Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А



бет22/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   137
annotation81765

R=F1+F2.

Бір нүктеге түсірілген және қарама-қарсы бағытталған екі күштің тең әсерлісі олардың айырымына тең, осы нүктеге түсірілген және үлкен күш бағытында бағытталған болады:


R=F1F2.

Айналмайтын дененің тепе теңдігінің жалпы шарты оған түсірілген күштердің тең әсерлісінің нолге тең болуы:




R=0.

Күштер бір-біріне бұрыш жасай түсірілген кезде олардың тең әсерлісі параллелограмм ережесі бойынша анықталады:


Бір нүктеге түсірілген және бір-біріне бұрыш жасай бағытталған екі күштің тең әсерлісі осы нүктеге түсірілген, ал шамасы және бағыты жағынан осы күштерге құрылған параллелограммның диагоналына тең болады.
Параллелограмм ережесі бойынша күштерді қосу алгебралық қосудан ерекше, геометриялық қосу деп аталады, ал осы қосудың нәтижесі күштердің геометриялық қосындысы деп аталады.
Күштердің геометриялық қосындысының сан мәні геометрия ережелеріне сай, Пифагор теоремасы бойынша, не косинустар теоремасы бойынша есептелінеді.
Бекітілген осі бар денеге түсірілген күш пен осы остен күш бағытына түсірілген қысқа қашықтықтың көбейтіндісі күш моменті деп аталады.

М=Fl.


Айналыс осінен күш әсері бағытына дейінгі ең қысқа қашықтық l күш иіні деп аталады.


Дененің сағат тілі бағытына қарсы айналдыратын күш моментін оң деп, ал денені сағат тілі бағытында айналдыратын күш моментін теріс деп алу келісілген.
Бекітілген остен айнала алатын дене тепе-теңдікте болу үшін оған түсірілген күштердің сол оске қатысты моменттерінің алгебралық қосындысы нөлге тең болу керек. Бұл моменттер ережесі деп аталады. Моменттер ережесінен рычагтар ережесі шығады:
Әсер етуші күштер өздерінің иіндеріне кері пропорционал болған кезде рычаг тепе-теңдікте болады. Дененің тепе-теңдікте болуының жалпы шарты мынандай болады: Дене тепе-теңдік қалыпта болу үшін оған түсірілген күштердің тең әсерлі күші және осы күштердің айналу осіне қатысты алынған моменттерінің қосындысы нөлге тең болу керек.
Ауырлық центрі. Денеге түсірілген параллель күштердің тең әсерлісінің түсу нүктесі осы күштердің центрі деп аталады. Оның қалпы параллель күштердің шамасымен және олардың түсу нүктелерімен анықталады және ол күштердің бағытына тәуелсіз болады.
Дененің жеке бөлшектеріне түсірілген ауырлық күштерінің центрі осы дененің ауырлық центрі деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет