Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А


Пысықтауға арналған сұрақтар



бет82/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   137
annotation81765

Пысықтауға арналған сұрақтар:

  1. Беттік керілу күшінің формуласын дәлелдеу?

  2. Лапластық қысымның формуласы?

  3. Капилярлық құбылыс дегеніміз не?

  4. Ішкі үйкеліс үшін Ньютон заңы?

  5. Аморфты заттар қандай заттар?

2.4. Термодинамика
2.4.1. Термодинамиканың бірінші заңы.

Жылулық процестерді зерттеудің өте маңызды тәсілі термодинамикалық тәсіл болып табылады. Бұл әдістің мағынасы мынада. Тәжірибе кезінде қарастырылып отырған процесті сипаттайтын макроскопиялық шамалардың сан мәндері өлшенеді. Оларды көбіне термодинамикалық параметрлер деп атайды. Осындай тәжірибелердің нәтижелері бойынша олардың арасындағы заңды байланыстарды тағайындайды, содан соң осы байланыстарды, дұрыстығы күмән тудырмайтын табиғаттың жалпылама заңдарының негізінде математикалық жолмен талдайды. Осындай талдаулар негіз болатын табиғаттың жалпылама заңдарын термодинамиканың бастамалары деп атайды.


Tермодинамикалық әдіс көптеген құбылыстардың өту жолын бағдарлап бере алғанымен, ол бірақ осы құбылыстардың неліктен осылай өтіп жатқанын түсіндіре алмайды, құбылыстың көрнекі моделін бере алмайды. Термодинамикалық әдістің бұл жетімсіз жерін молекулалық-кинетикалық теория толықтырады, ол көптеген құбылыстарды осындай моделдің негізінде түсіндіреді. Сөйтіп құбылыстарды зерттеудің осындай екі аса маңызды әдістері бірін-бірі толықтыра отырып, өтіп жатқан процестерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Термодинамикаға негіз болатын бірінші жалпылама заң энергияның сақталу заңы болып табылады. Оны термодинамиканың бірінші бастамасы деп атайды және ол былайша тұжырымдалады: жүйеге берілген Q жылу мөлшері жартылай жүйенің ішкі энергиясын өзгертуге (U) және жартылай осы жүйенің А жұмысты атқаруына кетеді:


Q=U+A. (2.83)

(2.83) формула қолданылатын жүйенің тек жалғыз ғана денеден-ақ тұруы мүмкін екендігін айта кетелік.


Бұл жерде біз жүйенің ішкі энергиясы түсінігін кең пайдаланатын боламыз: жүйенің ішкі энергиясы деп газдың барлық молекулаларының барлық энергияларының қосындысын түсінетін боламыз. Жүйенің ішкі энергиясының жүйеге жұмыс атқарудың арқасында немесе қайсы-бір жылу мөлшерін берудің арқасында артуы тиіс деп күтуге болады. Жүйенеің ішкі энергиясы жылу ағыны жүйеден шығатын болса, немесе жүйе қайсы-бір сыртқы денелерге жұмыс атқарғанда кемуі тиіс.
Жүйенің ішкі энергиясы да жүйенің күй функциясы болып табылады, себебі жүйенің кез келген күйде, сол күйге сәйкес келетін, нақты ішкі энергиясы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет