Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А



бет40/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   137
annotation81765

Диффузия. (“диффузио” – жайылып кету деген латын сөзінен). Қайсы-бір заттың молекулаларының концентрациясының молекулалардың хаостық қозғалысының нәтижесінде кеңістіктегі теңгерісуі процесі диффузия деп аталады. Молекулалардың хаостық қозғалысының орташа жылдамдығы температура артқан кезде артатын болғандықтан, диффузия температураға тәуелді болады, ол тәжірибеде дәлелденілген.
Сұйықтарда диффузия газдарға қарағанда баяуырақ өтеді. Егер ыдысқа таза су құйып, ал оның үстіне сәл-пәл боялған спиртті, сұйықтар арасындағы шекара айқын көрінетіндей етіп құйып, оны бірнеше күннен кейін бақылайтын болсақ, онда су мен спирттің өзара диффузиясының арқасында судың біршама тереңдікте бояла бастағанын көрген болар едік.
Қатты денелерде диффузия өте баяу өтеді және тек жоғары температура кезінде ғана бақыланады. Егер түрліше екі металдан жасалған екі пластинканы бір-біріне тығыз жанастырып және оларды бірнеше жүз градус температура кезінде ұстап тұратын болсақ, онда металдардың өзара диффузиясын бірнеше сағаттан кейін-ақ байқауға болады. Бұл үшін екі пластинканы бір-бірінен ажыратып, олардың беттерін зерттеу қажет.


Неліктен сұйықтардағы диффузия газдардағыға қарағанда баяуырақ, ал металдарда сұйықтарға қарағанда баяуырақ өтеді? Сұйықтардың молекулаларының газдардың молекулаларына қарағанда бір-бірлеріне жақынырақ орналасатындығынан болатындығы анық, ал молекулалардың өзара тартылыс күштері диффузия процесін баяулатады. Қатты денелерде молекулалық күштер сұйықтардағыға қарағанда жоғарырақ болатындықтан, қатты денелерде диффузия бұдан да бетер баяу өтеді.
Молекулалар арасындағы әрекеттесу күштері. Кез келген молекулалар құрамына оң және теріс электр зарядтары кіреді, сондықтан молекулалар арасында тартылыс күштері де, тебілу күштері де болады. Сонымен қатар, атомдар мен молекулалардың қозғалыстағы зарядтарының арасындағы магниттік әрекеттесулерді де ескеру керек, олар молекулалардың тартылыс және тебілу күштерінің құрамына кіреді.
Өзара әрекеттесу күші кез келген екі молекуланы бір-біріне жақындатқан кезде пайда болады және ол молекулалардың тегімен анықталады. 2.1,а-суретте центрлері бір-бірінен r қашықтықта орналасқан екі А және В молекулалардың Fтар тартылыс және Fтеб тебілу күштерінің Fтеб тең әсерлісінің қашықтыққа тәуелділігінің графигі келтіріліген. Графикті салған кезде молекулалардың Fтеб күштері оң деп, ал Fтар тартылыс күштері теріс деп саналады. r0 қашықтық молекулалардың орнықты тепе-теңдік күйіне сәйкес келеді, себебі осы кезде молекулалық күштердің тең әсерлісі нөлге тең болады. Mолекулалардың ара қашықтығы өзгерген кезде молекулаларды бастапқы қалыпқа әкелуге тырысатын күштер пайда болады. Шындығында да, графиктен көріп отырғанымыздай, молекулаларды бір-біріне жақындатқан кезде тебілу күштері артығырақ (оң), ал оларды алыстатқан кезде – тартылыс күштері (теріс) артығырақ болады. Молекулалардың өзара әрекеттесу күші ескерімсіз аз болатын кезге сәйкес келетін минималь молекулалар арақашықтығы молекулалық әсер радиусы деп аталады (2.1, а-суреттегі rм). Ол бір нанометр (нм) шамалас, яғни метрдің миллиардтық үлесіндей (1 нм = 10-9 м) болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет