Дуальді оқыту жүйесінде студенттердің ЕҢбек қҰндылықтарын қалыптастыру аңдатпа



Дата11.07.2016
өлшемі51.5 Kb.
#192174
ӘОЖ 331.360

Нұржанбаева Ж.О.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан


ДУАЛЬДІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Аңдатпа: Бірыңғай білім беру-өндірістік орта жағдайында студенттерді дуальді мақсатта даярлаудың тұтас жүйесін құру техника-технологиялық ұстанымдармен қазіргі таңда техникалық саладағы мамандар даярлау үдерісін қайта бағдарлануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кәсіптік білім саласындағы студенттердің тұлғалық дамуы мен педагогтардың ғылыми-әдістемелік сапаларының деңгейіне қазіргі қоғам және заманауи өндірістің қойып отырған талаптары жоғары болып отыр. Нарық қатынастарының қалыптасуы мен дамуы және өндірістегі қарқынды түрде жүріп жатқан техникалық-технологиялық инновациялық үдерістерге болашақ мамандардың жылдам бейімделуі мен сол үдерістің белсенді қатысушысына айналуына мүмкіндік беретін дуальдық оқыту жүйесі.
Кілттік сөздер: дуальді оқыту, дуализм, дуальдық жүйе, кәсіптік білім беру, еңбек құндылықтары.
Қазіргі кезеңдегі білім беру парадигмасының инновациялық бағыттылығы бір-бірімен үйлесімді біріккен екі логикалық түйіннен құралған: білім беру (азаматтардың қабілеттіліктерін дамыту) және экономика (адам ресурстарын оңтайлы қолдану). Кәсіптік білім берудің қазіргі кезеңдегі маңызды сипаттамасы интеграциялық үдерістері біріншіден, білім беру жүйесінің өз ішіндегі мазмұндық-құрылымдық өзгерістерге ұшырауы, екіншіден кәсіптік білім беру мен өнідірістік саланыі өзара әрекет етуі үдерісінің қарқындылығынан көрінеді. Осылайша кәсіптік білім берудегі интеграциялық тенденциялардың екі жақты бірлігі және одан туындайтын үдерістер әдіснамалық категория ретінде дуальдық ұстанымы тұрғысынан жалпығылыми және педагогикалық аспектіде түсінуге алып келеді.

«Дуальдық», «дуализм», «дуалистік» терминдері латын тілінен «dualis-екіжақты» бір абстрактілі жалпыәдіснамалық ұғымды білдіреді[1]. Дуальдық ұғымы қөзге де ғылым салаларында кеңінен қолданылады. Философиялық категория ретінде дуализм материалдық және руханилық субстанция (материя және рух, материалдық және руханилық), бір-бірінен ажырамас екі бастаманы білдіреді. Экономикалық мағынада «дуализм» бір елдегі екі өндірістік тәсілдің, еңбек ресурстарының нарығының, тұтынудың, ақша айналымының екі түрі қатар қалыптасқан жағдайда қолданылады.

Педагогикада «дуальдық жүйе» алғаш рет ГФР 1960 жылдың ортасынан бастап кәсіптік оқытудың жаңа формасы ретінде қолданыла бастады. Дуальды оқыту ресми түрде алғаш рет ғылыми айналымға Германияда қолданылғанымен әлемнің барлық елдерінде ерте кезеңнен бастап әртүрлі формада жүзеге асқан. Халықтық педагогикада еңбек тәрбиесімен егіз ұштасқан кәсіп игеру, өз ісінің шебері атану үшін ерте жастан ұстазға, шеберге үйренуге балаларын беріп оқыту дәстүрі болған. Өмірге қажетті кәсіп түрлеріне орай ер балаға, қыз балаларға еңбек тәрбиесіне баули отырып, кәсіп үйреткен [2].

Отандық кәсіптік білім беру тәжірибесіне эксперимент ретінде енгізіліп отырған дуальдық оқыту – әлеуметтік әріптестік, яғни білім беру мекемелері мен еңбек нарығындағы барлық субьектілерімен, олардың институттарымен, аймақтық басқару ұйымдарымен, социумдағы мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен өзара келісімге келе отырып, осы үдеріске қатысушылардың мүдделерін жүзеге асырудағы өзара әріптестікті білдіреді.

Дуальдық оқыту жүйесінің осы әлеуметтік әріптестікті орната отырып, болашақ мамандардың бойында қоғамға және өзіне қажетті құндылық сапаларды қалыптастыруда кешенді түрде ықпал ету мүмкіндігін арттыра түсетіндігін көрсетеді. Болашақ маман үшін маңызды еңбек құндылықтарының қалыптасуына ықпал ететін – еңбек ортасы. Дуальдық оқыту үдерісі барысында студенттер тікелей шынайы еңбек ортасына барады, оларға кәсіпорын тарапынан берілген еңбек операцияларын орындауы барысында көзқарастары, еңбекке деген құлшыныстары, кәсібіне деген қызығушылықтары арта түседі. Әрине іс-тәжірибе барысында осы үдеріске да қатысады, алайда теориялық білімі мен іс-тәжірибелік машық, дағдыларын қатар игерудің тиімділігі жоғары екендігін көрсетіп отыр [3].

Сонымен қатар, әлеуметтік әріптестіктің кәсіптік білім беру саласында мемлекеттің саясатын жүзеге асырудың тиімді тетігі ретінде маңыздылығын бірқатар ғылыми зерттеулерде дәлелденген. Әлеуметтік әріптестік - білім беру мекемелері мен кәсіпорындардың өзара тиімділік және өзара мүдделілік негізінде құрылған байланыстарды орнатады, оны жүзеге асырып, бағыт беретін, ұйымдастыруға белсене қатысушы мемлекеттің әрекеттерін қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік әріптестіктің нәтижелі жүзеге асуына кәсіптік білім беруді ұйымдастыру жаңа принциптерінің жүйесі ықпал етеді. Аталған принциптердің интегративтік негізі «Жұмыс беруші нені оқытуды анықтайды, білім беру мекемелері – қалай оқытуды анықтайды». Осыдан келіп шығатын жетекші қағида «еңбек нарығына қарай бағдар алу»[4].

Дуальды модель - бизнестің, болашақ маман мен мемлекеттің мүдделерінің бірлестігі.Бұл мәселенің іске асыру тетігі тұтастай білім беру жүйесін жаңғырту, оқу-тәрбие үдерісін бүгінгі күн талаптарына сай оңтайландыру, дуальды кәсіби білім беруді дамыту, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру мәселелерін кешенді түрде шешу міндеттері жүзеге асырылуы. Дуальды кәсіби білім беру көптеген дамыған елдер тәжірибесінде бар және бұл оқыту жүйесі кеңестік жүйеде де қолданылған болатын.

Қазіргі қоғамда еңбек құндылығының мәні мен мағынасын Н.Назарбаевтың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты Қазақстан халқына үндеуінде нақтылап берген болатын. Жаһандық дағдарыстың себептерінің бірі болып отырған әлеуметтік масылдықты жоюдың жолы бәсекеге қабілетті, өз кәсібінің нәсібін көре алатын, өзінің еңбек әрекетінен рухани қанағат табатын, кәсіби маман даярлауға жаңа міндеттер қойған болатын. «Біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. Оларға Қазақстаннан тыс жерде жұмақ жоқ. Жастарымыз туған Қазақстанда еңбек етіп, өз әлеуеттерін жүзеге асырулары қажет: тұтастай білім беру жүйесін жаңғырту; оқу-тәрбие үдерісін бүгінгі күн талаптарына сай оңтайландыру; дуальды кәсіби білім беруді дамыту мәселелерін кешенді түрде шешу міндеттері жүзеге асырылуы тиіс» [5].

Осы тұрғыдан алғанда,дуальды оқыту жүйесінің болашақ мамандардың кәсіптік құзіреттіліктері мен еңбек құндылықтарын қалыптастырудағы орны мен ролін анықтау мақсатында Шымкент қаласындағы колледж студенттерінің арасында сауалнама жүргізілген болатын, нәтижесінде келесі қорытындылар жасауға мүмкіндік берді.

Еңбектің маңыздылығын бағалауда тұлғаның дамуына ықпал ететін көпқырлы аспектілері:

1. Еңбек адамның дене мүшелерін дұрыс жетілуі

2. Ақыл-ойының дұрыс бағдарда қалыптасуы

3. Зейіні мен зеректігін жетілуі

4. Шығармашылық ізденісі

5. Адамгершілік

6. Азаматтық ұстанымы

7. Патриоттық сезімі

8. Өзінің қоғам алдындағы парызы мен жауапкершілік сезімі

9. Жолдастық, достық сезімі

10. Ұжымдағы қарым-қатынас мәдениеті

11. Мінез-құлқының дұрыс қалыптасуы мен өмірде өзінің орнын табуы

12. Өзі сүйіспеншілікпен атқаратын болашақ кәсібін таңдауы

13. Таңдаған мамандығынан еңбекке қанағаттануы мен рахат сезіміне бөленуі

Дуальді оқыту жүйесінде колледж студенттерінің бойында еңбек құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ететін орта: жанұя, білім беру мекемелері, өзін қоршаған ортасы (достары, сыныптастары және т.б.), кәсіпорын. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан жастарының құндылық бағдарында еңбектің алатын орны:

1. Жоғары жалақы

2. Қызықты жұмыс

3. Достар

4. Мансап

5. Жауапкершілік

6. Белсенділік

7. Еңбексүйгіштік

Еңбек – бұл студенттердің басым бөлігі үшін іс-әрекет түрі ретінде қабылданады, еңбек етудің мақсаты – өзінің және жанұя қажеттіліктерін өтеуге бағытталған. Қазіргі студент кәсіби-тұлғалық және әлеуметтік-статустық ынталылығымен сипатталады. Еңбек құндылығының болашақ маман тұлғасында қалыптасқандығы - қоғамның мүшесі ретінде қоғамдық мәні бар құндылықтарды қабылдауы деңгейін анықтап береді. Қазіргі студенттердің 10 негізігі құндылықтары:

1. Жанұя


2.Материалдық игілік

3.Достар


4.Денсаулық

5.Білім, қызықты жұмыс, өзін таныту

6.Бостандық, дербестік

7.Бедел, атақ-мансап

8.Хобби, спорт

9.Шығармашылық

10.Табиғатқа көзқарас

Дуальді оқытуды ендірудегі кездесіп отырған түйіткілді мәселелеріне қатысты, 2015 жылдың 18 желтоқсан күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Кәсіпке баулудың теориясы және әдістемесі» кафедраcының Шымкент қаласындағы №5 колледжі базасында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне дуальді оқытуды ендіру мәселелері» тақырыбындадөңгелек стол ұйымдастырылып, өткізді.

«Дөңгелек столда»:п.ғ.к.,доцент Камалов Ю.Н. «Бәсекеге қабілетті маман даярлаудың өзектілігі» жайлы бірқатар мәселелердің бар екендігіне тоқталып өтті. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне дуальді оқытуды ендіру - заман талабы» жайлы п.ғ.д., профессор С.А.Жолдасбекова дуальді оқытудың тиімді тұстарына тоқталып, оның артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасап берді. Ал, кәсіптік білім беру мекемелерінде критериялды бағалау технологиясын қолдану мәселесі бойынша өз пікірімен бөліскен п.ғ.к., аға оқытушы А.С.Ұзаховаға колледж оқытушылары тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Қазіргі техникалық және кәсіптік білім беруді заманауи технологияларсыз елестету мұмкін емес, осыған сәйкес тігін бұйымдарын жобалауда автоматты жобалау жүйесін пайдалану мүмкіндіктері туралы аға оқытушылар С.Ш.Байзахова және Ш.А.Битемирова бинарлық дәріс түрінде даярлаған презентациясы колледж оқытушыларының жаңа инновациялық технологияларды қолдануына бағыт беретін мазмұндағы оқу-әдістемелік құрал ретінде қызу талқыланды, сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Өз кезегінде білім беру мекемелерінде дуальді оқытуды ендіруді ұйымдастырудағы мәселелер бойынша №5 колледжде кездесіп отырғанкедергілер мен оны шешудің жолдары жөнінде колледж оқытушылар өз пікірлерімен бөлісті. Докторант Ж.О.Нуржанбаева дуальді оқыту жүйесінде білімгерлердің еңбек құндылықтарын қалыптастыру қажеттілігіне тоқталып өтті. Болашақ маманның бойында кәсіби шебер атануына маңызды баспалдақ болатын еңбек құндылықтарын қалыптастыру бүгінгі техникалық және кәсіптік білім берудегі өзекті мәселе екендігін «дөңгелек столға» қатысушыларда қызу талқыға салды.

«Дөңгелек столда» қорытынды сөз алған №5 колледж директоры Г.Ж.Тағаева қазіргі таңда дуальді оқытуды ендіру заман талабынан туындап отырғандығын және университет пен колледж арасында оқу-әдістемелік байланыстың нәтижесі бар екендігін атап өтті.



«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне дуальді оқытуды ендіру мәселелері» тақырыбында өткізілген дөңгелек столда келесі ұсыныстар берілді:

  1. «Кәсіпке баулудың теориясы және әдістемесі» кафедраcы және №5 колледж арасында дуальді оқыту жүйесін ендіру бойынша оқу-әдістемелік байланысты жандандыру;

  2. Болашақ мамандарға дуальді білім беру жүйесіндегі оқытудың жаңа технологиялары бойынша (САПР) мастер-кластар, семинарлар ұйымдасытырып, өткізу;

  3. Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда элективті пәндер енгізу

(«Кәсіби еңбек құндылықтарының негіздері»).
Литература

        1. Взаимодействие учебных заведений и предприятий как компонентинтеграции профессионального образования и производства / И.М. Айтуганов [и др.] // Казан. пед. журн. – 2009. – № 2. – С. 3–9.

        2. Ұзақбаева С.А. Қазақ халық педагогикасы. Оқу құралы. Алматы. «Глобус», 2013 – 468б.

        3. Zholdasbekova S., Nurzhanbaeva Zh. The importance of indtroduction of a dual system of education in formation of future specialists the work values. International conference of industrial technologies and engineering. Shymkent, Kazakhstan (ICITE) October 30-31, 2014, pages: 503

        4. Петров, Ю.Н. Дуальная система инженерно-педагогического образования-инновационная модель современного профессионального образования / Ю.Н. Петров. – Н. Новгород : Изд-во Волж. гос. инженер.-пед.ун-та, 2009. – 280 с.

        5. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» // Егемен Қазақстан, 10 шілде, 2012.


Резюме

В статье предметом исследования являются проблемы внедрения дуального обучения в учебный процесс колледжах. А также возможности формирования трудовых ценностей студентов колледжа в системе дуального обучения.Процесс формирования трудовых ценностей будущих специалистов среднего уровня в системе дуального обучения. Построение системы дуальной целевой подготовки будущих специалистов, ориентированной на реальные потребности регионального рынка труда, конкретных предприятий, социальные и карьерные ожидания молодежи, позволяет на качественно новой основе обеспечить взаимодействие учреждений профессионального образования и предприятий и тем самым обеспечить современное качество подготовки специалистов.
Summary

In the article the subject of the study are problems of implementation of the dual training colleges in the learning process. And also the possibility of the formation of labor values ​​of college students in the dual system of education. The process of formation of future labor values ​​of middle-level education in the dual system. Building a system of dual task of training future professionals, focused on the real needs of the regional labor market, specific enterprises, social and career expectations of young people, it allows a qualitatively new basis to ensure cooperation of vocational training institutions and enterprises, thereby ensuring modern quality training.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет