Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А


Оқшауланған нүктелік зарядтың электр потенциалы



бет97/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   137
annotation81765

Оқшауланған нүктелік зарядтың электр потенциалы. Оқшау нүктелік q зарядтан r қашықтықтағы электр потенциалды формуланың көмегімен алуға болады. Нүктелік зарядтың электр өрісінің кернеулігі


E=q / 4π0r2

және ол радиус бойымен зарядтан тыс бағытталған (егер q<0 болса, онда зарядқа қарай бағытталған). Осыған дейін айтып кеткеніміздей, тек потенциалдар айырымының ғана физикалық мағынасы бар. Сондықтан біз қайсы-бір нүктедегі потенциалға қалаған мәнді бере аламыз. Потенциалды шексіздікте нөл деп есептеу қабылданған (мысалы rB= кезде В=0), сонда оқшауланған нүктелік зарядтан r қашықтықта электр потенциалының оқшауланған нүктелік заряды:


=q / 4π0r (3.13)


Зарядтар жүйесінің электр өрісінің кернеулігін анықтау үшін әрбір зарядтың жеке-жеке тудыратын өрісінің кернеуліктерін қосындылау оңай шаруа емес. Бірнеше нүктелік зарядтардың электр потенциалдарын есептеу бұдан қайда жеңіл: потенциал-скалярлық шама және потенциалдарды қосқан кезде бағытты ескерудің қажеті жоқ. Электр потенциалының бір артықшылығы міне осында.




3.1.4. Электр сыйымдылық




Конденсатор. Конденсатор деп электр зарядын жинақтайтын қондырғыны атайды; ол бір-біріне жақын орналасқан, бірақ өзара жанаспайтын екі өткізгіштерден (астарлардан) тұрады. Конденсатордың таралған түрінің бірі ара қашықтығы d, ауданы S болатын екі параллель пластиналар, олар бір-бірінен қағазбен немесе басқа бір диэлектрикпен бөлінген. Конденсатор тоқ көзіне қосылған болсын (3.9-сурет), мәселен, батереяға (батарея дегеніміз қысқыштарында шамамен тұрақты потенциалдар айырымы ұсталып тұратын қондырғы). Батареяға қосылған конденсатор тез зарядтала бастайды: оның бір астарында оң заряд жинақталады да, екінші астарында шама жағынан оған тең болатын теріс заряд жинақталады. Әрбір пластинаның қабылдайтын заряды потенциалдар айырымына пропорционал болады:


Q=CВА (3.14)

Пропорционалдық коэффициенті С конденсатордың сыйымдылығы деп аталады. Сыйымдылықтың өлшем бірлігі кулон бөлінген вольт, фарад (Ф) деп аталады. Практикада сыйымдылықтары 1 пф-тан (пикофарад 10-12 Ф) 1 мкф-қа (микрофарад, 10-6 Ф) дейінгі конденсаторлар қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет