Дондаұлы болатбектің сайлауалды бағдарламасы



Дата03.07.2016
өлшемі15.6 Kb.
#175511
ДОНДАҰЛЫ Болатбектің

сайлауалды бағдарламасы

Қазіргі кезде еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалы жақсарып келеді. Еліміздің әл-ауқатын арттыру үшін біздің әрқайсымыз оған өз үлесімізді қосып, жемісті жұмыс арқарумыз керек.

Өзім депутаттыққа кандидат болып «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы атынан ұсынылған №11 Жайылма сайлау округінің сайлаушыларымызға туған ауылымыздың көркеюіне, мәдениетіне, білім ордаларының сапалы білім беруіне, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, олардың білімді, тәрбиелі азамат болып шығуына олармен бірлесе отырып, аянбай қызмет ететіндігімді мәлімдеймін. Маған сайлаушылар сенім көрсетіп, дауыстарын беретін болса, мына төмендегі мәселелерге назар аударатын боламын:

1. Ауыл тұрғындарының әлеуметтік – тұрмыстық жағдайларын жақсартуға күш саламын.

2. Ауыл жастары арасында кәсіпкерліктің дамуына ықпал жасау, халыққа тұрмыстық қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілерді және ауыл шаруашылығын дамытуды басты назарда ұстаймын.

3. Ауыл спортын дамыту, барлық ауылдарда спорт алаңдарының ашылып, бұқаралық спорттың дамуына ықпал етемін.

4. Жайылма ауылында жаңа өнер мектебінің салынуына, Әйтеке би атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жылдан жылға ауыл тұрғындарының табиғи өсімі артуына байланысты мектепке дейінгі балалар үшін шағын орталық,балабақша салу үшін ат салысамын.

5. Қызылдихан ауылында мемлекеттік «Таза ауызсу» бағдарламасына байланыста орталықтандырылған ауыз су құрылысын жүргізу және жаңа медпункт салу жұмыстарына ықпал жасаймын.

6. Маятас елді мекенінде жылдан жылға оқушы санының өсуіне байланысты типтік жобадағы жаңа мектеп салуға, ауыларалық жолдарды жөндеуге септігімді тигіземін.

7. Ақтам елді мекенінде және барлық елді мекендердегі денсаулық сақтау мекемелерінің жұмыстарын жақсартуға сайлаушыларымның сенімін ақтауға барлық күш жігерімді жұмсаймын.


Құрметті сайлаушылар!

Мен үшін халық қалаулысы атану аса үлкен жауапты міндет екенін жақсы түсінемін. Егер сіздер менің кандидатурамды қолдап дауыс беретін болсаңыздар, өзімнің барлық күш жігерімді Сіздерге қызмет етуге жұмсаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет