Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А


Электромагниттік индукция



бет130/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   137
annotation81765

3.3.7. Электромагниттік индукция


Ағынілінісу және индуктивтік. w орамдары бар соленоидты сыртқы магнит өрісінде бұрған кезде атқарылатын жұмысты қалай есептеуге болатындығына тоқталайық.
Бір орамды бұрған кезде атқарылатын жұмыс І болатындықтан, ал қарастырылып отырған кезде магнит ағыны w орамдарды кесіп өтетін болғандықтан, соленоидты бұрған кезде атқарылатын жұмыс мына формуламен беріледі:



Егер көбейтіндісін (грекше “пси”) арқылы белгілесек, онда жұмыс үшін
немесе (3.86)
формуланы аламыз.

Магнит ағынының осы ағын кесіп өтіп жатқан тұйықталған тізбекпен байланысын (ілінісуін) сипаттайтын шамасын ағынілінісу деп атайды. Егер магнит ағыны орамдары бар катушканы кесіп өтетін болса, онда ағынілінісі орамдар санының магнит ағынына көбейтіндісіне тең болады:


 . (3.87)

Енді тоқ өтіп жатқан кез келген тұйықталған тізбекті қарастырайық. Бұл тоқ тізбектің айналасында өзінің меншікті магнит өрісін тудырады. Тұйықталған тізбектің өткізгіштері қамтитын бет арқылы меншікті ағын өтіп жатсын. Егер бұл тізбек дегеніміз жалғыз жазық контур болатын болса, онда дегеніміз болады. Егерде өткізгіштер орамдары бар катушка құрайтын болса, онда  . Сонымен, тізбектің меншікті ағынілінісуі оның конфигурациясына, яғни өткізгіштердің кеңістікте орналасуына тәуелді болады екен.


Тәжірибе көрсеткендей, тұйықталған тізбекте ферромагнетиктер болмайтын кезде, бұл тізбектің меншікті ағынілінісуі ондағы тоқ күшіне тура пропорционал өзгереді:
LІ . (3.88)

Пропорционалдық коэффициенті тұйықталған тізбектің өткізгіштерінің конфигурациясы өзгеріссіз қалатын және өзгеріссіз қалатын қоршаған орта кезінде тұрақты болады. Тұйықталған тізбектің меншікті ағынілінісуінің оның формасы мен қоршаған ортаға тәуелділігін сипаттайтын L коэффициент тізбектің индуктивтігі деп аталады.


L индуктивтіктің СИ систамасындағы бірлігін шығарайық:


L=І=1 Вб / 1 А=1 Вб/А =1 Омс= 1 Гн.

ХБ жүйесінде индуктивтіктің бірлігі ретінде генри алынады (Гн). Генри деп 1 А тоқ кезінде 1 Вб ағынілінісу пайда болатын тізбектің индуктивтігі алынады.


ХБ жүйесінде магниттік өтімділіктің бірлігінің Н/А2 немесе Тлм/А екендігін білеміз. 1 Вб =1 Тлм2 болатындықтан, 1Н/А2 =1 Тлм/А =1 Гн/м болады. Көбіне соңғы атауды – генри бөлінген метрді пайдаланады.
Мысал ретінде соленоидтың Lсол индуктивтігін табайық. (3.88)-тен:


Lсол=сол / Ісол =w сол / Ісол.

сол шамасы (3.77) қатынасымен анықталатын болғандықтан




L сол=wор І сол wS/l І сол=ор w2S/l. (3.89)

Сөйтіп, соленоидтың индуктивтігі ортамен, соленоидтың мөлшерлерімен және орамдар санымен анықталады екен.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет