Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А



бет77/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   137
annotation81765

Жұғу. Шеттік бұрыш. Егер шыны таяқшаны сынапқа батырып алсақ, онда сынаптың жұғынын байқамаймыз. Ал егер осы таяқшаны суға батырып алсақ, онда оның ұшында су тамшысын байқаған болар едік. Бұл қарапайым тәжірибелер сынаптың молекулаларының бірімен-бірінің тартылу күшінің шынының молекулаларына тартылу күшінен артық болатындығын көрсетеді, ал су молекулаларына келетін болсақ, олар бір-біріне шыны молекулаларына қарағанда әлсізірек тартылады.


Егер сұйық молекулалары бір-біріне қатты дененің молекулаларына тартылғанға қарағанда әлсізірек тартылатын болса, онда сұйық осы затқа жұғатын болғаны. Мысалға, су таза шынға жұғады да, ал парафинге жұқпайды. Егер сұйықтың молекулаларының бір-біріне тартылу күші қатты дене молекулаларының тартылу күшінен артық болса, онда сұйықты осы затқа жұқпайтын дейді. Сынап таза шыныға жұқпайды, ал мыс пен мырышқа жұғады.
Қайсы-бір заттан жасалған жазық пластинканы горизонталь орналастырып, оған зерттемек болып отырған сұйықты тамызайық. Сонда бетте тамшы 2.28, а-суреттегідей, не 2.28, б-суреттегідей түрде орналасады. Бірінші жағдайда сұйық қатты денеге жұғады, ал екінші жағдайда жұқпайды. 2.28-суретте көрсетілген бұрыш  шеттік бұрыш деп аталады. Шеттік бұрышты қатты дененің жазық беті мен еркін беттің, қатты дене, сұйық және газ келіп шектесетін А нүктесі арқылы өтетін жанамасы құрайды. (2.28-сурет); шеттік бұрыштың ішінде әрқашанда сұйық болады. Жұғатын сұйықтар үшін шеттік бұрыш әрқашанда сүйір де, ал жұқпайтын сұйықтар үшін доғал болады.
Қатты беттің вертикаль жағдайында сұйық өзі құйылған ыдыстың шетінде жұғатын жағдайда көтеріледі де, ал жұқпайтын жағдайда төмен түседі (2.29-сурет).
Жұғылудың мөлшері ретінде шеттік бұрыштың косинусын алады, яғни cos оң болатын болса, сұйық жұғады, ал теріс болса, сұйық жұқпайды. Сұйық толық жұғатын кезде cos=1. Бұл кезде сұйық қатты дененің бетінде жайылып кетеді. Толық жұқпайтын кезде cos=–1. Бұл жағдайда сұйықтың кішкентай тамшысының түрі шар тәрізді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет