Домна өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары Жалпы талаптар



бет1/5
Дата12.06.2016
өлшемі403.5 Kb.
#130645
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2009 жылы «26» ақпандағы

№ 36 бұйрығымен

бекітілген

Домна өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

1. Жалпы талаптар
1. Талап домна цехтарын (пештерін) жобалау құрылысына, қайта құруға, пайдалануға, оларға қажетті құрал-жабдықтарды жобалауға және дайындауға таратылады.

Домна пештерінің құрылысын қайта құру және жөндеу кезінде, соның ішінде қопарылу қаупі бар құралдарды қалыптастыруға алып келетін жобалау өлшемдерінің асып кетуі және технологиялық үрдістердің өзгеруі, домна пештерін пайдалану кезіндегі негізгі өлшемдердің өзгеруі болған кезде жобадан бас тартылады.

2. Жаңадан жабдықталған және қайта құрылған домна цехтарын (пештерін) пайдалануға қабылдау Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары және жобалау 1.03-06-2002 Талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Осы Талаптан ауытқуы бар жаңа және қайта құрылған домна цехтарын (пештерін) пайдалану үшін қабылдауға жол берілмейді.

Өндірістік ғимараттар мен үймереттердің жұмыс істеу жағдайын техникалық бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіндегі құрылыс істері жөніндегі Комитеттің 2004 жылғы 5 ақпандағы № 42 бұйрығымен бекітілген «Ғимараттар мен үймереттердің күйіне техникалық қадағалау ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылады.

3. Осы Талап негізінде ұйымның техникалық басшылығымен технологиялық регламенттер әзірленеді және бекітіледі.

4. Технологиялық регламенттер технологиялық үрдістер немесе жұмыс жағдайлары өзгергенде, жаңа құрал-жабдықты қолданғанда, талаптар мен нормалар өзгергенде қайта қаралады.

Жұмыс өндірісіне қызметкерлерді дайындау өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіледі.

5. Әрбір домна цехында техникалық басшымен бекітілген наряд-шақтама бойынша орындалатын қауіпті жұмыстар тізбесі құрылады.

6. Домна цехында жұмыс істейтіндер бекітілген нормалар бойынша арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, жеке қорғаныс құралдарымен, сақтандыру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Жұмыс істейтіндерге берілетін арнайы киім және арнайы аяқ киім стандарттарға және талап етілетін өлшемдерге сәйкес келеді.

Сәйкес арнайы киім, арнайы аяқ киім және жеке қорғаныс құралдары жоқ тұлғалар жұмысқа жіберілмейді.

7. Арнайы киім, арнайы аяқ киім, жеке қорғау құралдарын беру, сақтау және пайдалану, жуу, дезинфекция және жөндеу тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбек министрінің 1997 жылғы 2 маусымдағы № 90-П бұйрығымен бекітілген Арнайы киім, арнайы аяқ киім, басқа да жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес іске асырылады.

8. Цех аумағындағы жұмысшылардың негізгі жүру ағындарымен цех көлігінің қарқынды қозғалу жолдарының бірігуіне жол берілмейді.

Қауіпті орындарда қажетті дыбыстық, жарықтық дабыл бергіштер немесе алдын ала ескерту және нұсқаулық плакаттар (жазбалар) ілінеді. Аталған плакаттар жүйелі түрде жаңартылады; дабыл бергіштер жұмысы кезеңдік тексеріліп тұрады.

9. Домна цехындағы құрал-жабдықтарды орналасуына байланысты жұмысшылардың қауіпсіздігін, қызмет көрсету және жөндеу ыңғайлылығы қамтамасыз етіледі.

10. Жұмыс орындарында бөгде адамдардың болуына рұқсат етілмейді.

Домна цехындағы барлық нысандарға, оның ішінде домна пешіне, ауа қыздырғышқа, газ және ауа өткізу жүйелеріне, ғимараттарға, үймереттер мен түтін құбырларына техникалық төлқұжаттар дайындалады және жүргізіледі.



2. Домна цехтарының аумағы және орналасуы
11. Жобаланатын цехтар үшін өндірістік ғимараттарының, қойма үймереттерінің жанына теміржол жолдарды орналастыру МСТ 9238-83 сәйкес іске асырылады.

Істеп тұрған цехтарда габариттерді нормативтік шамаға келтіру мүмкін болмаған жағдайда габариттердің бұзылғандығын алдын ала ескертетін дыбыстық дабыл бергіш орналастыру қарастырылады.

12. Домна пештерін жобалаған кезде шойын және қожға арналған екі жол болса екі жолдың әрқайсысы өтпелі болуы қарастырылады.

Құю ауласының әрбір жағынан екеуден орналастырылған шойын үшін төрт орнату жолдары және осылайша құю ауласының әрбір жағынан екеуден орналастырылған қож үшін төрт орнату жолдары болғанда барлық жолдар орналасуын тупиктік етуге рұқсат етіледі.

13. Құю ауласы шеңберіндегі қож тасымалдау және шойын тасымалдау орнатылған жолдардың үстінен шатырлар немесе шөміштерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне жол бермеу мақсатында арнайы қалқандар орнатылады.

14. Шаң аулағыштардан шаңды жинау үшін теміржол жолдары тәуелсіз орнатылады. Шаң жинағыштардан шаңды жинауға арналған жолдарды шойын және қож үшін орнатуға жол берілмейді. Оларды құю ауласымен құрал-жабдықтар және қосалқы материалдарды жіберу үшін қолдануға рұқсат етіледі.

15. Суық қожды және скрапты жинау үшін, сонымен қатар қайта салынып жатқан құйма ауласын жағармай материалдарымен қамтамасыз ету үшін жолдарға арнайы келу жолдары орнатылады.

16. Теміржол жолдарының адамдардың көп өтетін орындарда өтетін көпірлер немесе туннельдер орнатылады. Қалған өткелдер рельстер бүршігімен деңгейлес төселген төсемдер және сәйкес қоршаулармен және дабылдармен жабдықталған. Цехтарда кәсіпорын және цехтар аумағы бойынша жаяу жүргіншілер қозғалысының сызбасы ілінеді

Адамдардың жолы қиып өтуі бекітілген орындар арқылы ғана өтуге рұқсат етіледі.

17. Адамдар барлық цехтарды жағалай өту үшін теміржол жолдары арқылы өтетін әрбір домна пешімен қатынасатын көпірлі өткелдері бар галерея қаралады.

Адамдардың бір домна пешінен екіншісіне өту және пештен бункерге өту үшін көпірлі өткелдер орнатылады.

18. Теміржол жолдарды қалқалауға және ауқымдарды үйіп тастауға тыйым салынады.

19. Домна пешінің аумағындағы жаяу жүру жолдары және жолдар асфальттанады. Жазғы уақыттарда оларды сумен суарып, ал қысқы уақыттарда қардан және мұздан тазартады. Жолдарға және кішірек жолдарға көк тайғақ кезінде құмдар немесе ұсақ қождар себіледі. Цехтың асфальтталмаған телімдері көгалдандырылады.

Цехтың жұмыс орындарына және аумақтарына металл, өндірістің қоқыстары немесе қалдықтарды үйіп тастауға жол берілмейді.

Цехтардың аумақтарында уақытша шұңқырлар мен жыралар жабулы болады немесе қоршалады.

Цехтардың аумағы және теміржол арқылы өтетін барлық өткелдер жарықтандырылады.



3. Алаңдар және сатылар
20. 2 м және одан жоғары биіктікте орналасқан ысырмаларға, шиберлерге, дроссельді құрылғыларға және басқа арматураларға қызмет көрсету үшін оларға стационар алаңдар және сатылар орнатылады.

Жердің (алаңның) бетінен 0,5 м жоғары биіктікте орналасқан ауыспалы алаңдар (көпірлершелер) сатылармен жабдықталады. Аталған алаңдар мен сатыларда оларға арналған төменнен жоғары қарай 0,14 м бойынша биіктік 1 м тегіс қапталған перила түрінде қоршаулармен қоршалады (осы Талаптың 29 тармағының 7 тармақшасындағы аталған алаңдардағы қоршаулардан басқа).

Домна пештеріне, ауа жылытқыштарға, шаң аулағыштарға және газ құбырларына орнатылған алаңдар қоршауларының, бұл алаңдарға сатылар биіктігі – 1,2 м кем емес. Сатылар ені – 0,8 м кем емес.

Үнемі қызмет көрсету алаңдарына кіру үшін баспалдақ бұрышының қиғаштануы 450 артық емес, ал жабдықтарға аралық қызмет көрсету алаңдарында 600 құрайды. Сатылар биіктігі 10 м артық болғанда әрбір 4-6 м сайын алаңдар орнатылады.

Сатылар мен алаңдардың құрылғылары Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрінің 2001 жылғы 7 тамызда № 192 бұйрығымен бекітілген Металлургия өнеркәсіптері ұйымдары мен кәсіпорындары үшін қауіпсіздіктің жалпы талаптарының 5.8 тарауына сәйкес іске асырылады.

21. Бақылау және өту алаңдарының төсеніштері (көпіршелерінің), сонымен қатар оларға келетін сатылар баспалдақтары қабырғаға қойылған болат жолақты торлар түрінде орындалады.

Фурма аспаптарына қызмет көрсету үшін, құрал-жабдықтар қондырғылары, шахтаның дөңгелек тәрізді алаңдары және басқа да металл конструкцияның аспалы элементі болып саналатын алаңдар үшін төсеніштер тегіс болат беттерімен орындалады. Дөңгелек тәрізді алаңдардың тұтас төсеулерінде диаметрі 40 мм аспайтын тесіктер қаралады.

Тұтас төсеніш конструкциясы адамдардың тайғанауын болдырмайды.

Ауа фурмаларына қызмет көрсету үшін жұмыс алаңдарының төсеніштерінің ені 4 м кем емес.

22. Пеш шахтасында орналасқан зерттеу жұмыстарына арналған алаңдар екі шығу есігімен жабдықталады.

23. Алаңдар төсеніштері, перила қоршаулар және сатылар жұмыс күйінде сақталады және өз уақытында жөнделеді.

4. Шихта материалдарын беру
24. Бункер эстакадалары:

1) бункерлер ұяшық өлшемдері 300 х 300 мм артық емес сақтандыру торларымен қалқаланады.

Шихта материалдарын беру конвейерлермен жүргізілетін цехтарда ашық тесікті тұтас қабырға биіктігі 1 м кем емес қоршауы бар бункерлер құрылғысын қолдануға рұқсат етіледі;

2) эстакададағы жұмыскерлерді жылыту үшін жылытылатын ғимарат қаралады;

3) бункерлерге шихта материалдарын беру үшін конвейерлер жанбайтын материалдардан жасалған галереяларда орнатылады. Галареялар шаңды механикаландырып алыстату құрылғыларымен жабдықталады.

Ленталы конвейерлер еңкіш галереяларда орнатылған жағдайда галереяның еден конструкциясы адамдардың жүруі кезінде тайғанауына жол бермейді;

4) конвейерлердің үстінде аралықтары галереяларда 100 м және өндірістік ғимараттарда 30 м өтпелі көпірлер орнатылады. Көпірлер бүтіндей төсенішпен және төменгі жақ биіктігі 0,14 м кем емес биіктігі 1 м кем емес периалалармен қоршаумен жабдықталады.

Осы тармақшаның талаптары түсіру арбашалары немесе қозғалмалы қоректендіргіштер орнатылған конвейерлерге таратылмайды;

5) ленталы конвейерлер олардың ұзындықтарына тәуелсіз апатты жағдайда конвейерді кез келген орында ұзындығы бойынша тоқтатуға мүмкіндік беретін құрылғылармен жабдықталады;

6) ленталы конвейерлер жақтауға бекітілген алынбалы перилалармен қоршалады;

7) кері жүрістеріне жол бермеу үшін қиғаштану бұрышы 60 және одан жоғары болғанда конвейерлер автоматты тежеуіштермен жабдықталады;

8) конвейерлер лентаның бір жаққа шығып кетуіне жол бермейтін, тарту құрылғысының немесе лентаның көлденең үзілуі кезінде жетекті сөндіру құрылғыларымен жабдықталады;

9) ленталы конвейерлерде жетек барабандарында лентаның тоқтап қалуынан қорғаныс қарастырылады;

10) барабанға жақын жерде лентаның төменгі бұтағына жабысып қалған материалдарды алып тастау үшін тазалау құрылғылары қарастырылады.

Ленталы және пластиналық конвейерлер астындағы қоқыстарды жинастыру механикаландырылады;

11) тарту құрылғыларының және конвейерлердің жетек механизмдерінің барабандары лента ұзындығы бойынша барабан бетінен 1 м кем емес аралықта жабылып қоршалады;

12) пластиналы конвейерлер араларындағы өту ені 1,2 м кем емес, ал қабырға мен конвейер аралығы 1 м кем емес;

13) пластиналы конвейерлер роликтер мен пластиналар жиектерін жабатын борттармен қалқаланады және жабдықталады;

14) конвейерлер орналастырылған ашық шұңқырларда биіктігі 1 м кем емес перилалармен қоршалады;

15) конвейерлерді қозғалмалы түсіру арбашалары арбашаның өздігінен жүріп кетуінен сақтандыратын тежеуіштермен және дыбыстық дабыл бергіштермен жабдықталады. Арбашалардың сырғу беттері рельс пен қалқан арасы 5 мм аспайтын саңылауы бар сақтандыру қалқандарымен қоршалады;

16) шихта материалдарын беру үшін конвейерлерге галереяда шаңның түзілуі мен таралуына жол бермейтін құрылғылармен (жүктелу тораптары мен басқа да шаңдану орындарын жабу, сумен тазалау, аспирация және ауаны тазарту және басқалар) жабдықталады;

17) конвейрлер астынан өтетін жол сусымалы материалдардың түсу мүмкіндігіне жол бермейтін жабынмен қорғалады;

18) бункерлердің қабырғаларының қиғаштану бұрышы материалдардың ілінісіп қалмай жүруін қамтамасыз етеді. Бункерлерде ілінісіп қалудың алдын алу үшін дірілдеу құрылғысы қаралады.

Агломерат бункерлерінің қабырғалары ішінен қажалу мен түйін астарының жылу әсерінен рельстен жасалған пакеттермен немесе ұяшықты астармен қорғалады;

19) бункер эстакадасына ауқымы сәйкес келмейтін материалдарды салуға жол берілмейді. Ақауы бар торлы бункерлерге материалдар салуға, сонымен қатар торлар үстімен адамдардың жүруіне жол берілмейді;

20) бункер эстакадасындағы жұмыс орындарының жағдайы, жолдардың тазалығы мен жұмыс істеу дұрыстығы бункерлердің құрамында бөгде заттардың болмауы әр ай сайын тексеріліп тұрады. Табылған кемістіктер жойылады.

Эстакадада теміржол жолдарын жөндегенде бункер торының үстіне төселген төсеніштерді қолданады, ал жұмыс аумағы шектеулі дабыл беру белгімен қоршалады; дабыл беруші қойылады;

21) конвейерді жұмысқа қосу алдында автоматты түрде конвейер ұзындығы бойымен естілетін дыбыс белгісі беріледі;

22) конвейерді жұмыс үстінде тазалауға немесе қандай да бөлшектерін жөндеуге және лентаны қолмен бағыттауға жол берілмейді;

23) өлшемі сәйкес келмейтін скраб және жаңқа бункерге салынбай тұрып алдын ала ұсақталады. Бункер ішінде тұрып қалған заттарды тазалау арнайы саңылаулары немесе тор арқылы лом және ұзын пилкамен тазалайды. Дымқыл және ұсақ руданы тазалау үшін сығылған ауаны пайдалануға болады.

Бункерлерді жөндеу және тазалау технологиялық регламентке сәйкес келесі талаптарды сақтаумен жүргізіледі:

бункерге жұмыскерді түсіру және оларды ішінде жұмыс істеу қадағалаушы адамның бақылауында жүргізіледі;

бункерге жұмыскерлерді түсіру алдында бункер торы материалдардан және қандай да заттардан тазаланады, сонымен қатар керекті құрал-жабдықтар (аспалы сатылар, қорғаушы белдіктер тросы, тасымалы жарық көзі және тағы басқалар) тексеріледі. Бункер үстіне «Бункерде адамдар жұмыс істеп жатыр» деген жазуы бар; ал жұмыс ысырмасы механизімінде «Материал алуға болмайды-бункерде адамдар жұмыс істеп жатыр» деген жазуы бар плакат ілінеді. Бункерде жұмыс басталуы туралы жазбаша түрде түсіруші машинист және бригадир және шихта беру трактының операторына ескертіледі:

«қатып қалған» бункерлерде жөндеу, тазалау жұмыстары көтергіш бункерде наряд-шақтама бойынша жүргізіледі;

бункерге жұмыскерлер түсу алдында қысқа және қорғаушы белдікпен бункер торына немесе басқа берік затқа байлап жалғанады. Сақтандыру арқандары (тростар) жұмыс үстінде тартылған күйде болады;

жұмыс істеу бункерінің жарығы ретінде қуаты 12 Вольттан аспайтын шамдар қолданады;

бункерлерде жұмыстар жүргізілгенде торлар берік төсеніштермен жабылады, олар бөгде заттардың бункер ішіне түсіп кетуінен сақтайды;

жұмыс кезінде құлатылатын материалдардың үстіне тұруға жол берілмейді. Жұмыскерлер материал үстінен асылып тұрған арнайы алаңда немесе асылу сатыларының үстінде тұрып жұмыс істейді;

айтылған шарттар кейбір жағдайларда орындалып кейбір жағдайда (шикізат рудамен жұмыс істегенде) бункердегі материалдарды тазалау іске асырылады. Бункердегі жұмыс міндетті түрде бақылаушы адамның қатысуымен екі арнайы оқытылып дайындалған жұмыскерлермен жүргізіледі.

25. Бункердің астындағы бөлмелер:

1) бункер астындағы бөлменің кем дегенде 2 қауіпсіз шығу есігімен жабдықталады;

2) бункер асты бөлмесі кіргізу-шығару желдеткіштерімен шаң мен шламды гидро немесе пневмо тазартатын және механикалық тәсілмен алыстататын құралдармен жабдықталады;

3) көлемі 2000 м3 және одан жоғары пештерге конвейерлік беріліс кокстық және агломераттық електер, дірілдеу қоректендіргіштер, конвейерлер, бункерлер шахталық материалдарды артатын орны конвейерге және басқа да орындар және қондырғылар шаң тозаңнан қаптамамен жабылады және жұмыс орындарының таза ауамен қамтамасыз ететін құрылғылар бункер асты бөлмесі санитарлық нормаға сәйкес аспирациямен жабдықталады.

Қаптамаларда құрал-жабдықтарды тексеру және жөндеу үшін жабылатын қақпақпен жабдықталады;

4) бункердің ысырмасында саңылаулар арқылы материалдың түсуінен сақтандыратын тығыздағыш, сонымен қатар орталықтанған майлаумен жабдықталады. Дұрыс жұмыс істемейтін ысырмалы бункерлерді, тығыздағыштары жоқ немесе бұзылған бункерлерді пайдалануға жол берілмейді;

5) бункер асты бөлмесінде және скиптік шұңқырларда құрал-жабдықтарға жөндеу жұмысын жүргізу және салмақ құрылғыларын жүкпен өлшеу үшін жүк көтеру механизмдері қаралады. Қосалқы бөлшектерді сақтау бункер астындағы бөлме ішінде арнайы дайындалған орында жүргізіледі;

6) елек шкивтері мен белдіктер металл қаптамалармен және ұяшық өлшемі 20 х 20 мм бүтін сүзбелермен қоршалады;

7) кокс електерінің астындағы түтікшелер құрылымы кокс ұсақ-түйектерінің тұрып қалуына жол бермейді. Түтікшені тазалау үшін арнайы алаң қарастырылады;

8) кокс ұсақ-түйегі көтергіші және агломерат ұсақ-түйегі көтергіші шахталарын қоршау құрылымы олардың төменгі бөлігінде скиптердің көтергіш шахтасына жұмыскерлердің түспей ыңғайлы тазалануын қамтамасыз етеді. Шахталардың төменгі бөліктерінде есіктері болса, соңғысында ашылған кезде көтергіштің жұмысын тоқтататын жалғаулармен жабдықталады;

9) бункерлерде кокс ұсақ-түйегі мен агломерат ұсақ-түйегі үшін материалдың сырғуын қамтамасыз ететін қабырғалар мен түптің қиғаштану бұрышы қаралады. Кокс ұсақ-түйегі бункерлерінің төменгі бөлігі жылытылады;

10) барабанды ысырмасы бар бункерді толық босатуға болмайды. Босатылған бункерді жөндегеннен кейін толтырғанда бункер астындағы бөлмеге материалдың түсіп кетуінен сақтайтын алдын ала шаралар қолданылады;

11) кокс ұсақ-түйегі бункерлерін тазалау қақпақ сыртынан және тарату грохоттары және кокс ұсақ-түйегі көтергіші сөндірілген кезде жүргізіледі.

26. Скиптерге ленталы конвейерлермен материалдарды беру:

1) конвейер көлігінің құрылымы мен орналасуы МСТ 12.2.022.-080 сәйкес келеді;

2) технологиялық құрал-жабдықтың және құрылымының қыздырылатын қорғаныш беттері жылудан оқшауландырылады. Жылудан оқшаулау санитарлық нормаға сай бет температурасын қамтамасыз етеді;

3) салмақ және аралық түтікшелер иілісі материалдардың қалыпты түсуін қамтамасыз етеді.

27. Скиптік шұңқырлар:

1) скиптерден қоршаған конструкциялардың арақашықтығы артық болуы керек, м:

скип шұңқыры еденіне дейін .................. 0,5

бүйір қабырғаға дейін.............................. 0,8

артқы қабырғаға дейін ............................ 2,0

Скиптік шұңқырлардың еден құрылғысымен судың ағып кетуі қамтамасыз етіледі. Скиптік шұңқырларда олардан судың ағып кетуі үшін құрылғы бар;

2) скиптік шұңқыр ең басты көтергішті тоқтататын апаттық сөндіргіштермен жабдықталады;

3) скиптік шұңқыр перилалары бар қиғаш түсетін сатылармен қамтамасыз етіледі. Скиптік шұңқырға түсу үшін қарама-қарсы жақтарда орналастырылған перилалары бар екі қиғаш саты орналастырылады. Скиптік шұңқырға кіре берісте жоғары жақта оған қызмет етуге қатысы жоқ тұлғаларға баруға тыйым салатын плакаттар ілінеді.

Скиптік шұңқырға кіре берісте тиеуді басқаратын басқару пультіне дыбыстық және жарықтық дабыл берумен жалғанған қақпамен жабдықталады. Адамдардың скиптік шұңқырға баруы наряд-шақтама арқылы жүргізіледі;

4) ашық скиптік шұңқырлар қоршалады. Скиптік шұңқырлардың үстінде бункер болмаса, онда жабу қондырғылары орнатылады;

5) скиптік шұңқырда жүретін барлық жұмыстар технологиялық регламентпен регламенттеледі және үнемі қосылып тұратын жарық дабыл бергіштермен екі адамнан тұратын бригада орындайды және шихта беруші арасында байланыс болады;

Скиптік шұңқырларды шихта материалдарының шашырандыларынан тазалау механикалық және жүйелік түрде жүргізіледі;

6) шихта материалдарының воронко-салмақтарын және сынықтарын тазалау пеш мастерінің немесе бункерлер бригадирінің бақылауында және сөндірілген басты көтергіште биркалық жүйені сақтай отырып жүргізіледі. Тазалауды түтікше-салмақтар ішіне кірмей ұзын пик немесе шуровка арқылы жүргізуге рұқсат етіледі. Скип скиптік шұңқырда тазаланған түтікше астында орналастырылады;

7) кокстік бункерлердің қабырғалар астары арқылы желінуінен қорғалады;

8) кокс және агломерат ұсақ-түйегі көтергіштерінің көпірлері астарынан материалдың түсуіне жол бермейтін жапқышы болады. Рельстер мен контррельстер күйі және құрылысы скиптердің сырғанап кетуіне жол берілмейді;

9) кокс және агломерат ұсақ-түйегі көтергіштерінің жұмысы сынған жүру сөндіргіштерінде және арқан әлсізденуін және соңғы сөндіргіштер дұрыс жұмыс істемесе рұқсат етілмейді;

10) кокс және агломерат ұсақ-түйек көтергіші болат арқанының күйін тексеру осы Талапқа сәйкес жүргізіледі.

5. Домна пештеріне материалдарды салу
28. Колошниктік көтергіштер:

1) колошникті көтергіш ғимараттарында монтаждау жұмыстарына және электр қозғалтқыштарын айырбастау жұмыстарына алаң қаралады.

Лебедкалар араларындағы жүретін орын 0,7 м кем емес.

Көтергіш лебедкалары тұратын ғимараттар тазартылған ауаны беруді қамтамасыз ететін өтпелі ауа алмастырғыштармен жабдықталады және бөлмеде жұмыс күйінде сақталады;

2) көтергіш тұратын орын скиптік арқанды айырбастау үшін колошникті орынмен, скиптік шұңқырлы телефонмен және скипті лебедкамен және жөндеу алаңымен басқару пультімен жабдықталады;

3) скиптік көтергіштің қиғаш көпірлері астынан және жанынан материалдың құлауынан сақтайтын болат табақтармен қапталады. Қиғаш көпірдің бүкіл ұзындығы бойынша сатылар орналастырылып, оған кіру есігінде ішінен кілтсіз ашылатын құлып болады.

Шахтаға және пеш колошнигіне апаратын барлық есіктерде ішінен кілтсіз ашылатын құлпы бар есіктермен жабдықталады.

Колошник алаңына орынға кіре берісінде қиғаш көпір жағынан есік (шкивтерге қызмет көрсету үшін артқы алаңның артына) орнатылады. Шахта алаңына қиғаш көпірден шығуға болатын жағдайда есік көпірдің төменгі бөлігінде орнатылады;

4) скиптік көтергіштің қиғаш көпірінде шашырандыны аулау бункерлері, жөндеу жұмыстары кезінде скипті ұстап қалу үшін бекіткіш құрылғылары, шкивтерді ауыстыруға арналған құрылғылар орнатылады;

5) скиптер әрқайсының салмақты көтеру беріктігі алты дәрежеден жоғары екі арқанға ілінеді;

6) көтеру лебедкалары арқанның әлсізденуі сөндіргіштерімен және скиптің үстіңгі күйінің көрсеткіштерімен жабдықталады;

7) скиптік лебедканың қозғалмалы және айналмалы бөлшектері, конустар лебедкалары шкивтері иілу көпірінде қоршалады. Оларды майлау орталықтандырылады;

8) қиғаш көпірлерді бақылау үшін перилаларымен қоршалған арнайы алаңдар қаралады;

9) пешке салуды қысқа уақытта тоқтатумен байланысты құрал-жабдықтарға ағымды қызмет көрсету бойынша жұмыстар кесте бойынша және бақылаушы тұлғаның рұқсатымен басталады;

10) болат арқандар күйін тексеру және оларды айырбастау техникалық регламент бойынша жүргізіледі. Жауапты тұлғаның арқандар күйін, ондағы үзілген сымдар саны мен беттік тозуды немесе тоттануды анықтау аптасына кем дегенде бір рет жүргізіледі. Тексерудің нәтижесі журналға жазылады. Арқандардың ақаулық нормалары ИСО 4309 талаптарын ескерумен қабылданады;

11) конустардың ашылуынан және колошникте газдың тұтануынан пеш тоқтағанда жалын арқанның қызуын тудыруы мүмкін болған жағдайда скиптер қозғалыста болады;

12) скиптік арқанды ауыстырғанда бұл жұмыспен айналысып тұрмаған адамдардың қиғаш көпірде және скиптік шұңқырдың қасында тұруына жол берілмейді.

29. Колошник және тиеу құрылғылары:

1) төгу аппараттары оқшауланған және колошник астындағы есептелген газ қысымына сәйкес келеді. Шихталық материалдарды төгу аппаратынан қабылдау түтікшесі арқылы немесе теңестіру қалқаншалары арқылы лақтыруға жол берілмейді. Шыққан төгінділерден арылу мақсатында шаралар қолданылады, тіпті пешті сөндіруге дейін барады;

2) пештердегі қабылдау, тарату түтікшесіне және конуссыз төгу құрылғылары механизмдеріне қауіпсіз жету үшін қоршауы бар дөңгелекшелі алаңдар қойылады;

3) төгу аппараттарын тексеруге ыңғайлы болуы үшін газды ысырмаларында люктер қойылады:

көлемі 1000 м3 артық пештер үшін-төртеуден кем емес;

көлемі 1000 м3 кіші пештерде-екеуден кем емес.

Люктердің диаметрі 600 мм кем емес. Цилиндрлік тірегі бар газды ысырмаларда төгу аппаратурасын тексергенде газдың тұрақты жануы үшін екі люк қойылады;

4) балансты жетекте үлкен конусты түсіру күштелген, екі конустың да контр жүктеуі балансирлерде орналасады.

Балансирге ілінген контр жүктерде, бағыттаушы құрылғыларда контр жүктеулердің ілінісіп қалуына жол берілмейді. Контр жүктеуді асу және көтеру арқандарының беріктігі сегіз есе артық болуы қарастырылады.

Балансирлерге жету үшін перилалары және қиғаш сатылары бар алаңдар орнатылады;

5) скруберден колошникке газ жеткізетін теңестіру газ өткізгішінің қиғаш бұрышы ылғалдың жинақталуына жол бермейді. Газ өткізгіштің жоғары нүктелерінде майшамдар орнатылады.

Қажет болған жағдайда толтырғыш газ өткізгіштер жылудан оқшауландырылады. Колошник пен скруббердің теңестіру газ өткізгіші болат ысырмаларымен жабдықталады;

6) домна пештерінде желдеткіш майшамдарының шығу тесіктері колошниктің жоғары алаңынан 7 м кем емес.

Майшамдардың атмосфералық қалқаншаларын электр жетектің көмегімен ашады және жабады. Майшамдар қалқаншаларының құрылымы олардың тығыз жабылуын қамтамасыз етеді және шихта отырған кезде майшамдар арқылы материал шашырауына жол бермейді. Майшамдар қалқаншаларының маңайында қоршауы бар алаңдар орнатылады;

7) колошник алаңы тұтас болат табақтармен тегістелген биіктігі 1,2 м кем емес перилалармен қоршалады. Алаңдардың төсемі тұтас. Төсемнің беті тайғанауға жол бермейді. Колошниктік алаңдарға кіру үшін екі есік қарастырылады. Колошниктік алаңдардың жарықтандыру қарастырылады;

8) колошник алаңын қоқыстар мен шаңнан тазалау күндізгі уақытта және наряд-шақтама толтырумен жүргізіледі. Колошниктік алаңнан теміржол вагондарына қоқыстарды және шаңды жіберу үшін беті қақпақпен жабылатын арнайы құбырлар қарастырылады.

Алаңды тазалаумен айналысатын адамдардың демалуы қауіпсіз жерде ұйымдастырылады;

9) балансирлер мен басқа колошниктік құрылғыларға қызмет көрсету алаңдары төгу аппаратына қарама қарсы жақтан орналасқан екі қиғаш сатымен колошник алаңы арқылы жалғасады. Бұл алаңдар мен сатылар торланып жасалады;

10) колошниктегі барлық тұрақты істеп тұрған механизмдерді майлау автоматтандырылады, орталықтандырылады;

11) колошниктің монтаждық құрылғыларын жобалау кезінде құрал-жабдықтардың көтерілуі оның итеруінсіз жүргізілу мүмкіндігі қарастырылады. Балансирлер мен монтаждау балкасының алаңдары ішкі және сыртқы жақтарынан перилалармен қоршалады;

12) кіші және үлкен конустарда тұрып қалған материалдарды жіберу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

Конуссыз тиеу құрылғылы толтыру бункерлер тексеру және тазарту үшін екіден кем емес люктермен жабдықталады;

13) колошник астындағы пештің газ қысымын есептелгеннен артық жоғарылатуға жол берілмейді;

14) колошник құрал-жабдықтарының күйі, төгу аппараттары, үлкен конустың ыдысқа түйісуінің тығыздығы айына кем дегенде екі рет комиссиямен тексеріледі. Колошниктер астында пештің қалыпты қысыммен жұмыс істеген кезде конус аралық кеңістіктің жедел толуы белгісі байқалса үлкен конустың ыдысқа жанасу қысымын тексеруге рұқсат етіледі. Үлкен конустың ыдысқа жанасу тығыздығы техникалық регламентке сәйкес жабық үлкен, ашық кіші және конустар жұмысының жалғанған электр сызбасы механизмінде конус аралық кеңістікте газды тұтату жолымен жүргізіледі. Тексерулер нәтижелері актімен рәсімделеді;

15) қабырғалары жабысып қалған материалдардан мұқият тазартқаннан кейін адамдардың қабылдау түтікшелеріне баруына рұқсат беріледі. Жұмыстар наряд-шақтама бойынша орындалады;

16) контр жүктерді асу және көтеру арқандарының күйі бақылаушы тұлғамен осы Талапқа сәйкес аптасына кем дегенде бір рет тексеріледі;

17) конус аралық кеңістікте қауіпті қопарылғыш қоспалардың түзілуінен сақтану үшін оған қопарылуға жол бермейтін бу немесе инертті газ беріледі. Конус аралық кеңістікке инерттік газды немесе буды жіберу тиеу құрылғыларымен жалғанады, бұл кезде конус аралық кеңістікте бу (газ) жіберусіз тиеу механизмдері жұмыс істейді.

Конус астында және үстіндегі қысым әртүрлі болса 0,02 (0,2 кгс/см2) МПа-дан аса үлкен конуспен моневр жасауға рұқсат етілмейді. Кіші конуспен моньевр жасау конустар кеңістігіндегі қысым 0,02 МПа (0,2 кгс/см 2) шамадан төмен болғанда рұқсат етіледі.

Конус аралық кеңістікте қысымда бақылайтын аспаптар істен шығу кезінде берісті түсіру пешті төменгі қысымға ауыстырғаннан кейін жауапты тұлғаның басшылығымен жүргізіледі.

Конус аралық кеңістік қуысын бумен немесе инертті газбен толтыру режимі технологиялық регламентпен белгіленеді;

18) жөндеу жұмыстары немесе кіші конусты алмастыру кезінде конус аралық кеңістікте адамдардың болуымен байланысты жұмыстар жұмыстарды ұйымдастыру жобасына сәйкес теңестіру газ өткізгіш сөндірілген кезде, үлкен конус ұсақ материалмен жақсылап себілген, үлкен конус балансирінде бекітілген, кіші конустың теңестіру қалқаншалары ашық және қажетті жағдайларда конус аралық кеңістікке қысыммен ауа беру ұйымдастырылып газ ысырмасының люктері ашық кезде жүргізіледі.

Адамдарды конус аралық кеңістікке жіберу алдында үлкен конустың материалы арқылы бөлініп шығарылған буды, жанған газды жіберу және материалдарды тиеу механизмі де сөндіріліп тоқтатылады. Конус аралық кеңістікте болатын адамдар саны газ ысырмаларының люктер санынан аспайды. Әр жұмысшының сақтандыру арқандары өз люгі арқылы өткізіледі;

19) қарау және жұмыс жүргізу үшін колошникке адамдардың жіберілуі наряд-шақтама бойынша жүргізіледі;

20) гидрожетекті тиеуші құрылғыларды қолдану кезінде жетектерде жанармай сұйықтарын қолдануға жол берілмейді;

21) пештің күмбез бөліктерін және газды бұру қаптамасын, ал көлемі 5000 м3 домна пеші мен тиеу құрылғысының тірек бөлігі қызып кетуден қорғалады;

22) колошник көтергіштерінің ғимараттары жөндеу жұмыстарын жасау үшін жүк көтергіш механизмдермен жабдықталады;

23) конус аралық кеңістікке және үлкен конус астына буды жіберу пештің коллекторы арқылы іске асырылады. Жеке магистралдардың бұрандаларында бу жіберетін орынға белгіленген кесте ілінеді. Өндірістік бөлімдерде жылу жүйесін пештерін коллекторларымен жалғауға жол берілмейді. Бу коллекторының бекіту арматураларынан будың шығуы жойылады;

24) тиеу құрылғылардың гидрожетегін жобалау, дайындау және пайдалану Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылы 29 қазанда № 189 бұйрығымен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану және орнату талабына сәйкес келеді;

25) жоғары қысымды құбырлар үшін бүтіндей тартылған қалың қабырғалы құбырларды ғана қолдануға рұқсат етіледі. Пісірілген құбырларды пайдалануға тыйым салынады;

26) гидрожүйелердің барлық қосылуы тығыз жалғанады және ағып шығуға жол берілмейді. Төгілген жұмыс сұйықтары жиналады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет