Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А



бет34/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   137
annotation81765

Архимед заңы: Сұйыққа (немесе газға) батырылған денеге дененің көлеміндей сұйықтың (немесе газдың) салмағына тең, вертикаль жоғары бағытталған және ығыстырып шығарылған (сұйықтың немесе газдың) ауырлық центріне түсірілген ығыстырып шығарушы күш әсер етеді.
Ығыстырып шығарушы күшті (1.93) формула бойынша есептеген кезде сұйықтың тығыздығы түрліше тереңдіктерде бірдей болады деп алу керек. Сұйыққа немесе газға түгелдей батырылған дене, ығыстырып шығарушы күш ауырлық күшімен теңгеріскен кезде ғана тепе-теңдік күйде болады. Ал бұл, егер дененің ауырлық центрі және ығыстырылып шығарылған көлемнің ауырлық центрі бір вертикалдың бойында жататын болса ғана мүмкін болады. Егер дененің ауырлық центрі ығыстырылып шығарылған көлемнің ауырлық центрінен төмен жатса, онда тепе-теңдік орнықты болады.
Дененің ауырлық күші ығыстырып шығарушы күштен артық болатын дене сұйықтың түбіне батып кетеді. Егерде ығыстырып шығарушы күш ауырлық күшінен артық болса, онда дене сұйықтың бетіне көтеріледі. Ауырлық күші ығыстырып шығарушы күшке тең болған кезде дене тыныштық күйге келеді. Осы кезде дене жүзіп жүр дейді. Кемелер немесе қайықтар жүзіп жүрген кезде, олардың бір бөлігі судан шығып тұрады. Осы кезде жүзудің орнықтылығын қамтамасыз ету өте-мөте маңызды. Бұл орнықтылық метацентрдің қалпымен анықталады. 1.33-суретте тепе-теңдік тыныштық күйінен α бұрышқа ауытқыған кеме берілген; S2 нүкте кеменің осы еңкейген күйде ығыстырып шығарған сұйығының ауырлық центрі, яғни ығыстырып шығарушы күштің түсірілу нүктесі.


Кеменің ауырлық күшінің түсу нүктесі 0 және ығыстырып шығарушы күштің түсу нүктесі S2 бір вертикалдың бойында жатпайтындықтан, ауырлық күші мен ығыстырып шығарушы күштердің моменттері пайда болады да, олар кемені аударып тастауы мүмкін. M метацентрдің орнын табу үшін S2 нүктеден кеменің орташа сызығымен қиылысқанға дейін вертикаль түзу жүргізу керек. Егер M метацентр кеме қаншалықты еңкейсе де, кеменің 0 ауырлық центрінен төмен түспейтін болса, онда кеме орнықты жүзеді, себебі пайда болатын күш моменті денені тепе-теңдік күйге қайтарады. Кеменің корпусына, кеменің ең үлкен деген еңкеюі кезінде де, метацентрдің қалпы өзгермей қалатындай түр береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет