарламаларын іске асыра отырып, өмір сүру денгейін көтеру үшін жаңадан жұмыс орындарын аша отырып, бәріміз бір кісідей жұмыла еңбектенуіміз керек,

2012 жылы ауылдық округтің әкімінің есебінде айтылған барлық ескертулер мен ұсыныстар орындалған.



Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет