Доспамбет жыраудың өмірбаяны


Доспамбет жыраудың шығармашылығы



бет9/9
Дата06.03.2023
өлшемі151.72 Kb.
#470438
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Доспамбет жырауды? ?мірбаяны

Доспамбет жыраудың шығармашылығы

Өзінің туған жері Азауды «Азаулының Ыстамбұлдан несі кем?» деп ерекше жырлаған. Толғауларында «Ер Доспамбет» деп өзі жырлағандай, Доспамбет «астына қарт күреңді мініп», «болат қылыш асынып» жаумен шайқасқан, жорыққа бастаған батыр жігіт болған. Жорық-шайқастарда басына талай қауіп-қатер төніп, оқ тиіп, өлім аузынан қайтқан. Доспамбет «Айналайын ақ Жайық» деп, туған Жайығын, бетегелі Сарыарқасын, елін, жерін шексіз сүйген. «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауында «Арыстандай екі бұтын алшайтып, арғымақ мінген өкінбес» деп, өмір туралы тебірене толғайды. Доспамбет жыраудың «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Арғымаққа оқ тиді», «Айналайын ақ Жайық», «Тоғай, тоғай, тоғай су», «Айнала бұлақ басы тең» деген толғаулары бар.


Жыраулар поэзиясында ХV – ХVІІІ ғасырдағы елдің басынан өткерген тарихи оқиғалары, халықтың арман-мұраты, бастан кешкен ауыртпалықтары жырланумен қатар елдің саяси-әлеуметтік тіршілігі, дүниетанымы көркем де бейнелі тілмен берілген. Жыраулар поэзиясы философиялық терең ойға құрылып, өсиетнама түрінде келеді. Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы – туған ел, оған деген сүйіспеншілік, елдің бірлігі, бүтіндігімен бірге адамгершілік, этика, мораль мәселелері де кең орын алған. Жыраулар поэзиясында синтаксистік, психологиялық параллелизм, дыбыстық үндесулер, арнау түріндегі сөздер көп қолданылған.
Жырау өткен өмірді жырлағанда туған ел, өскен жерге деген ыстық махаббатын келер ұрпақ болашағымен байланыстыра сипаттайды. Олардың да ертең еліне қорған, тірек болуын қалайды. Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Ол серілік пен сақилықты, дарқандықты, қонақжайлылықты ата-бабадан келе жатқан асыл дәстүр ретінде дәріптейді. Доспамбет жырау шығармалары қазақ поэзиясы тарихында өзгеше көркемдігімен, екпінді ырғағымен ерекшеленеді. Жырау айтайын деген ойының қуатын еселеп арттыру үшін қайталауларды жиі қолданады. Сөйтіп, оларды ұтымдылықпен пайдаланып, ойдың әсерлілігі мен, өткірлігін күшейте түседі. Доспамбет жыраудың ерлік пен елдікке үндейтін толғаулары Бұқар жырау, Махамбет сынды өзінен кейінгі ақындарға елеулі әсер еткені байқалады. Бұл дәстүр толыса, кемелдене келе жаңа сипатқа ие болды. Жыраудың шығармалары біздің заманымызға толық жетпеген. Оның жырларының көпшілігі жорық үстінде қолма-қол айтылған. Сондықтан ел жадында сақталғандары ғана бізге жеткен. Осы азғана жырларының өзінен-ақ оның жырды түйдек-түйдегімен ағытатын дауылпаз жырау болғаны аңғарылады. Доспамбет жыраудың жырлары ертеректе 1893 жылы М. Османовтың «Ноғай уа құмық шығырлары» атты жинағына енген. Кейін 1896 жылы
В. Радловтың «Халық әдебиетінің үлгілері» деген жинағына басылды. Оның жырлары «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды», т. б. сан алуан хрестоматия, жинақтарда үздіксіз жарияланып келді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет