Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А


Параллель тоқтардың өзара әрекеттесу күші. Ортаның магниттік өтімділігі



бет123/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   137
annotation81765

3.3.2. Параллель тоқтардың өзара әрекеттесу күші. Ортаның магниттік өтімділігі




Тоқтар мен магниттердің өзара әрекеттесу күштерін магниттік деп атайтын боламыз. Енді екі параллель тоқтардың өзара әрекеттесу күшінің қалай анықталатындығына келейік (3.50-сурет).
Егер өткізгіштердегі І1 және І2 тоқтардың бағыты бірдей болса, онда өткізгіштер шамалары жағынан тең F1 және F2 күштермен әрекеттеседі. Мұндай күштердің болуын екінші өткізгіштің бірінші өткізгіштің магнит өрісінде болып, оның F2 күшті тудыратындығымен түсіндіруге болады. F1 күштің өз ретінде екінші өткізгіштің магнит өрісімен тудырылатындығы анық.
Өткізгіштердегі тоқ күші және олардың арақашықтығын өзгерте отырып, тәжірибеде ұзын өткізгіштің l кесіндісіне әсер ететін F күштің тоқтардың көбейтіндісіне, l ұзындыққа тура пропорционал және а қашықтыққа кері пропорционал болатындығын көрсетуге болады:


F=KІ1І2 l / a. (3.66)

Өткізгіштер тұрған ортаны өзгерте отырып, F күштің қоршаған ортаға тәуелді болатындығын тағайындауға болады. Демек, пропорционалдық коэффициенті К бірліктерді таңдап алумен қатар, ортаға да тәуелді болады. Бірқатар формулаларды ықшамдау үшін ХБ жүйесінде К коэффициенті Корπ деп алады, сонда (3.66)




F=орІ1І2 l / πa (3.67)

түрге келеді. Мұндағы ор бұрынғыша бірліктерді таңдап алуға және ортаның қасиеттеріне тәуелді болады.


Электр тоқтарының өзара әрекеттесу күшінің ортаға тәуелділігін сипаттайтын ор шамасын ортаның магниттік өтімділігі деп атайды. Тоқтардың вакуумдегі өзара әрекеттесу күші үшін (3.67) формуланы


F0=0І1І2 l/πa (3.68)
түрінде жазуға болады. Мұндағы 0 магниттік тұрақты деп аталады, оның мәні бірліктерді таңдаумен анықталады.

Егер F және F0 деп отырғандарымыз берілген тоқтардың қайсы-бір ортада және вакуумдегі өзара әрекеттесу күштері болса, онда (3.67)-ні (68)-ге мүшелеп бөліп, мынаған келеміз:


F/F0=ор0 , (3.69)

мұндағы – ортаның салыстырмалық магниттік өтімділігі деп аталады. Салыстырмалық магниттік өтімділік тоқтардың берілген ортадағы өзара әрекеттесу күшінің вакуумдегіге қарағанда қанша есе артық болатындығын көрсетеді. Тәжірибе көрсеткендей, орта тоқтардың өзара әрекеттесуін күшейте де, вакуумдегіге қарағанда әлсірете де алады екен. Сондықтан шамасы бірден үлкен де, бірден кіші де бола алады. мәнін тәжірибеде анықтайды және есептеулер кезінде кестеден алынады. (3.69)-дан


ор0 (3.70)


екендігі шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет