Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А


Термодинамиканың екінші заңы



бет86/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   137
annotation81765

2.4.3. Термодинамиканың екінші заңы


Термодинамиканың екінші бастамасының қажеттілігі. Термодинамиканың бірінші бастамсы бойынша энергия сақталады. Энергияның сақталу заңы орындалатын, бірақ табиғатта бақыланбайтын көптеген процестерді кездестіруге болады. Мысалы, ыстық денені салқын денемен жанастырсақ, онда жылу әрқашанда ыстық денеден салқын денеге өтеді, керісінше ешуақытта да болмайды. Егер де жылу салқын денеден ыстық денеге өткен жағдайда да энергия сақталған болар еді, бірақ мұндай процесс тіптен мүмкін емес. Енді лақтырылған тасты қарастырайық. Ол Жер бетіне құлап түседі. Тас түсіп келе жатқан кезде оның бастапқыдағы потенциалдық энергиясы бірте-бірте кинетикалық энергияға айналып отырады. Ал тас Жер бетіне жеткен кезде, оның кинетикалық энергиясы тас пен Жердің ішкі энергиясына айналады (бұл дегеніміз осы денелердің молекулалары жеделірек қозғала бастайды, ал олардың температурасы сәл-пәл көтеріледі дегенді білдіреді). Бірақ ешкім күні бүгінге дейін тастың молекулаларының жылулық қозғалысы энергиясының оның кинетикалық энергиясына айналуының арқасында қайтадан көкке көтерілгенін көре алған емес. Мұндай процесс кезінде де энергия сақталар еді, бірақ процесс табиғатта кездеспейді. Табиғатта бола алатын, бірақ оларға кері процесстер табиғатта мүмкін болмайтын басқа да талай мысалдарды келтіруге болады.
Келтірілген мысалдардағы кері процестер де өтетін болса, олар энергияның сақталу заңына ешқандай залал келтіре алмас еді, энергияның сақталу заңы орындалған болар еді, яғни термодинамиканың бірінші бастамасы орындалар еді. Процестердің қайтымсыздығын түсіндіру үшін ғалымдар өткен ғасырдың екінші жартысында термодинамиканың екінші бастамасы деп аталатын жаңа заңды тұжырымдады. Бұл заң бойынша табиғатта қандай процестердің мүмкін, ал қандай процестердің мүмкін болмайтындығын айтып беруге болады. Термодинамиканың екінші бастамасын бірнеше түрде тұжырымдауға болады, олардың барлығы да өзара эквивалентті, тең баламалы. Ондай тұжырымдамалардың біреуін Р. Ю. Э. Клаузиус (1822-1888) берді: табиғи жағдайларда жылу ыстық денеден салқын денеге өтеді, ал салқын денеден ыстық денеге жылу өз бетімен берілмейді. Бұл айтылған тоқтам тек белгілі түрдегі процеске ғана жататын болғандықтан, оны басқа түрдегі процестерге қалай қолдану керек екендігі түсініксіз. Басқа түрдегі процестерді де қамти алатын жалпыламырақ тұжырымдама қажет болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет