Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А



бет52/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   137
annotation81765

Абсолют нөль. Өткен параграфта біз 10-суреттегі А нүктесінің р=0 мәніне сәйкес келетіндігін көрдік. Енді қандай жағдайларда идеал газ қысымның нөлге тең болатындығын тағайындайық. Газдың қысымы хаостық қозғалыстағы молекулалардың соқтығысуларымен анықталатын болғандықтан, газды салқындатқан кезде оның қысымының төмендеуі газ молекулаларының ілгерілемелі қозғалысының орташа энергиясының азаюымен түсіндіріледі; газ молекулаларының ілгерілемелі қозғалысының энергиясы нөлге тең болған кезде газдың қысымы да нөлге тең болады. Бұл (2.15) формуладан да көрініп тұр:
p=(2/3)n0 .

Газды салқындатудың да шегі болады екен, ол молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының жоғалуына сәйкес келеді: молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының тоқталуына сәйкес келетін температураны абсолют нөл деп атайды. Идеал наз кез келген температуралар кезінде газ күйінде қалатындықтан, (2.18) формула абсолют нөл үшін де орындалады. Сондықтан


0 = p0[1+(1/273 0C) t].


p00 болатындықтан:

1+(1/273 0C) t=0, немесе t = –273 0C.




t үшін бұл мәннің 2.10, б-суреттен шығатындығын ескерте кетелік. Абсолют нөлдің дәл мәні – 273,15 0С.
Ағылшын ғалымы В. Кельвин осы алынған абсолют нөл мәні барлық заттардың молекулаларының ілгерілемелі қозғалысының тоқталуына сәйкес келеді деген идея көтереді. Абсолют нөлден төмен температура табиғатта кездеспейді, өйткені абсолют нөл температура кезінде дененің молекулаларынан жылулық энергияны алуға болмайды және де дененің температурасын да одан әрі төмендетуге тағы болмайды (себебі жылулық қозғалыс энергиясы теріс бола алмайды). Теориялық тоқтамдар дененің температурасын абсолют нөлге дейін де төмендетуге болмайды дейді. Бірақ абсолют нөлге өте жуық жақындауға болады. Физикалық лабораторияларда абсолют нөлден айырмашылығы градустың бірнеше мыңдаған үлесіне дейін ғана жететін температуралар алынған.
Абсолют нөлге жақындаған кезде кез келген қозғалыстар емес, тек молекулалардың жылулық қозғалысы ғана тоқталады, ал молекулалардың ішіндегі элементар бөлшектердің қозғалысы тоқталмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет