Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А



бет15/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   137
annotation81765

Тартылыс өрісі. Осы заманға көзқарастар бойынша гравитациялық әрекеттесу механизмі былайша түсіндіріледі. Массасы M болатын әрбір дене өзінің төңірегінде өріс тудырады: егер осы өрістің қайсы бір нүктесіне массасы m болатын сынақ денені орналастыратын болсақ онда өріс осы денеге қайсы бір F күшпен әсер етеді, ол күштің мәні өрістің осы нүктедегі қасиеттеріне және сыншыл дененің массасына тәуелді болады. Сыншыл дененің де өзінің төңірегінде өріс тудыратындығы анық, ол өріс өз тарапынан массасы M денеге әсер етеді.
Заттан бос болатын еркін кеңістіктің бірқатар геометриялық және физикалық касиеттері болады. Мәселен, екі нүктенің ең қысқа арақашықтығы түзу сызық болып табылады: кеңістіктің кез келген нүктесінде уақыттың өтуі бірдей болады: жарық сәулелері түзу сызықтар болып табылады.
Эйнштейн бойынша кеңістіктің қайсы бір нүктесінде орналастырылған массасы M дене кеңістіктің қасиетін өзгертеді. Мәселен, екі нүктенің арсындағы ең қысқа қашықтық енді түзу емес, қисық болады, оның түрі дененің массасына және денемен кеңістіктің қарастырылып отырылған нүктесінің арақашықтығына тәуелді болады. Жарық бұрынғыша екі нүктенің арасындағы ең қысқа қашықтық бойынша таралады, бірақ енді жарық сәулелері майысады. Осыған сәйкес ауыр денелердің төңірегінде уақыттың өтуі де баяулайды. Осылайша, гравитациалық өріс ауыр денелердің төңірегінде кеңістіктің физикалық және геометриялық қасиетерінің өзгерісін сипаттайды екен. Гравитациялық өріс материалдық өріс. Ол біздің сана-сезімізге тәуелсіз өмір сүреді, оны физикалық обьектерге әсері бойынша, мысалы, өлшеуін приборларға әсері бойынша байқаймыз. Гравитациялық өріс материяның бір түрі болып табылады.
Тартылыс өрісінің кернеулігі. Тартылыс өрісін сандық жағынан сипаттау үшін гравитациялық өрістің кернеулігі деген физикалық шама енгізіледі. Өрістің кернеулігі сан мәні жағынан сыншыл дегенге әсер ететін тартылыс күшінің осы дененің массасына қатынасына тең болады:


. (1.45)

(1.42) тартылыс заңын пайдаланып және онда m1=M, m2=m деп алып, мынаған келеміз:


. (1.46)

Өзіміз көріп отырғандай, тартылыс өрісінің кернеулігі өрісті тудырып тұрған дененің (өрістің көзінің) массасының, осы денеден кеңістіктің қарастырғалы отырған нүктесіне дейінгі қашықтығына қатынасымен анықталады.


Гравитациялық өрістің кернеулігінің өзінің физикалық мағынасы бойынша сыншыл дененің үдеуімен бірдей түсетіндігі анық. Өрістің кернеулігі сыншыл дененің массасына тәуелсіз болатындықтан, барлық денелер өздерінің массаларына тәуелсіз түрде гравитациялық өрістің берілген нүктесінде бірдей үдеумен қозғалады. Мәселен, міне осы себептен барлық денелер өзара ауырлық күші өрісінде бірдей g үдеумен қозғалады.
Өрістің кернеулігі вектор болып табылады, ол тартылыс күші бағытында бағытталған. Егер радиус-вектор r өрістің M көзінен өрістің зерттелетін нүктесіне бағытталған болса, онда кернеулік векторы әрқашанда радиус-векторға кері бағытталған болады. Осыны көрсету үшін (1.46) формуланы минус таңбасымен жазу керек:


. (1.47)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет