Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А


Пысықтауға арналған сұрақтар



бет119/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   137
annotation81765

Пысықтауға арналған сұрақтар:

  1. Электр тоғының күші?

  2. Резисторды тізбектей қосқанда резистор арқылы жүрген тоқтың мәні қандай?

  3. Толық тізбек үшін Ом заңы?

  4. Фарадейдің екінші заңы?

  5. Газдағы тоқ күшінің кернеуге тәуелділігі қандай?

  6. Жартылай өткізгіштік, диод және триод?

  7. Газдың иондық және электрондық өткізгіштігі?



3.3. Электромагнетизм


3.3.1.Тоқтардың өзара әрекеттесуі




Металл сымдардан жасалған бірдей екі катушканы алайық та, оларды остері бір түзудің бойында орналасатындай және тізбекке қосуға болатындай етіп, іліп қояйық (3.39-сурет). Катушкалар арқылы тоқты бір бағытта жіберіп, біз олардың бір-біріне тартылатындығын байқаймыз (3.39,а-сурет). Егер катушкалар арқылы тоқты қарама-қарсы бағытта жіберсек, онда олар бір-бірінен тебіледі (3.39,б-сурет). Осындай әрекеттесу өзара параллель орналасқан екі түзу өткізгіштердің арасында да болады.

Сөйтіп, бірдей бағытталған тоқтар өзара тартылады да, қарама-қарсы бағытталған тоқтар бір-бірін тебеді екен. Демек, тоғы бар өткізігіштер бір-бірінен қайсы-бір қашықтықта орналасқан кезде, олардың арасында өзара әрекеттесу болады да, оны олардың арасындағы электр өрісінің болуымен түсіндіре алмаймыз, себебі өткізгіштер тоқ өтіп жатқан кезде нейтрал күйде қала береді. Бұл дегеніміз тоғы бар кез келген өткізгіштің айналасында электр өрісінен ерекше, тыныштықтағы зарядтарға әсер етпейтін өрістің басқа бір түрі болуы тиіс.




Магнит өрісі материяның ерекше түрі. Бір-бірінен алшақ орналасқан тоғы бар өткізгіштердің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін өрісті магнит өрісі деп атау келісілген. Тәжірибе көрсеткендей, магнит өрісін қозғалыстағы электр зарядтары тудырады екен, немесе айнымалы электр өрісі тудырады және де бұл өріс тек қозғалыстағы зарядтарға ғана әсер етеді. Сонымен, кеңістіктің қайсы-бір бөлігінде магнит өрісін табу үшін осы обылысқа тоғы бар өткізгішті немесе қайсы-бір қозғалыстағы зарядтарды ендіру керек. Тоғы бар өткізгіштің төңірегінде магнит өрісінің болатындығын тұңғыш рет тәжірибеде дат физигі Г. Эрстед 1820 жылы ашты. Түрліше тоқтардың магнит өрістері еселенген кезде олардың бір-бірін күшейтуі де, әлсіретуі де мүмкін. Мұны мынандай тәжірибеден көруге болады. Егер бірдей екі катушканы біріктіріп, оларда қарама-қарсы бағыттағы тоқтарды тудырсақ, онда олардың ортақ өрісінің әлсіздігі соншалық, ол тіптен тоғы бар үшінші катушкаға әсер етпейді (3.40,а-сурет, сол жақта). Қарама-қарсы бағыттағы тоқтар өтіп жатқан екі сымнан бұралған шнурдың төңірегінде магнит өрісінің болмауы міне осымен түсіндіріледі. Егер байланысқан катушкаларда бір бағыттағы тоқтарды тудырсақ, онда оның үшінші катушкаға әсері өткен тәжірибемен салыстырғанда біршама күшейеді (3.40,б-сурет). Сөйтіп, магнит өрісінің күшейтілуіне бірдей бағыттағы тоқтардың өрістерін үстемелеу арқылы жетуге болады екен, ал магнит өрісін әлсірету үшін – қарама-қарсы тоқтардың өрістерін үстемелеу керек болады.
Егер тәжірибенің алдында катушкалардың остерін бір түзудің бойында болатындай етіп орналастыратын болсақ, онда оларды тоққа қосқаннан кейін катушкалар өздеріндегі тоқтар бір бағытта өтетіндей болып бұрылады да, сосын барып олар бір-біріне тартыла бастайды. Осының нәтижесінде қоршаған ортадағы магнит өрісі күшейеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет