Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет160/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   217
ДШТӘ лекция

Апталық жоспар. Бір жылдық жоспар негізінде апталық жоспар жасалады. 
Жоспарда әр күнге дене тәрбиесі жұмысының барлық түрлері (сенбі, жексенбіні 
қоса отырып) таңертеңнен кешке дейін тек мектепке дейінгі орындарда ғана 
емес, сонымен бірге баланың үйге келген кездегі уақыты да қаралады. Тәрбиеші 
«Tаңертең» деген бағанда сол күні пайдаланылатын дене жаттығуларын және 
оған қажетті дене шынықтыру құрал-жабдықтарын жазады. Оның үстіне, 
сабаққа қатысатын балалардың аттарын, сабақтың негізгі мақсаттарын 
кӛрсетеді. Бұл графада балалар үйде ұйқыдан кейін орындайтын жаттығу 
кешендерінің нӛмірін белгілеуге болады. «Eртеңгілік гимнастика» бағанында 
кешен нӛмірі кӛрсетілуі керек. Тәрбиеші дене тәрбиесі жұмысын бір аптаға 
белгілі бір жүйелілікпен жоспарлайды. Алғашқыда екі дене шынықтыру 
сабақтарының мазмұны мен міндеттерін анықтайды. Содан кейін шағын 
топтармен және жеке-жеке ӛткізілетін сабақтардың мазмұны мен міндеттерін, 
таңертеңгі және кешкі серуендер кезінде ӛткізілетін қимыл-қозғалыс 
ойындарының аттары мен міндеттерін жазады. Бұдан кейін кешкі және 
ертеңгілік жұмыстардың мазмұны анықталып, ертеңгілік гимнастиканың 
кешендері жасалады. Мұндай жүйелілік жұмыстың барлық формаларының 
ӛзара байланыстылығын қарауға, дене тәрбиесі міндеттерін шешу үшін оларды 
неғұрлым дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, іс-әрекеттің алуан 
түрлерінен алынған білімдерді, дағдыларды сабақтар процесінде ойдағыдай 
бекітуге болады. Дене тәрбиесі бойынша жүргізілген жұмысты басқа іс-әрекет 
түрлерімен байланыстыра отырып, жүзеге асыру керек. Мысалы, қимыл-
қозғалыс ойындарында математикалық кӛзқарастарын кеңейту мақсатында 
жүргізілген сабақ бойынша жан-жануарлар туралы білімдері немесе қозғалыс 
бағыты жайлы (жоғары, тӛмен, алға, артқа) ойлары, т. б. тексеріледі. 
Күнтізбелік жоспар негізінде бір аптаға жоспар-конспектілер (сабақтар, 
ертеңгілік гимнастика, қимыл-қозғалыс ойындары т. б.) жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет