Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А



бет16/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   137
annotation81765

Жердің тартылыс өрісі. Егер Жер өз осінен айналмайтын болса, онда ауырлық күші шама және бағыт жағынан тартылыс күшімен бірдей түскен болар еді. Осы кезде еркін түсу үдеуі Жердің тартылыс өрісінің кернеулігімен бірдей болады. Жер бетінен қашықтаған кезде ауырлық күші және еркін түсу үдеуі азаяды. Теңіз деңгейінде орналасқан дене Жерге


(1.48)

күшпен тартылады, мұндағы M және RЖердің массасы және радиусы, g0 – теңіз деңгейіндегі еркін түсу үдеуі. Ал теңіз деңгейінен биіктікке көтерілген дене Жерге




(1.49)

күшпен тартылады. Осыдан ауырлық күші мен еркін түсу үдеуінің биіктікке байланысты бірдей түрде өзгеретіндігі шығады.


Жер радиусымен салыстырғанда көп кіші болатын биіктіктерде бұл өзгерістерді ескермей, ауырлық күшін және еркін түсу үдеуін тұрақты шамалар деп санауға болады. Шындығында да, Жердің орташа радиусы R=6371 км болғандықтан, теңіз деңгейінен бірнеше жүз километр биіктіктің өзінде ауырлық күші мен еркін түсу үдеуінің өзгерісін өте сезгіш приборлар ғана байқай алады. h=300 км болсын, сонда мұның бірден айырмашылығы 4,5% қана. Ал h=30 км кезде болады, ал бұл бірден 0,43%-ке ғана ауытқиды.
Еркін түсу үдеуін және гравитациалық тұрақтыны біле отырып, Жердің массасын анықтауға болады. Егер (48)-ден деп алсақ, онда Жердің массасы;


(1.50)

Дәл осылай Күннің де массасын табуға болады. Жер орбитасының радиусының Rж=149,5109 м және Жердің Күнді айналу периодының T = 1 жыл = 31,56106 с екендігін біле отырып Жердің нормаль үдеуін анықтауға болады:




.

(1.50)-ге ұқсас түрде





болады. Сонымен, Күннің массасы Жердің массасынан 330 000 есе артық екен.


Жердің массасын және оның радиусын біле отырып, орташа тығыздығын табуға болады:


.

Жердің беткі қабатындағы тау жыныстарының тығыздығы бұдан шамамен екі есе кіші болатындықтан, Жердің, тығыздығы орташа тығыздықтан шамамен екі еседей артық болатын ядросы болады ғой деген қорытынды жасауға болады. Ал бұл дегеніміз Жердің ядросы негізінен темір, мыс және т.с.с. металдардан тұрады деген сөз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет