Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А



бет57/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   137
annotation81765

Универсаль газ тұрақтысы. (2.25) формула құрамында N молекулалар болатын кез-келген газ массасы үшін орындалады. Егер осы формуланы қайсы-бір газдың бір моліне қолданатын болсақ, онда N санын NA Авогадро тұрақтысымен алмастыру қажет, ал көлемді газдың бір молінің Vмоль көлемімен алмастырамыз:
PVмоль/T=NAk.

Кез келген газдың бір молінде молекулалардың бірдей NA саны болатындықтан, NAk көбейтіндісінің мәні барлық газдар үшін бірдей болады, яғни ол газдың тегіне тәуелсіз болады. NAk көбейтіндісі R әрпімен белгіленеді және универсаль (мольдік) газ тұрақтысы деп аталады. Сонымен




PVмоль/T=R, (2.29)
мұндағы
R=NAk. (2.30)

Егер (2.29) формуланы қалыпты жағдайлардағы газдың бір моліне қолданатын болсақ, онда R тұрақтының мәнін анықтауға болады, себебі бұл кезде Vмоль=22,4 10-3 м3/моль болатындығын білеміз. Шындығында да




,
яғни
R=8,31 Дж/(мольК).

Енді k Больцман тұрақтысының мәнін анықтайық. (2.30)-дан екендігі шығады. Осыдан R және NA мәндерін қойып, k тұрақтыны табамыз:




.


Клапейрон-Менделеев теңдеуі. Газдың тығыздығы. N дегеніміздің газдың m массасындағы молекулалар саны, ал NA дегеніміздің бір молдегі молекулалар саны екендігі ескере отырып,


N =  NA

деп жазуға болады, мұндағы – газдың m массасындағы молдер саны. Сондықтан


p V / T =  NA k.

Егер NA k = R, ал шамасының газдың бір молінің массасына бөлінген m газ массасына тең екендігін ескерсек, онда




немесе . (2.31)

(2.31) қатынасы Клапейрон-Менделеев теңдеуі немесе идеал газдың кез келген массасы үшін күй теңдеуі деп аталады. Идеал газдың бір молі үшін Клапейрон-Менделеев теңдеуі


pVмоль=RT (2.32)

түрінде жазылады. (2.31) формуланың көмегімен газдың тығыздығының қандай шамалар арқылы анықталатындығын тағайындауға болады. =m/V болатындықтан, (2.31) теңдеуден:


= p  / R T. (2.33)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет