Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А


Отынды жаққан кезде бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептеу. Қыздырғыштың ПӘК-і



бет66/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   137
annotation81765

Отынды жаққан кезде бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептеу. Қыздырғыштың ПӘК-і. Затта химиялық реакция өтіп жатқан кезде дененің ішкі энергиясының бір бөлігі босанып шығуы мүмкін. Әсіресе жану реакциясы кезінде көп жылу бөлініп шығады. Жылу алу үшін пайдаланылатын заттарды отын деп атайды. Отын қатты, сұйық және газ күйінде кездеседі. Тәжірибе көрсеткендей, отынның белгілі бір түрі жанған кезде бөлініп шығатын Qот жылу мөлшері жанған отынның m массасына тура пропорционал болады екен:


Qот=qm. (2.55)


Qот жылу мөлшері отынның түріне тәуелді болады. Бұл тәуелділік (2.54)-тегі q коэффициентпен сипатталады.
Отын жанған кезде бөлініп шығатын жылу мөлшерінің оның түріне тәуелді болатындығын сипаттайтын q шамасы отынның меншікті жану жылуы немесе отынның калориялығы деп аталады. Меншікті жану жылуы отынның бірлік массасы толық жанған кезде бөлініп шығатын жылу мөлшерімен өлшенеді:
. (2.55 а)

Меншікті жану жылуының (q) ХБ жүйесіндегі өлшем бірлігін табайық:




q=1Дж/1 кг=1 Дж/кг.

(2.55) формула қатты және сұйық отын жанған кезде бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептеуге ыңғайлы. Газ түріндегі отынның шығынын масса арқылы емес, жанған газдың көлемімен сипаттаған ыңғайлы болады. Газ жанған кездегі бөлініп шығатын жылу мөлшерін




Qот= V0 (2.56)

формуламен есептейді, мұндағы V0 – жанған газдың қалыпты жағдайларға келтірілген көлемі, ал (грекше “каппа”) – газ тегіне тәуелді болатын газ түріндегі отынның меншікті жану жылуы. Газ түріндегі отынның меншікті жану жылуы ретінде газдың қалыпты жағдайларға келтірілген бірлік көлемі толық жанған кезде бөлініп шығатын жылу мөлшері алынады:




. (2.56 а)


шамасының ХБ жүйесіндегі өлшем бірлігі Дж/м3 болады. Қажетті отын мөлшерін көбіне шартты отынның тонналары түрінде береді, оның меншікті жану жылуы 29,3106 Дж/кг деп алынады. Отын жанатын қондырғылардың барлық түрлерін шартты түрде қыздырғыштар деп атайды. Қыздырғыштарда бөлініп шығатын жылу мөлшерін толығынан пайдалану мүмкін болмайды, оның бір бөлігі жану продуктерімен бірге қоршаған ортаға шашылып кетеді.
Отынды жағуға арналған қондырғының эффективтігін (пайдалылығын, тиімділігін) көрсететін  шамасы осы қондырғының пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) деп аталады. Қыздырғыштың ПӘК-і отынды жаққан кезде бөлініп шыққан Qот жылу мөлшерінің қандай Qпайд бөлігінің тиімді пайдаланылған жылу екендігін көрсетеді:


немесе . (2.57)


Qот шамасы әрқашанда да (2.55) және (2.56) формулалар бойынша анықталады, ал Qпайд шамасы қондырғының қолдану мақсатына тәуелді болады және де түрліше формулалармен сипатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет