Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А



бет104/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   137
annotation81765

Меншікті кедергі. Тәжірибеде тағайындалғандай, металл өткізгіштің R кедергісі оның l ұзындығына тура пропорционал және оның көлденең қимасының S ауданына кері пропорционал болады:


R=l / S, (3.42)
мұндағы коэффициент меншікті кедергі деп аталады және өткізгіш жасалған заттың сипаттамасы болып табылады. Меншікті кедергіге кері шама

=1 / (3.43)




меншікті өткізгіштік деп аталады. Меншікті өткізгіштіктің өлшем бірлігі (Ом.м)-1.
Электр тоғының қуаты. Электр энергиясын энергияның басқа түрлеріне жеңіл айналдыруға болады. Электр двигателдер электр энергиясын механикалық энергияға айналдырады. Басқа аспаптарда – электр қыздырғыштарда, электр плиталарда, тостерлерде, шаш кептіргіш фендерде электр энергиясы жылу энергиясына айналады, оларда қыздырғыш элемент деп аталатын сым өткізгіштер пайдаланылады. Күнделікті өмірде аяқ аттасақ кездесетін электр лампаларында қыздырғыш сым (жіп) аса қатты қызып, ол жарық шығара бастайды, осы кезде энергияның тек бірнеше проценті ғана жарыққа айналып, ал қалған басым бөлігі (90%-тен артығы) жылуға айналады.
Мұндай аспаптар мен қондырғыларда электр энергиясының жылу мен жарыққа айналуы мына себептерден: тоқ күші жеткілікті жоғары болатындықтан электрондар ағыны мол болып, олар атомдармен көптеп соқтығысады. Осындай соқтығысулар кезінде электронның кинетикалық энергиясының бір бөлігі соқтығысқан атомға беріледі. Осының нәтижесінде атомдардың кинетикалық энергиясы артады және сым элементтің температурасы артады. Үстеме жылу (ішкі) энергиясы қыздырғыштағы ауаға немесе плитада тұрған кастрөлге беріле алады, жылулық сәулелердің арқасында тостердегі нанды қуыра алады немесе жарық түрінде шығарыла алады. Электр приборында түрленетін қуатты анықтау үшін мынандай белгілі деректі пайдаланамыз: шексіз аз q заряд U потенциалдар айырымын өткен кездегі энергияның өзгерісі мынандай болады:

W=qU.


Егер осы өзгеріс t уақытта өтетін болса, онда Р қуат (энергияның өзгеру жылдамдығы)


P=qU / t (3.44)

болады. Бірлік уақытта өтіп жатқан q / t заряд дегеніміз І тоқ күші болып табылады. Демек




P=ІU. (3.45)

Бұл жалпылама қатынас кез келген қондырғының түрлендіретін лездік қуатын сипаттайды; мұндағы І – қондырғы арқылы өтіп жатқан тоқ күші, ал U – ондағы потенциалдар айырымы. Осы өрнек көзден, мысалы батареядан пайдаланатын қуатты да сипаттайды. ХБ жүйесінде электр қуаты да кез келген қуат тәрізді ваттармен өлшенеді (Вт): 1 Вт=Дж/с. R резисторда бөлініп шығатын қуатты Ом заңы мен (3.45) (P=ІU) формуланы біріктіру арқылы екі түрлі тәсілмен жазуға болады:




P=І(ІR)=І2R, (3.46,а)


P=(U / R)U=U2 / R. (3.46,б)

(3.46,а) және (3.46,б) резисторларда ғана қолданылатын болса, (3.45) формула кез келген жағдайда орындалады.


Күнделікті өмірде пайдаланған электр энергиясын өтеген кезде біз қуат үшін емес, энергия үшін төлейміз. Қуат дегеніміз энергияның түрлену жылдамдығы болатындықтан, қайсы-бір қондырғының пайдаланған энергиясы пайдаланылған қуатты осы қондырғының жұмыс атқарған уақытына көбейтіндісіне тең болады. Егер қуатты ваттармен, уақытты секундтармен өрнектейтін болсақ, онда энергияның мәні джоулдармен шығады. Практикада энергия көбіне килловатт–сағаттармен (кВт.сағ) өлшенеді: 1 кВт.сағ=1000 Вт 3600 с=3,60106 Дж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет