Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А



бет33/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   137
annotation81765

1.3.2 Архимед заңы

Жер бетіне жуық жерлерде оны түрліше газдардың қоспасынан тұратын ауа қоршап тұрады. Осы ауа қабаты атмосфера деп аталады. Атмосферада жоғары көтерілген сайын төмендеп, ал төмендеген сайын артып отыратын қысым әсер етеді. Атмосфераның Жер бетіндегі барлық денелерге түсіретін қысымын атмосфералық қысым деп атайды. Атмосфералық қысымды тұңғыш рет итальян ғалымы Торричелли 1643 жылы өлшеді. Торричеллидің тәжірибесі деп аталатын бұл тәжірибе мектеп оқулығы бойынша бәрімізге де аян.


Қысымның ХБ жүйесіндегі өлшем бірлігі Паскаль (1Па = 1Н/м2). Өзіміз көргендей сұйықтың немесе газдың биіктігі бағанының қысымы p= gh болып анықталады. Жоғары көтерілген сайын ауаның тығыздығы төмендеп отыратындықтан, биіктеген сайын атмосфералық қысым төмендейді, яғни атмосфералық қысым биіктікке тәуелді болады.

Сұйықтар мен газдар үшін Архимед күші. Денелердің жүзу шарты. Егер дене сұйыққа батырылған болса, онда оның бетінің әрбір элементіне (осы элементке перпендикуляр түрде) қысым күші әсер етеді. Осы кезде элемент неғұрлым тереңірек орналасса, оған соғұрлым көбірек қысым түсіріледі. Әрбір элементке түсірілген осы күштердің тең әсерлісі жоғары қарай бағытталған және көтергіш, немесе ығыстырып шығарушы күш деп аталады.



Итеріп шығарушы күштің шамасын есептеп шығару үшін сұйыққа батырылған тік бұрышты параллелепипедтің барлық жақтарына әсер ететін күштерді қарастырайық (1.32-сурет). Бұл жерде біз тек параллелепипедтің жоғарғы және төменгі табандарына әсер ететін күштерді ғана ескереміз, себебі бүйір жақтарына түсірілген қысым күштері өзара өтемеленеді.
Ауданы S болатын жоғары табанына әсер ететін қысым күші төмен қарай бағытталған және де ол F1ghS, мұндағы h – осы табанның сұйыққа батырылу тереңдігі, ρ– oсы сұйықтың тығыздығы. Төменгі табанға сұйық тарапынан әсер ететін қысым күші жоғары қарай бағытталған және де ол F2g(H+h)S, мұндағы h+H төменгі табанның батырылу тереңдігі. Осы күштердің тең әсерлісі


F=F2F1= ρg(h+H)S–ρgHS

және жоғары қарай бағытталған. HS көбейтіндісі – осы параллелепипедтің көлемі, ρ– сұйықтың тығыздығы. Демек, ығыстырып шығарушы күш осы параллелепипедтің ығыстырып шығарған сұйығының салмағына тең:




FығgVығ. (1.93)

Ығыстырып шығарушы күш сұйыққа батырылған дененің тұрпатына тәуелсіз болады, ол сұйыққа батырылған дене көлемінің шамасына ғана тәуелді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет