«Келісемін» «Бекітемін»
ДТІЖО : С.Дауренбекова Мектеп директоры: Т.Тастанов
«М.Жұмабаев атындағы №15 жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022-2023 оқу жылында
10 «А» сыныппен жүргізілетін
тәрбие жоспары
Сынып жетекшісі: Ахмедова Г.
І. Мақсаты:
- Сыныпта өзара құрмет, бір – біріне деген сыйластық пен ынтымақтастық қасиеттерін қалыптастыру арқылы оқушылардың өзін – өзі басқаруын жетілдіру;
-Тәрбиелік шаралардың формасын жетілдіре отырып, әлеуметтік жобаларға деген қызығушылықты арттыру және қатыстыру;
-Оқушы құқығы мен міндетін түсіндіру және оқушыларда көшбасшылық дағдыларын қалыптастыру;
- Ұлттық өнерді құрметтейтін, ұлттық өнерді насихаттай алатын, ұлттық құндылықтарға ден қоятын тұлға тәрбиелеу.
ІІІ. Міндеттері:
- өзінің , өзгелердің , адамгершілік құндылықтарын танып білуге қызығушылықтарын арттыру;
-сыйластыққа, кішіпейілдікке, ізгілікке, қарапайымдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
-оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға жұмылдыру;
- өзін – өзі басқару жүйесін жетілдіре отырып, дарынды, өнерлі оқушылардың қатарын көбейту, көшбасшылықты дамыту;
Күтілетін нәтиже:
Тәрбиелі де өнегелі, парасатты да салмақты, рухани ішкі дүниесі бай ұлттық жетістіктерді тез қабылдайтын жеке
тұлға қалыптасады. Өз күшіне сенімділігі, өзіне деген қабілеттілігі, шығармашылық мүмкіндіктеріне деген сенімі қалыптасады.
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2. Рухани-адамгершілік тәрбие
Ұлттық тәрбие
Отбасы тәрбиесі
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады.
Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігінің өлшеуіші ретінде тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және қоғамдық құбылыстарға қарым-қатынастардан байқалатын критерийлер ұсынылды.
Достарыңызбен бөлісу: |