Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А



бет69/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   137
annotation81765

2.2.7. Нақты газдар

Клапейрон – Менделеев теңдеуі жуықталған теңдеу болып табылады. Ол жеткілікті төмен қысымдар кезінде орындалады және де қысым неғұрлым аз болса, оның орындалу дәлдігі солғұрлым жоғары. Қысым артқан кезде, Клапейрон–Менделеев теңдеуінің салдары болып табылатын Бойль–Мариотт, Гей–Люссак заңдары тәрізді газ заңдарынан ауытқулар арта түседі екен. Бұған таңғалатындай ештеңе жоқ, ол үшін идеал газдарға өткен кездерде қандай ескермеушіліктерді жібергенімізді еске түсірсек жеткілікті. Біз идеал газды өзара әрекеттеспейтін молекулалардан тұратын газ деп алдық, ал молекулалардың өздері материалдық нүктелер болып табылады дедік, яғни біз олардың мөлшерлерін (көлемдерін) ескергеніміз жоқ. Шын мәнісінде молекулалардың меншікті көлемдері де, олардың арасында өзара әрекеттесу күштері де бар. Бұлар әсіресе газдың қысымы жоғарылап, молекулалар тығызырақ орналасқан кезде күштірек біліне бастайды.


Газдың қасиеттерінің идеалдықтан ауытқуы. Төменде келтірілген кестеде азоттың бір молінің алатын көлемінің түрліше қысымдар және 00С температура кезіндегі тәжірибеде алынған мәндері және көбейтіндісінің мәндері келтірілген. Осы кестеден көріп отырғанымыздай, 100 атм қысым кезінде–ақ V көлемнің мәнінің теорялық мәннен 7% айырмашылығы бар екендігін көреміз. Қысым одан әрі артқан кезде газдың көлемі Клапейрон–Менделеев теңдеуі бойынша есептелген мәннен алшақтай түседі де, 1000 атм қысым кезіндегі газдың көлемі идеал газ күйі теңдеуі беретін мәннен екі есе артық болады. Клапейрон–Менделеев теңдеуі бойынша барлық қысымдар кезінде тұрақты болып қалатын pV көбейтіндісі де осындай жағдайда. Қысым жоғарылаған кезде бұл көбейтіндінің мәні де артып отырады.


2.1-Кесте. Азоттың бір молінің түрліше қысымдар кезіндегі көлемі

p, атм V, 104,м3 pV 104атм.м3 р,атм V104,м3 pV104атм.м3

1 224 224 700 0,532 372


100 2,4 240 900 0,483 437
300 0,85 255 1000 0,460 461
500 0,625 322

Осы келтірілген мәндерге қарайтын болсақ, жеткілікті үлкен қысымдар кезінде нақты газдардың сыртқы күштің әсерінен Клапейрон–Менделеев теңдеуінен күтетінімізге қарағанда көш аз сығылатындығын көреміз.


Газ көлемінің қысымға осы келтірілген ауытқуларының сандық қана емес, сапалық та сипаттары болады екен. Бұл аса маңызды сапалық сипаттар жеткілікті жоғары қысымдар мен сәйкес температуралар кезінде білінеді. Әрбір газға тән белгілі бір температура болады (Бойль температурасы), осы температура кезінде pV көбейтіндісі қысымның қайсы–бір интервалында қысымға тәуелсіз болады, яғни бұл температурада газ Бойль–Мариотт заңына бағынады.
Қысымның және температураның белгілі мәндері кезінде газдар конденсацияланады, яғни сұйық күйге өтеді. Бұл құбылысты идеал газ күйінің теңдеуінен шығарып алу мүмкін емес. Енді осы процесті тереңірек қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет