Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А


Газдың қысымы. Манометрлер



бет48/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   137
annotation81765

Газдың қысымы. Манометрлер. Газдың молекулалары ыдыстың қабырғасына келіп cоғып, оған қысым түсіреді. Газ молекулаларының ілгерілемелі қозғалысының кинетикалық энергиясы және олардың бірлік көлемдегі саны неғұрлым көбірек болған сайын, бұл қысым солғұрлым көбірек болады. Қысымның беттің бірлік ауданына түсірілетін күшпен өлшенетіндігін білеміз:
. (2.13)
Қысымның СИ жүйесындағы бірлігін шығарайық:


Р=1 Н/1 м2=1 Н/м2=1 (кг. м/с2)2=1 кг/(м.с2)=1 Па.

Си жүйесында қысымның өлшем бірлігі ретінде паскаль (Па) қабылданған. 1 м2 ауданға 1 Н қысым күші әсер ететін кездегі қысым паскаль деп аталады. Практикада басқа да қысым бірліктерін пайдаланады: техникалық атмосфера, сынап бағанының миллиметрі және физикалық атмосфера. 1 кГс күштің 1 см2 ауданда тудыратын қысымын техникалық атмосфера деп атайды (ат):


1 ат=1 кГс/см2=9,81104 Н/м2=9,81104 Па.




Сынап бағанының миллиметрі деп (сын. бағ. мм) биіктігі 1 мм сынап бағанының горизонталь бетке түсіретін қысымы аталады. Сұйық ішіндегі h тереңдіктегі оның салмағынан туатын қысым


P=gh (2.14)
формуламан есептелетін болғандықтан, мынандай қатынасты жеңіл тағайындауға болады:

1 сын. бағ. мм.=(13,6103 кг/м3)9,81 м/с210-3 м=133 Па.




Физикалық атмосфера деп (атм) биіктігі 760 мм сынап бағанының горизонталь бетке түсіретін қысымы аталады:

1 атм =1,033 ат=1,013105 Па.






Қысымның осы мәні қалыпты атмосфералық қысым ретінде қабылданған. Қысымды өлшеуге арналған прибор манометр деп аталады. Газдың үлкен мәнді қысымдарын металл манометрмен өлшейді (2.7-сурет). Оның негізгі бөлігі майыстырылған металл түтік А болып табылады. Оның ашық ұшы В түтікке дәнекерленген, ал жабық шеті стрелкаға жалғанған. Егер В кранды ашатын болсақ, онда газ А түтікке өтіп, оны түзетеді. Мұның себебі А түтіктің дөңес бетінің ауданы оның ойыс бетінің ауданынан артық, ал газ қысымы барлық бағыттарда бірдей болады; сондықтан түтіктің ішінде қысым күші ойыс бетке қарағанда дөңес бетке артығырақ болады да, ол А түтікті түзетуге тырысады. Оның шеті стрелканы прибордың шкаласы бойында орын ауыстыртады. Кішкентай қысымдарды өлшеу үшін сұйықтық жабық манометрді (2.8-сурет) пайдаланады. Егер оның ашық шетін газ қысымы аз болатын ыдыспен жалғастырсақ, онда жабық буындағы сұйықтың деңгейі төмендейді. Ыдыстағы қысымды манометрдің жабық және ашық буындарындағы сұйық деңгейлерінің айырымы бойынша табуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет