1.Баланың мектепке дайындығы
Құрамына тұлғалық және интеллектуалдық дайындық, сондай-ақ көру-моторлық координациясы дамуының жеткілікті деңгейі кіретін кешенді ұғым. Тұлғалык дайындық - оқу іс-әрекетінің мотивтерінің бар болуы (мектепке баруды ғана емес, сонымен қатар оқуды, оқуға байланысты белгілі міндеттерді орын- дауды қалаудың болуы), сыртқы әлемге танымдық көзқараспен қарау, коммуникативтік дағдылардың, қарым-қатынасқа түсу қалауының қалыптасқандығы; психиканың эмоциялық және еріктік дамуының жеткілікті деңгейі. Интеллектуалдык дайындық - жүйелі оқуды бастау үшін жеткілікті танымдық процестердің (қабылдаудың, естің, ойлаудың, қиялдың, сөйлеудің) қалыптасу деңгейіне жету, баланың балабақшаның стандартты бағдарламасының көлеміндегі білімдерді, біліктер мен дағдылары меңгеруі.
2.Баланың мектепке психологиялық дайындығы
Әр бір бала мектепке алғаш келгенде «жақсы оқушы болсам екен, жақсы оқысам екен» деген ниетпен келеді. Бірақ мектепке келген дайындық деңгейінің әртүрлілігі кейбір балалардың оқуға деген мүмкіндігін төмендетеді. Баланың мектепке келуі және алғашқы кездегі мектептің тәртібі, талабы оның өмір салтын және іс-әрекетін өзгертеді. Бұл кезең мектепке келген 6 және 7 жасарлар үшін бірдей қиын болады.Физиологтардың, психологтардың, педагогтардың байқауынша, 1-сынып оқушыларының көпшілігінде жаңа ортаға бейімделу қиын өтеді. Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең.Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды.Осыған байланысты оқу – тәрбие барысында әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің, ата-аналардың басты міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау.Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.Болашақ мектеп оқушысы қызығушылығының қалыптасу жүйесіне қарай өзінің мінез – құлқын, танымдық іс-әрекетін басқара алуы керек.Сонда ғана оның оқуға деген құлшынысы пайда болады.Сонымен қатар, жеке дайындық баланың эмоциялық жай – күйінің даму деңгейінде көрсетеді.Мектепке барар алдында баланың көңіл-күйінің көтеріңкі болғаны жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |