«Dream Wiver және Front Page негізінде желілік ресурстар жасау»



бет6/9
Дата22.02.2016
өлшемі3.22 Mb.
#15
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тапсырма:

  1. Бақылау сұрақтарына жауап беріңіз.

  2. Іскерлік құжаттарды дайындауды әр түрлі программалық жабдықтарда орындауға мысал келтіріңіз


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы орындау үшін Дәріс №1 және жоғарыда берілген теориялық нұсқауларға қараңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

[1]/[1,5,6,7]


Бақылау сұрақтары:

  1. Электронды және баспа құралдарының айырмашылығы неде?

  2. Электронды және баспа құралдарына мысалдар келтіре аласыздар ма?

  3. Үстелдік баспа жүйелері неге арналған?

  4. Компьютерлік беттеу үрдісі неден тұрады?

  5. Баспа жүйелері қандай объектілермен жұмыс жасайды?


Зертханалық жұмыс №2
Тақырыбы: MicroSoft Word програмасының құралдары көмегімен басылымдар дайындау
Мақсаты: Студенттер тізімдерді түрлерін білулері керек және мәтіндерден тізім құра алуылары керек
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Microsoft Word
Қысқаша теориялық түсініктеме:

Реттелген ақпаратты көп жағдайда тізім түрінде берген өте қолайлы. Себебі әрекеттер реті, объектілер тізімі берілуі мүмкін.

MicroSoft Word мәтіндік процессорында келесі тізімдер түрлері бар: маркерленген тізімдер, номерленгер тізімдер. Маркерленген тізімдерде әр пункт маркермен белгіленеді. Ал номерленген тізімдерде тізім элементтері ретімен номерленеді.

Терілген мәтінді тізімге аудару керек болса, сол мәтінді ерекшелеп аламыз да Формат – Тізім (Список) командасын немесе Форматтау тақтасындғы сәйкес батырмаға шертіңіз.


Тапсырма:

MicroSoft Word мүмкіндіктерін пайдалана отырып Қосымша №1 тапсырмасын орындаңыздар.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. Мәтінді өңдеу керек:

    • Қаріп өлшемі – 16;

    • Түрі – жартылай қарайтылған, көлбеу;

Мәтінді маркерленген тізімге келтіру үшін мтәінді ерекшелеп алып, Формат – Тізім (Список) командасын орындаңыз. Ашылған терезеден маркерленген тізім, соның ішінде керек маркер белгісін таңдаңыз. Егер ол маркер жоқ болса Өзгерту (Изменить) батырмасын шертіңіз де керек маркерді таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз.

  1. Мәтінді теріңіз.

  • Қаріп атауы - Courier New;

  • Қаріп өлшемі – 13;

  • Түрі – жартылай қарайтылған.




  1. Мәтін көпдеңгейлі тізім түрінде терілген. Мәтінді теріңіз. Оны ерекшелеп алып, Формат – Тізім (Список) командасын орындаңыз. Ашылған терезеден көпдеңгейлі тізім, соның ішінде керек тізім белгісін таңдап, ОК батырмасын шертіңіз.

  2. Мәтінді теріңіз. Бірінші телефон номерін ған ерекшелеп алыңыз, Формат – Тізім (Список) командасын орындаңыз. Ашылған терезеден маркерленген тізім, соның ішінде керек маркер белгісін таңдаңыз. Содан кйін келесі телефон номерін белгілеп керек маркерді таңдаңыз т.с.с.

  3. Сурет салу (Рисование) тақтасынан Автофигуралар – Жұлдыздар және ленталар (Звезды и ленты) сәйкес лентаны таңдаңыз. Жанама мәзірден Мәтін қою (Добавить текст) командасын таңдап, мәтінді теріңіз.

  • Қаріп атауы - Comic Sans MS;

  • Қаріп өлшемі – 14;

  • Түрі – жартылай қарайтылған.


Ұсынылатын әдебиеттер:

[2,3,5,6,7]/[6]


Бақылау сұрақтары

    1. Тізім дегеніміз не?

    2. Тізімнің қандай түрлері бар?

    3. Автофигураға мәтінді қалай енгізуге болады?


Зертханалық жұмыс №3
Тақырыбы: Microsoft Word: беттеудің және макеттеудің мүмкіндіктері

Мақсаты: Microsoft Word программасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып беттеу, стиль құрып үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Microsoft Word
Қысқаша теориялық түсініктеме:

Сурет салу тақтасының элементтері: автофигуралар, жазу (надпись), көлңке т.б. қолданасыз. Microsoft Word анықтама бөліміне барып, сурет салу тақтасы жайлы оқып танысыңыз.
Тапсырма:

Қосымша №4 тапсырмасын орындаңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. Автофигура ішіне WordArt компонентін қоюға болады. Ол үшін автофигураның жанама мәзірінен Мәтін қою командасын орындап, керек мәтінді теріңіз. Оны ерекшелеп алып, Сурет салу тақтасындағы WordArt компонентін таңдаймыз. Керек WordArt компонентінің түрін таңдап ОК батырмасына шертеміз.

  2. Мәтінді теріңіз. Формат – Стильдер және форматтау командасын орындаңыз. Ашылған терезеде Стиль құру (Создать стиль) батырмасына шертіңіз. Келесі сұхбат терезесі ашылады (Сурет 3).




Сурет 3. Стиль құру терезесі
Ашылған терезеде келесі параметрлерді орнатыңыз:
Аты – ФОРТУНА;

Стиль – Абзац;

Қаріп атауы - Courier New;

Қаріп өлшемі – 18;

Жоларалық интервал – 1;

Туралау – ортасы бойынша;

Қаріп түсі – көк.

Шаблонға қосу өрісіне жалауша белгісін қойыңыз. ОК батырмасын шертіңіз. Мәтінді ерекшелеп алып, Форматтау тақтасындағы стильдер тізімінен өзіңіз құрған ФОРТУНА стилін таңдаңыз.



  1. Тізімдерді теріңіз. Оларды ерекшелеп алып, Формат – Бағандар (Колонки) командасын орындаңыз немесе стандарттау тақтасындағы сәйкес батырмаға шертіңіз.

  2. Мәтінді теріңіз. Өз бетіңізбен осы мәтінге стиль құрыңыз.

  3. Автофигураны форматтаңыз, мәтінді енгзіңіз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

[2,3,5,6,7]/[6]


Бақылу сұрақтары

  1. Бағандарға мәтінді қалай бөлуге болады?

  2. Автофигураның түсін, шектеуін қалай өзгертуге болады?

  3. Microsoft Word программасында стильді қалай құрамыз?

Зертханалық жұмыс №4
Тақырыбы: Microsoft  Office Publisher-де жаңа құжат дайындау. Басылым құжатымен жұмыс жасау
Мақсаты: Microsoft  Office Publisher-дің терезесімен танысу. Басылым құжатымен жұмыс істеп үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Microsoft Publisher


Қысқаша теориялық нұсқау:

Microsoft фирмасының версткалау программасы - Microsoft Publisher 2003. Бұл программаның негізгі мақсаты - толық кітапты, газетті версткалау емес, қолданушыға жарнама жасауға, визитка, буклет жасауға, өңделген мәтінді жасауға көмектесу. Бұл программа QuarkXPress, PageMaker, Adobe InDesigh программаларының мүмкіндіктерін де қамтыған. Microsoft фирмасы әмбебап версткалау программаларының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін бір программаға жинақтаған. Пуск – Программы – Microsoft Office - Microsoft  Office Publisher 2003 командасын орындаңыз. Келесі терезе (Сурет 4) ашылады:





Сурет 4. Microsoft  Office Publisher 2003 терезсі
Бұл терезе Microsoft  Office Publisher 2003-тің негізгі терезесі болып табылады. Бірінші жол – тақырып жолы. Онда қосымшаның атауы және басқару батырмалары орналасқан. Екінші жол – меню қатары. Үшінші жол – стандартты саймандар тақтасы. Бұл тақтада басылымдарды ашу, сақтау, алдын-ала көру, кері қайтару, өшіру, қиып алу, қою т.б. саймандар орналасқан. Төртінші жол – форматтау тақтасы. Онда қаріпті форматтауға керекті саймандар орналасқан. Келесі жұмыс аумағы орналасқан. Онда құрылатын жариялыммен (публикациямен) жұмыс жасаймыз. Соңғы жол – қалып күй қатары. Бет номері және объектінің орналасуын көрсетеді. Келесі суреттерден (Сурет 5, 6, 7, 8, 9, 10) Microsoft  Office Publisher 2003 қолданылатын тақталарды көре аласыз:


Сурет 5. Стандартты саймандар тақтасы


Сурет 6. Форматтау тақтасы

Сурет 7. WordArt тақтасы






Сурет 9. Объектілер Сурет 10. Байланыс

Сурет 8. Өлшеу

Есептер облысы (Область задач) терезесінде келесі қандай жариялым құратыныңызға байланысты қажет пунктті таңдайсыз Мысалы, жаңа жариялым құру (Создание новой публикации): 1- баспаға жіберуге арналған жариялымдар (публикации для печати), 2 – веб-тораптар және электронды почта (веб-узлы и электронная почта), 3 – макеттер жиыны (набор макетов), 4 – бос жариялымдар (пустые публикации).



  • Баспаға жіберуге арналған жариялымдардың ішінде дайын үлгілер орналасқан: күнтізбелер, визиткалар, открыткалар, іс қағаздары, буклеттер, хабарландырулар т.б. Осы дайын үлгілерді пайдаланып, өзіңізге қажетті жариялымды көрнекі түрде жылдам жасай аласыз.

  • Келесі веб-тораптар және электронды почта үлгілері бар.

  • Макеттер жиыны жаңағы аталған үлгілердің макеттерін өзгертуге мүмкіндік береді. Мұнда дайын макет үлгілері бар. Өз қалауыңыз бойынша таңдау жасай аласыз.

  • Бос жариялымдар түрлерін таңдау мүмкіндігі бар.



Тапсырма:

Қосымша №5 тапсырмасын орындаңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:


  1. Пуск – Программы – Microsoft Office - Microsoft  Office Publisher 2003 командасын орындаңыз.

  2. Баспаға жіберуге арналған жариялымдардың ішінен Күнтізбелер (Календари) – Бүкіл бетке (На всю страницу) – Календарь. Волны таңдаңыз.

  3. Параметры: Календарь терезесінде келесі параметрлерді орнатыңыз: Бағдары (ориентация) – альбомная; Ай немесе жыл – жылға; Шаралар күнтізбесі (календарь событий) – включить.

  4. Дата аралығын өзгерту (изменить диапазон дат) сұхбат терезесін ашыңыз (Сурет 11). Келесі терезе ашылады:

2008 жылын көрсетіңіз.



Сурет 11. Дата аралығын өзгерту

  1. Эмблема суретін белгілеңіз (Сурет 12).



Сурет 12. Эмблема суреті
Эмблеманың параметрлерін өзгерту үшін батырмасын шертіңіз.

  1. Эмблеманы келесі түрге келтіріңіз (Сурет 13)




Сурет 13. Эмблеманың өзгертілген түрі

Мәтінге екі рет шерту арқылы немесе жанама меню көмегімен СМПИ мәтінін енгізіңіз. Форматтау тақтасындағы саймандар көмегімен Arial– қарібін, өлшемін – 16, туралау – ортасы, түрі – жартылай қарайтылған (полужирный) деп таңдаңыз. Қаріп түрін таңдағанда толық күнтізбедегі мәтіндердің қарібі өзгергенін байқаймыз.



  1. Шрифтер схемасынан Arial қарібін таңдаңыз.

  2. Семей мемлекеттік пеадгогикалық институты: қаріп өлшемі – 16, туралау – ортасы, түрі – жартылай қарайтылған.

  3. Оқы, оқы және оқы: қаріп өлшемі – 14, туралау – ортасы, түрі – жартылай қарайтылған.

  4. 2008: қаріп өлшемі – 20, туралау – ортасы, түрі – жартылай қарайтылған.

  5. Шаралар: қаріп өлшемі – 16, туралау – ортасы, түрі – жартылай қарайтылған.

  6. Адрес және телефон: қаріп өлшемі – 12, туралау – ортасы.

  7. Ай аттары қазақша атаумен берілген. Қаріп өлшемі – 7.

  8. Тышқан курсоры көмегімен объектілерді жариялымда қосымша №1 –дегі сияқты орналастырыңыз.

  9. Басылымды сақтау үшін Файл – Сохранить как командасын орындаңыз. Ашылған сұхбат терезесінде Басылымды КАЛЕНДАРЬ деген атпен өз бумаңызда сақтаңыз. Басылымның типі өрісінде Файлы Publisher таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

[3]/[7,11]


Бақылау сұрақтары

  1. Microsoft  Office Publisher программасын не үшін қолданылады?

  2. Программаның қандай мүмкіндіктері бар?

  3. Жариялым дегеніміз не?


Зертханалық жұмыс №5
Тақырыбы: Microsoft  Office Publisher программасында буклет жасау
Мақсаты: Microsoft  Office Publisher-дің дайын шаблондарын пайдаланып, өз беттерімен бос басылымдарда буклет жасауды меңгеру. Форматтау тақтасының компоненттерін буклет жасауда қолдануды үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Microsoft Publisher


Қысқаша теориялық нұсқау:

.

Microsoft  Office Publisher 2003 программасында дайын шаблондар көмегімен басылымдар дайындауға болатыны белгілі. Солардың бірі буклеттер жасау. Буклет (Booklet) - бір бетке шығарылатын көркем басылым. Екі немесе одан да көп беттерге бүктеуге болады. Буклеттің түрлері: ақпараттық (информационный), прейскурант, оқиға (событие), қамқорлық (благотворительная).



Microsoft  Office Publisher 2003 программасында шаблондар есептер облысында (область задач) орналасқан. Ол терезенің сол жақ бөлігінде орналасады. Бұл терезені шығару үшін Түр (Вид) мәзірінің Есептер облысы командасын орындаймыз немесе CTRL+F1 пернелерін басамыз.
Тапсырма:

Қосымша №7 тапсырмасын орындаңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. Microsoft  Office Publisher 2003 программасын жүктейміз.

  2. Есептер облысынан Жаңа басылым құру (Создание новой публикации)-Басылымдар (Публикации) – Буклеттер – Ақпараттық (Информационные) командасын таңдаймыз.

  3. Ашылған шаблондардың ішінен Затмение шаблонын таңдаңыз. Дайын шаблон ашылады.

  4. Енді осы шаблонға Семей мемлекеттік педагогикалық институтының информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы жайлы қажетті ақпараттарды енгізіңіз.

  5. Ұйым атын жазуға арналған мәтіндік өріске Семей мемлекеттік педагогикалық институты мәтінін теріңіз. Қаріптің аты - Courier New, өлшемі – 16, түсі – қызыл түсті, жартылай қарайтылған, туралау – ортасы бойынша.

  6. Келесі өріске информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы мәтінін енгізіңіз. Қаріптің атауы - Bookman Old Style, өлшемі – 18, түсі – жасыл, жартылай қарайтылған, туралау – ортасы бойынша.

  7. Суреттің орнына осы кафедраның саласына байланысты сурет орналастырыңыз. Ол үшін Кірістіру (Вставка) - Сурет (Рисунок) – Картиналар командасын орындаңыз. Ашылған терезеден қосымшадағы суретті тауып қойыңыз. Форматтау тақтасынан Көлеңкелер (тени) компонентінен екінші стильді таңдаңыз.

  8. Ұранға арналған мәтіндік өріске «Оқы, оқы және оқы» мәтінін енгізіңіз. Қаріптің атауы - Comic Sans MS, өлшемі – 16, түсі – көк, жартылай қарайтылған, туралау – ортасы бойынша.

  9. Келесі өріске телефон номерін енгізіңіз. Қаріптің атауы - Courier New, өлшемі – 14, түсі – қара, туралау – ортасы бойынша.

  10. Алдыңғы зертханалық жұмысты еске түсіре отырып, сол тәсілмен эмблеманы қосымшадағы түрге келтіріңіз.

  11. Адрес көрсетуге арналған өріске адресті енгізіңіз. Қаріптің атауы - Times New Roman, өлшемі – 12, түсі – қара, туралау – ені бойынша. Тышқан курсоры көмегімен объектілерді белгілеп алып орнын, көлемдерін қосымшадағыдай етіп орналастырыңыз.

  12. Келесі беттегі өріске Кафедра жайлы... мәтінін енгізіңіз. Қаріптің атауы - Bookman Old Style, өлшемі – 16, түсі – жасыл, жартылай қарайтылған, туралау – ортасы бойынша.

  13. Келесі өріске кафедра жайлы ақпаратты тереміз. Қаріптің атауы - Kz Times New Roman, өлшемі – 16, түсі – қара, жартылай қарайтылған, көлбеу, туралау – ені бойынша. Форматтау тақтасындағы Жоларалық интервал компоненті көмегімен интервалды 1,35–ке өзгертіңіз.

  14. Буклеттің бірінші және соңғы беттерінің шектеулерін өзгертіңіз. Ол үшін сол беттердегі сыртқы тіктөртбұрышты белгілеп алып, Форматтау (Форматирование) тақтасындағы Түзудің немесе шектеудің түрі компоненті көмегімен қажетті шектеуді таңдайсыз.

  15. Форматтау тақтасынан Көлеңкелер (тени) компонентінен эмблемаға өз еркіңізбен стиль таңдаңыз.

  16. Буклеттің ішкі бетін өз еркіңізбен толтырыңыз.

  17. Басылымды БУКЛЕТ деген атпен өз бумаңызда сақтаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

[3]/[7,11]


Бақылау сұрақтары

    1. Буклет дегеніміз не?

    2. Буклеттің қандай түрлері бар?

    3. Есептер облысын экранға қалай шығарады?



Зертханалық жұмыс №6
Тақырыбы: Microsoft Office Publisher интерфейсінің баспа жүйесі
Мақсаты: Microsoft  Office Publisher-де бос басылымдарды таңдап, кітапша жасауды үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Microsoft Publisher


Қысқаша теориялық нұсқау:

Microsoft  Office Publisher жариялымдар, іскерлік құжаттар құруға арналған офистік прогамма. Microsoft  Office Publisher-де жұмыс істеу қолайлы. Дайын үлгілермен, макеттермен тез, көрнекі жариялым құруға болады. Құрылған құжатты сақтау форматтары да оның басқа программалармен байланысын жеңілдетеді. Мәтін енгізі үшін Құралдар параметрлерінің тақтасынан жақтауша батырмасын таңдаймыз (Сурет 14). Мәтін енгізу аймағы пайда болады да, мәтінді теріп енгіземіз.





Сурет 14. Құралдар параметрлерінің тақтасы

Publisher қосымшасында мәтіндерді өңдеудің екі түрі бар: символдарды өңдеу және абзацтарды өңдеу. Абзацтарды өңдеу көбінесе мәтіндік өрістерді таңдау арқылы орындалады. Символдық өңдеуге мәтін тұрған өрісті емес, мәтіндерді ерекшелеу жатады.

Publisher қосымшасында әртүрлі элементтерді бір бетке орналастыруға болады. Барлық көңіл құжаттың жалпы түріне бөлінеді. Ұстақ-түйектерді де ұмытпау керек, бірақ та құжаттағы элементтердің бір бірімен қалай орналасқаны әсер қалдырады.

Publisher қосымшасында открыткалар, бюллетень, күнтізбелер, брошюралар, каталогтар және т.б.с.с көптеген баспа өнімдерін компьютерде орындап, принтерден шығара аласыздар.


Тапсырма:

Қосымша №9 тапсырмасын орындаңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

1. Microsoft Publisher 2003 программасында бос басылым құру үшін Есептер облысынан (Область задач) Бос басылымдар (Пустые публикации) командасын таңдаймыз. Келесі терезе ашылады (Сурет 15):



Сурет 15. Бос басылым құру терезесі

2. Осы жерден Кітап түрінде бүктеу (Книжный сгиб) түрін таңдаймыз. Келесі сұхбат терезеде сізден беттерді автоматты қосу керек пе, әлде жоқ па екендігін сұрайды. Иә (Да) батырмасын басыңыз (Сурет 16). Сурет 16. Бет қосуды сұрау

Басылым келесі түрге келеді (Сурет 17):

Сурет 17. Параметрлерді өзгерткеннен кейінгі басылым түрі

3. Файл – Бет параметрлері (Параметры страниц) командасын орындаймыз. Келесі сұхбат терезесі ашылады (Сурет 18):



Сурет 18. Бет параметрлері терезесі

4. Басылым типі (Тип публикации) өрісінде автоматты түрде Брошюра типі таңдалып тұрады. Ені (Ширина) өрісіне – 28см, Биіктігі (Высота) өрісіне – 19см мәндерін енгіземіз. Бағытына (Ориентация) альбом түрін таңдаймыз, ОК батырмасын шертеміз.

4 беттен тұратын басылым келесі түрге келеді (Сурет 19):

Сурет 19. Параметрлері өзгерген басылым түрі

5. Есептер облысынан (Область задач) Басылымдар макеті (Макеты публикации) бөлімін ашамыз. Сол жақта ашылған макеттердің ішінен ВЕЧЕРИНКА макетін таңдаймыз. Түстік схемадан ВОСХОД схемасын таңдаймыз 2,3 беттерге ПИКСЕЛЬ макетін қоямыз. Түстік схемадан Вереск схемасын таңдаймыз

6. Кірістіру (Вставака) – Беттер номерлері (Номера страниц) командасын орындаймыз. Келесі сұхбат терезесі ашылады (Сурет 20):





Сурет 20. Бет номерлері терезесі

Орналасуы (Положение) өрісінен Беттің төменгі жағына (Внизу страницы), Туралау (Выравнивание) өрісіне Оң жақ (Вправо) таңдаймыз. Бірінші бетке номер қою өрісінен жалаушаны алып тастаймыз.

7. Басылымның бірінші бетіне Кірістіру (Вставка) – Сурет (Рисунок) - WordArt объектісі (Объект WordArt) командасын орындаймыз немесе Объектілер

тақтасынан сәйкес компонентті таңдаймыз. . «Шақыру билеті» мәтінін теріп, оның түсін түстік схемаға сай келетіндей етіп өзгертеміз. WordArt компонентінің форматын өзгертуді MS Word 2003 мәтіндік процессорын оқығанда өткенсіздер.

8. Екінші бетке Объектілер (Объекты) тақтасынан Жазу (Надпись) компонентін таңдап орналастырамыз. Қосымша №5-тегі мәтінді енгіземіз. Қаріп атауы - Comic Sans MS, өлшемі – 18, туралау – сол жақ бойынша.

9. Үшінші бетке қосымшада көрсетілген суретті орналастырамыз. Басылымға сурет қою үшін алдыңғы зертханалық жұмысты естеріңізге түсіріңіздер. WordArt компонентін қолданып құттықтау сөздерді теріңіз.

10. Соңғы бетіне ұйымның эмблемасын орналастырыңыз.

11. Басылымды сақтаңыз. Қосымша № 9

Ұсынылатын әдебиеттер:

[3]/[7,11]


Бақылау сұрақтары

  1. Бос басылымды қалай құрады?

  2. Бос басылымдардың қандай түрлері бар?

Зертханалық жұмыс №7
Тақырыбы: PageMaker -мен жұмыс істеу негіздері
Мақсаты: PageMaker-дің терезесімен танысу. Басылымдар құруды, ашуды, жабуды, сақтауды үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Adobe PageMaker


Қысқаша теориялық нұсқау:

Adobe PageMaker беттеуді жүзеге асыруға өте қолайлы және мүмкіндіктері көп программалық жабдық. Мұнда газет, журналдарды дайындауға болады, сонымен қатар, басқа да басылым түрлерін жасай аласыз. Мәтін мен иллюстрациялар қолда бар жағдайда, баспа жүйесімен жұмыс істеуге кірісу керек. Мәтінді мәтіндік редакторда терген ыңғайлы, өйткені онда беттеу бағдарламасына қарағанда редакциялау, орфография мен грамматиканы тексеру мүмкіндігі молырақ. Иллюстрациялар кез келген графикалық редакторда дайындалуы мүмкін (кәсіби мамандар Adobe PhotoShop бағдарламасына жиірек қолданады). Одан кейін мәтін мен иллюстрацияларды импорттап, баспа жүйесімен жұмыс істеуді бастауға болады. Біз үйренетін Adobe фирмасының PageMaker баспа жүйесі - ең кеңінен тараған беттеу бағдарламаларының бірі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет