Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А


Карно циклінің пайдалы әсер коэффициенті



бет89/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   137
annotation81765

Карно циклінің пайдалы әсер коэффициенті. Егер жұмысшы дененің қыздырғыштан алынған жылу мөлшері , ал оның мөлшері жұмысқа айналдырылатын болса, онда


(2.113)

қатынасы дөңгелек процесс жасайтын машинаның пайдалы әсер коэффициенті болып табылады. (2.112) формуладан көріп отырғанымыздай, Карно циклінің пайдалы әсер коэффициенті мына теңдікпен анықталады:




(2.114)

Сонымен, пайдалы әсер коэффициенті бірден кіші болады екен және қыздырғыш пен суытқыштың температураларының арасындағы қатынасқа тәуелді болады.


Біз Карно циклін қарастырған кезде оның барлық сатыларында температуралары түрліше денелер өзара жанаспайтындай түрде жүргіздік, осының арқасында еш жерде жылуөткізгіштік түріндегі қайтымсыз процестерге кездескеніміз жоқ. Жұмысшы дененің көлемінің өзгерісі де қайтымды түрде жүргізілді, осы кезде максималь жұмыс атқарылады. Бұл дегеніміз – жылу энергиясын пайдалану үшін ең жақсы, ең тиімді жағдай жасалды деген сөз. Сондықтан да, (2.114) өрнекпен берілетін пайдалы әсер коэффициентінен артық пайдалы әсер коэффициентін алу мүмкін емес.
Қыздырғыш пен суытқыштың берілген температуралары кезінде жұмыс атқаратын жылу машинасының пайдалы әсер коэффициенті қыздырғышы мен суытқышының температуралары дәл осындай болатын қайтымды Карно циклі бойынша жұмыс атқаратын машинаның пайдалы әсер коэффициентінен артық бола алмайды.
Бұл (2.114) өрнектен көріп отырғанымыздай, Карно циклінің пайдалы әсер коэффициенті жұмысшы дененің түріне тәуелсіз, ол тек қыздырғыш пен суытқыштың температураларына ғана тәуелді болады.
Есептеулер кезінде жұмысшы дене есебінде идеал газды алған себебіміз оның күй теңдеуінің белгілі екендігінен ғана, соның арқасында пайдалы әсер коэффициентін жеңіл есептеп шығара алдық.
Қайтымды процесті кері бағытта өткізетін болсақ, онда процеске қатысатын дене өзінің тура бағытта өткен күйлерін енді дәлме-дәл түрде кері бағытта өтіп шығады. Карно цикліне қатысты бұл дегеніміз жылу енді қыздырғыштан алынып суытқышқа емес, керісінше суытқыштан алынып қыздырғышқа беріледі дегенді білдіреді. Егерде тура Карно циклі бойынша жұмыс атқаратын қондырғы жылуды механикалық жұмысқа айналдыруға мүмкіндік беретін болса, яғни жылу машинасы болатын болса, Карноның кері циклі бойынша жұмыс атқаратын қондырғы жылуды салқынырақ денеден ыстығырақ денеге беру үшін пайдаланылады, яғни суытқыш машина болып табылады. Оның көмегімен сыртқы механикалық жұмыс есебінен жылу салқынырақ денеден алынып, ыстығырақ денеге беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет