Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А


Электромагниттік индукция құбылысы



бет131/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   137
annotation81765

Электромагниттік индукция құбылысы. Бұдан бұрын тағайындағанымыздай, электр тоғы және оның магнит өрісі әрқашанда бірмезгілде болады екен. Фарадей осы тығыз байланысты біле отырып, магнит өрісінің көмегімен тұйықталған электр тоғын тудыруға болатындығына сенімді еді. Ол көптеген тәжірибелер жасап, ақыры 1831 жылы электромагниттік индукция құбылысын ашып, мұны дәлелдеді.
Магнит өрісінің өзгеруінің арқасында тұйықталған тізбекте электр тоғының пайда болу құбылысы электромагниттік индукция деп аталады. Осындай әдіспен алынған тоқ индукциялық деп, ал оны тудыратын ЭҚК индуцияның ЭҚК-і деп аталады.
Электрмагниттік индукция құбылысының көмегімен кез келген қуаттағы электр тоғын алуға болады екен. Осы күнгі өндірісте пайдаланылатын электр энергиясы түгелдей дерлік жұмыс принципі электромагниттік индукция құбылысына негізделген индукциялық генераторлардың көмегімен алынады деуге болады. Сондықтанда Фарадейді осы заманғы электротехниканың негізін қалаушылардың бірі деуге болады.
Енді электромагниттік индукция құбылысын кеңірек қарастырайық.


Индукцияның ЭҚК-і. Оң қол ережесі. Индукциясы В болатын біртекті магнит өрісінде ұзындығы l түзу металл өткізгіш болсын (3.73-сурет). Егер осы өткізгішті В және v векторларының арасындағы бұрышы 900 болатындай етіп v жылдамдықпен қозғалысқа келтірсек, онда өткізгішпен бірге оның еркін электрондары да бағытталған қозғалысқа келеді. Олардың қозғалысы магнит өрісінде болғандықтан, оларға Лоренц күші әсер етуге тиіс.

Сол қол ережесінің көмегімен еркін электрондардың өткізгіштің А ұшына қарай жылжитындығын тағайындауға болады. Осы кезде пайда болатын өткізгіштің А және В ұштарының арасындағы U кернеу онда Fэл электр күшін тудырады, ол FЛ Лоренц күшін теңгереді. Сөйтіп, Fэл = FЛ кезінде электрондардың А шетіне қарай ығысуы тоқталады. Fэл , ал FЛ болғандықтан, болады, осыдан: U .Ағытылған тізбек кезінде полюстердегі кернеу ЭҚК-іне тең болғандықтан, өткізгіштің магнит өрісінде қозғалысы кезінде пайда болатын индукцияның ЭҚК-і
инд . (3.90)

формуламен өрнектеледі. ЭҚК-ті тудыратын тосын күштер деп отырғанымыздың қозғалыстағы өткізгіштегі еркін электрондарға әсер ететін магнит күштері екендігін айта кетелік. Егер осы өткізгішті тізбекке қоссақ, онда индукциялық тоқ пайда болады: оның бар екендігін гальванометр көрсетеді.


Түзу өткізгіштің магнит өрісінде қозғалысы кезінде онда пайда болатын индукциялық тоқтың бағыты оң қол ережесі бойынша анықталады (3.74-сурет): егер оң қолды магнит индукция сызықтары алақанға кіретіндей, ал ашылған үлкен саусақ өткізгіштің қозғалыс бағытын көрсететіндей етіп орналастырса, онда созылған төрт саусақ өткізгіштегі индукциялық тоқтың бағытын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет