Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет19/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   217
ДШТӘ лекция

Құжаттарды зерттеуде кейбір күдікті жайттарды құжаттарға сүйеніп зерттеуге 
болады. Құжаттарға мұрағат мәліметтері, топ, сынып журналдары, сыныптың 
оқу-тәрбие жоспары, үйірме жұмыстарының жоспары мен есеп, педагогикалық 
кеңестің хаттамалары, жылдық есеп, озат тәжірибесі негізіндегі әдістемелік 
баяндамалар, тәрбие жұмыстарының тақырыптарына жазылған баяндамалар 
мен ғылыми мақалалар жатады. Педагогика тарихының мәселелерін мұрағат 
мәліметтеріне сүйеніп зерттейді. Оқу жұмысының жетістіктері мен 
кемшіліктерін ашып, тиісті қорытынды шығаруға мүмкіншілік береді. 
Балалардың жұмысын зерттеу. Балалардың жазба, бақылау және графикалық 
жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері ( әртүрлі тақырыптарға 
жазылған баяндамалар, мәнжазбалар, еңбек сабақтарында жасаған заттары) 
зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Балалардың дербес 
қабілетін, оқуға және еңбекке кӛзқарасын, тәжірибелік даярлығын, 
тәрбиешілердің де іс-әрекетін зерттеп анықтауға болады. Балалардың ӛз бетімен 
жұмыс істеуінің жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын ұштастырып 
жүргізудің және осы сияқты дидактикалық мәселелерді қолданудың тиімді 
жолдарын іздестіреді. 
Кибернетикалық және математикалық әдістерді педагогикалық зерттеулерге 
енгізу. Бұл әдістер әртүрлі педагогикалық құбылыстардың ӛзара сандық 
байланыстарын, олардың ӛлшемін, сапалық ерекшеліктерін айқындау үшін 
қолданылады. Бұл үшін әртүрлі кӛрсеткіштерді, мысалы, баланың сабаққа 
қатысуын, алған мадақтауларын, таза, жинақты жүруін, т.б. белгілі уақыт 
ішінде қалай ӛзгеруін тіркеу, тәртіпке келтіру немесе реттендіру, яғни, бӛліп 
отыру жүйелі жүргізіледі. Педагогикалық зерттеулерде математикалық 
әдістерді қолдану эксиперименттік зерттеулердің сандық деректеріне 
статистикалық ӛңдеу жасау үшін қажет. Математикалық әдістер. Дене 
тәрбиесі теориясы жӛніндегі зерттеулерде сыннан ӛтушінің әртүрлі 
кӛрсеткіштерін сипаттайтын материалдар алынады. Зерттеушінің міндеті - 
алынған кӛрсеткіштер арасындағы тәуелділікті анықтаудан тұрады. Осы 
мақсатпен шыққан қорытындылардың қаншалықты тиянақты екенін, оларды 
ұқсас жағдайлардың бәріне де таратуға болар-болмастығын анықтауға 
мүмкіндік беретін нәтижелерді математикалық ӛңдеу әдісі пайдаланылады. 
Дене тәрбиесі теориясында қолданылатын ғылыми зерттеулердің әртүрлі 
әдістерінің біршама ӛзіндік ӛзгешіліктері бар. Дене тәрбиесі үрдісін бір 
зерттеуде жан-жақты біліп шығу ӛте жиі жүзеге асырылады. Осыған 
байланысты зерттеудің әртүрлі әдістері бір мезгілде пайдаланылады. Мұның 
ӛзінде бір әдіс екінші әдісті толықтырып отырады. Зерттеу әдістері ӛзгереді, 
нақтыланады, жаңа мәліметтер алуға мүмкіндік береді және дене тәрбиесі 
теориясын дамытуға кӛмектесді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет