Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А


Электр зарядының сақталу заңы



бет92/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   137
annotation81765

Электр зарядының сақталу заңы. Қайсы-бір денеде болатын бас артық оң немесе теріс таңбалы заряд осы дененің электр мөлшері деп аталады. Денедегі электр мөлшерінің шамасын оның басқа бір электрленген денемен өзара әрекеттесуінің сипаты бойынша анықтауға болады. Кез келген дененің жалпы заряды осы денеде болатын барлық электр зарядтарының алгебралық қосындысына тең болады.
Тәжірибе көрсеткендей, денелердің кез келген түрдегі электрленуі кезінде электр зарядтары пайда болмайды да, олар жоғалмайды да, тек қайсы-бір процеске қатысатын денелердің арасында таралады. Бұл қағида зарядтың сақталу заңы деген етпен белгілі: тұйықталған жүйеде электр зарядтарының алгебралық қосындысы тұрақты болып қалады.



А

В

      1. Кулон заңы.

Электр зарядтарының арасында әсер ететін күштің болатындығы белгілі. Осы күш зарядтардың шамасына және басқа да факторларға қалай тәуелді болады? Бұл мәселені 1780 жылдары француз ғалымы Шарль Кулон (1736-1806) зерттеді. Ол иірілмелі таразыны пайдаланды (3.2-сурет). Өз заманында зарядтың шамасын дәл анықтайтын аспаптардың жоқтығына қарамастан, Кулон зарядтарының қатынасы белгілі болатын кішігірім шарларды дайындай білді. Егер зарядталған өткізгіш шарикті дәл осындай зарядталмаған шарикпен жанастырсақ, онда бірінші шариктегі заряд симметриялықтың арқасында екі шарикке тең бөлінуі тиіс деп ойлады ол. Осының арқасында оның алғашқы зарядтың 1/2, 1/4 және т.б. бөліктерін алу мүмкіншілігі болды. Кулон бір зарядталған дененің екінші зарядталған кішкентай денеге әсер ететін күшінің әрбір дененің зарядының шамасына пропорционал болатындығын дәлелдей алды. Басқаша айтқанда, денелердің қайсы біреуінің зарядын екі есе арттырса, онда әсер ететін күш те екі есе артады, ал егер екі дененің зарядын екі есе арттыратын болсақ, онда күш төрт есе артады. Бұл айтылғандарымыз орындалу үшін денелердің ара қашықтығы өзгеріссіз қалуы тиіс. Денелердің ара қашықтығын өзгерте отырып, Кулон олардың арасында әсер ететін күштің денелердің ара қашықтығының квадратына кері пропорционал болатындығын тапты, мысалға, егер арақашықтық екі есе артса, онда күш төрт есе кемиді екен. Осыдан, Кулон зарядталған кішкентай дене (идеал жағдай –нүктелік заряд, яғни материалдық нүкте тәрізді кеңістік мөлшерлері жоқ дене) екінші зарядталған денеге зарядтарының көбейтіндісіне пропорционал және олардың ара қашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен әсер етеді деген қорытындыға келеміз:


, (3.1)

мұндағы k – пропорционалдық коэффициент. Бұл қатынас Кулон заңы деген атпен белгілі.


ХБ жүйесінде электр зарядының бірлігі Кулон (Кл) да, ал k коэффициенттің шамасы:
k=8,988109 Нм2/Кл2=9,0109 Нм2/Кл2



Сонымен шамасы 1 Кл зарядтары бар және бір-бірлерінен 1 м қашықтықта орналасқан екі нүктелік заряд бір-бірімен




F=910911 / 1=9109 Н

күшпен әрекеттеседі екен.


Үйкеліс арқылы электрлену кезінде пайда болатын зарядтар (тарақтың, пластмасса сызғыштың және осы тәріздес денелерде үйкеліс кезінде пайда болатын зарядтар) микрокулон және одан да кіші болады (1 мкКл=10-6 Кл). Электронның заряды (теріс) шамамен 1,6210-19 Кл болады. Бұл бізге белгілі зарядтардың ішіндегі ең кіші шама, ол іргелі шамалардың қатарына жатады және е әрпімен белгіленеді: оны көбіне элементар заряд деп атайды:


е=1,60210-19 Кл. (3.2)

Дене электронның үлесін беріп, не ала алмайтын болғандықтан, дененің қосынды заряды элементар зарядқа еселі болуы тиіс. Заряд квантталады дейді (яғни ол тек дискерттік мәндер ғана қабылдай алады). Бірақ, электронның заряды соншалықты аз болғандықтан, біз макроскопиялық зарядтың дискреттігін байқамаймыз (1 мкКл зарядқа шамамен 1013 электрондар сәйкес келеді), сол себептен біз зарядты үздіксіз деп санаймыз. (3.1) формула бір зарядтың тарапынан екінші зарядқа әсер ететін күшті сипаттайды. Бұл күш зарядтарды қосып тұрған түзудің бойымен бағытталған. Егер зарядтардың таңбалары бірдей болатын болса, онда зарядқа әсер ететін күш қарама-қарсы жақтарға бағытталады. Егер зарядтардың таңбалары түрліше болса, онда зарядтарға әсер ететін күш бір-біріне қарай бағытталады (3.3-сурет). Ньютонның үшінші заңына сәйкес бір зарядтың екінші зарядқа әсер ететін күші екінші зарядтың бірінші зарядқа әсер ететін күшіне шама жағынан тең, ал бағыты бойынша қарама-қарсы болады. Кулон заңын да Ньютонның бүкіл әлемдік тартылыс заңы тәрізді векторлық түрде жазуға болады:




(3.3)

мұндағы F12q1 зарядқа q2 заряд тарапынан әсер ететін күш векторы, r21q2 зарядтан q1 зарядқа бағытталған бірлік вектор. (3.1) формуланың тек арақашықтықтары өздерінің мөлшерлерімен салыстырғанда көп үлкен болатын денелерге ғана қолданылатынын айта кетейік. Идеал жағдайда бұл дегеніміз нүктелік зарядтар. Сонымен қатар, (31) формула берілген зарядқа тек бір ғана зарядтың тарапынан әсер ететін күшті анықтайды. Егер жүйеге бірнеше зарядталған денелер кіретін болса, онда берілген зарядқа әсер ететін күш, яғни зарядтардың қорытқы күші басқа қалған зарядтар тарапынан әсер ететін күштердің қорытқысына (векторлық қосындысына) тең болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет