Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А



бет132/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   137
annotation81765

Фарадейдің тәжірибелері. Электромагниттік индукция құбылысын ашуға себепші болған Фарадейдің тәжірибелерін қарастырайық.


1. Гальванометрмен жалғанған соленоидты алып (3.75-сурет), оған тұрақты магнитті кіргізетін болайық. Магнитті жылжытқан кезде гальванометрдің тілі қозғалады екен. Егер магнит тоқтаса, онда гальванометрдің тілі орнына қайтып оралады. Магнитті соленоидтан шығарған кезде де, немесе соленоидты тыныштықтағы магнитке кигізген кезде де, дәл осындай жағдайға кездесеміз. Мұндай тәжірибелер соленоидтағы индукциялық тоқтың тек соленоид пен магниттің салыстырмалық қозғалысы кезінде ғана пайда болатындығын көрсетеді.
2. В соленоидты тоғы бар А катушкаға салайық (3.76-сурет). Осы кезде де, В соленоидта индукциялық тоқ тек В соленоид пен А катушканың салыстырмалы қозғалысы кезінде ғана пайда болады екен.
3. А катушканы В соленоидқа салып, оларды мықтап бекітеміз (3.77-сурет). Мұндай кезде соленоидта тоқ жоқ. Бірақ А катушканың тізбегін қосып-ажыратқан мезеттерде В соленоидта индукциялық тоқ пайда болады. R кедергіні өзгерту арқылы А катушкадағы тоқты күшейткен немесе әлсіреткен мезеттерде де дәл осылай болады.
Бұдан әрі А катушканың электр энергиясы көзімен қосылған тізбегін бірінші, ал индукциялық тоқ пайда болатын В соленоидтың тізбегін екінші тізбек деп атайтын боламыз. Катушкалардың өздерін осылай атайтын боламыз.
4. Бірінші катушканы айнымалы тоқ желісіне, ал екінші катушканы қыздыру лампасымен қосайық (3.78-сурет). Бірінші катушкада айнымалы тоқ өтіп жатқан кезде лампа үздіксіз жанып тұрады екен.


Жоғарыда айтылғандардың барлығына да тән ортақ нәрсе ол соленоидтағы магнит өрісінің өзгеруі болып табылады, міне ол келіп онда индукциялық тоқ тудырады.
Енді тұйық контурдың кез келген өзгерісі кезінде онда индукциялық тоқ пайда болама екен, соны қарастырайық. Рамка түріндегі жазық контурды алып, оны гальванометрге қосайық. Магнит алып, оны рамканың қасына, оның индукция сызықтары рамканың ішіне кірмей, тек оның жазықтығында жататындай етіп орналастырайық (3.79,а-сурет). Рамканы немесе магнитті сурет жазықтығында орын ауыстырсақ, онда гальванометрдің тілі қозғалмайды екен. Егер де 00' осін айналдыра бұратын болсақ (3.79,б-сурет), онда рамкада индукциялық тоқ пайда болады.

Осы айтылған тәжірибелердің негізінде мынандай қорытынды жасауға болады: тұйықталған контурда индукциялық тоқ (индукцияның ЭҚК-і) тек контур қамтитын аудан арқылы өтетін магнит ағыны өзгеретін кезде ғана пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет