Дєріс тезистері


-тақырып. Жӛргектік кезеңдегі дене дамуы және күтімі



Pdf көрінісі
бет66/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   217
ДШТӘ лекция

 
 7-тақырып. Жӛргектік кезеңдегі дене дамуы және күтімі 
 
1. Бір жасар баланың дене даму ерекшеліктері (Күн тәртібін 
ұйымдастыру.Гигиеналық шаралар.Гимнастикалық жаттығулар.Массаж) 
2. Анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері 
3. Дене жаттығуларының кешені (Тұлғаның 1,5 айлықтан-3 айлығына 
дейінгі кезең, 3 айдан 4 айлыққа дейінгі кезең, 4 айлықтан 6 айлыққа 
дейінгі кезең, 6 айдан 9 айға дейінгі кезең, 9-10 айлықтан 1 жасқа (12 
айға) дейінгі балалардың даму ерекшеліктері. 1 жастағы балалардың 
қимыл-қозғалыс ерекшеліктері) 
Бір жасар баланың дене тәрбиесі. Бұл жастағы балаларды тәрбиелеу кезінде 
күн тәртібін ұйымдастыруға, дұрыс гигиеналық күтім әдістемесіне кӛп кӛңіл 
аударылуы тиіс. Бұрын аталып кӛрсетілгендей, баланың бір жасар шағында 
дамудың жоғары қарқындылығы, қысқа мерзім ішінде дене дамуының және 
жүйкелік-психологиялық дамудың тез ӛзгеріп отыруы байқалады. Орталық 
жүйке жүйесінің сыртқы ортамен үнемі ӛзара әрекеттестік кезінде дамуы 
барлық сезім мүшелерінің дамуына, жағымды эмоциялардың тууына және 
жетілуіне, негізгі қозғалыстарды меңгеруге, тіл әзірлігі кезеңдерінің дамуына 
кӛмектеседі. Мұның ӛзінде ересек адам үлкен рӛл атқарады. Бір жасар баланы 
тәрбиелеу кезінде оның жағымды эмоциялық жағдайда болуын қамтамасыз 
етудің маңызы ӛте зор. Жайдары, шаттықты кӛңіл күйі тәндік және жүйкелік-
психологиялық дамудың дұрыс және ӛз уақытында ӛтуінің, денсаулықтың 
жақсы болуы шарттарының бірі болып табылады. Бала ӛмірінің алғашқы 
айларында шаттанып күледі, кӛптеген қимыл-қозғалыс жасайды-талпынудың 
неше түрін кӛрсетеді, бұл қол, кеуде, т.б. қозғалыстарының одан әрі дамуының 
негізі болып табылады. Балалардың негізгі қозғалыстарды ӛз уақытында және 
дұрыс меңгеруі бойдың ӛсуіне, негізгі мүшелер мен жүйелер әрекетіне игі 
ықпалын тигізеді, ӛзін-ӛзі айтарлықтай меңгеруді қамтамасыз етеді де, сол 
арқылы психикалық даму мүмкіндігін кеңейтеді. Қозғалыстардың даму 


102 
қарқыны мен бір ізділігі тәрбие жағдайына және ересек адамның ықпалына, 
сондай-ақ баланың жеке ерекшеліктеріне тәуелді. Орталық жүйке жүйесіндегі 
және тірек-қозғалыс аппаратындағы жас мӛлшеріне қатысты ӛзгерістер әрбір 
жас кезеңінде белгілі бір қозғалыстардың дамуы үшін алғы шарттарды 
тудырады. Бұл алғы шарттар тиісті жағдайлар бар кезінде жүзеге мейлінше 
тиімді асырылады. Арнайы мақсатты бағытта әсер ету жолымен әр нәрсеге 
икемділікті, дағдыларды қалыптастыруға, сол арқылы бүкіл ағза дамуының 
әлдеқайда жоғары деңгейіне жетуге кӛмектесуге болады. Керісінше, дер 
кезінде қолға алынған дұрыс тәрбие мен үйретудің болмауы дамудың мешеу 
қалуына алып келеді, кейін мұның орнын толтыру қиын болады. Тәрбиелеудің 
ең негізгі қағидаларының бірі – белгілі бір дағдының, икемділіктің, 
психикалық іс-әрекеттің ӛзінен-ӛзі пайда болуын күтіп отыра бермей, ағзаның 
нақты бір кезеңінде жүйке жүйесінің тиісті орталықтарының толысуы арқылы 
пісіп жетілетін функцияларының кӛрініс беруіне белсене кӛмектесу. Оның 
үстіне тәрбиелік әрекеттер жаңа функцияны қолдағандай болады, оның кӛрініс 
беруіне 
жағдай 
туғызады. 
Статикалық 
және 
қимыл-қозғалыстық 
функциялардың дамуына әр күн сайын жәрдемдесу, баланың жас және жеке 
ерекшеліктеріне сәйкес күн тәртібін ұйымдастыру балалардың дұрыс және 
үйлесімді дамуын қамтамасыз етудің, дене дамуындағы және денсаулық 
жағдайындағы ауытқушылықты болдырмаудың қуатты факторы болып 
табылады. Сәби жаста күн тәртібін орынды ұйымдастыруға, гигиеналық 
шараларға дене тәрбиесінің құралы ретінде ерекше мән беріледі. Әрбір жас 
кезеңінде сергектіктің, ұйқы мен тамақтанудың алмасып отыруындағы қажетті 
бір ізділік қамтамасыз етіледі. Жасына қарай тамақтандыру, ұйықтау және 
сергек болу сағаттары анықталады. Бӛлмені жақсы желдету, таза ауа жайлы
тәтті ұйықтауды қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайларда бала сергек жүрген 
сағаттарда тыныш әрі белсенді болады. Бір жасар балалар таза ауада 4-6 сағат 
болуы тиіс. Балалардың денсаулығын нығайту үшін, сондай-ақ күн 
тәртібіндегі шынықтыру мақсатымен, табиғаттың жаратылыстық факторларын 
пайдаланудың (ауаның, судың, күннің) маңызы зор. Күн тәртібін жүзеге асыру 
кезінде балалардың бойына гигиеналық дағдылар мен әдеттерді сіңіру қажет. 
Бұған мұқият гигиеналық күтім (жуындыру, шайындыру, іш киім ауыстыру, 
шомылдыру т. б.) кӛмегін тигізеді. Дене тәрбиесінің ең негізгі құралдарының 
бірі - гимнастикалық жаттығулар және массаж жасау болып табылады. Бір 
жасар балалардың қимыл-қозғалыстарын жетілдіру үшін дене жаттықтыру мен 
массажбен айналысудың ұйымдастырылған формалары пайдаланылады, 
сондай-ақ еркін қимыл-қозғалыс әрекетінде болуды қамтамасыз етудің де 
маңызы зор. Ӛз бетімен қимыл-қозғалыстық әрекет етудің физиологиялық 
маңызы - балаға тән қозғалысқа қажеттілікті қанағаттандыру: бала ӛз 
ыңғайымен қозғалады, ӛзінің қалауы бойынша жату, отыру, тұру қалпын 
алмастырады, қозғалысты дем алумен кезектестіріп отырады. Сондықтан да ӛз 
бетімен жасалған әрекет - балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігінің барлық 
түрлері ішінде ең аз қажытатын әрекет. Бала ӛмірінің алғашқы апталарынан 
бастап, оның қимыл-қозғалыс белсенділігі үшін оптималды жағдайлар 
жасаудың маңызы зор. Бір жарым айдан алты айға дейінгі шамада балалар 


103 
әрекет үстінде болу сағаттарының бәрін кӛлемі жеткілікті мӛлшердегі (бір 
балаға 0,5 м есебінен) жасына сай ойыншықтармен жабдықталған манежде 
ӛткізеді. Жеті айлық кезінде балаларды еденге жіберу ұсынылады. Бұл үшін 
бӛлменің бір бӛлігін (бір балаға 0,75 м
2
есебінен) биіктігі 40-45 см кедергімен 
қоршайды, жылы болуы үшін түкті кӛрпе және жууы жеңіл клеенка тӛсейді. 
Бӛлменің бұл бӛлігін-«едендегі манежді»-балаларды белсенді қимылға 
(еңбектеуге, қаз-қаз тұруға, ӛрмелеуге, аяқ басуға т.с.с.) ынталандыратын 
құралдармен жабдықтайды. Едендегі манежге сатылы және сырғанақты шағын 
тӛбешікті, дӛңгелеткішті, клеенкамен қапталған жылтыр бӛренені, жүретін 
кӛпіршені, үлкен доптарды қояды. Баланың киімі жасына сай ауыстырылады 
және оның қимыл-қозғалысына кедергі жасамайды. Бір жастың алғашқы 
ширегінде (3 айға дейін) балада басын тік тұрғанда ұстай білуді және 
етпетінен жатқанда басын кӛтеріп ұстай білуді жетілдіру керек. Мұндай 
жағдайда жатып бас кӛтеру кезінде омыртқа иілістері қалыптасады, мойын жә-
не арқа бұлшық еттері бекемденеді, мидың қан айналымы жақсарады. Yш 
айдан соң бала басын еркін кӛтереді, жотасын қайқайтады, иық тірейді. Осы 
кезге таман бала ойыншықты әртүрлі жағдайда алуды меңгереді. Тәрбиеші бұл 
икемділікті әртүрлі қозғалыстарды дамытуға пайдалануы тиіс. Осы кезеңде 
қол қимылын дамытуға кӛп кӛңіл бӛлу керек. Yш-тӛрт айлық шамада бала 
қолтығынан сүйегенде тұра бастайды. Ересек адам күніне бірнеше рет баланы 
киіндірген кезде қолына алып тік тұрғызуы, қатты жерге (үстел үстіне) 
тұрғызып кӛруі, аяқты ырғақ ыңғайымен бүгіп-жазып билей басуына 
мүмкіндік беруі тиіс. Бұл баланың кӛңіл күйін кӛтеріп, шаттандырады, ересек 
адамның сӛзі мен жымиюына әрекет қимылмен жауап қатуға мүмкіндік береді, 
бұлшық еттерін нығайтады, аяғының буындарын бекіндіреді, аяқ тіреудің 
жақсы дамуына жағдай жасайды. Тӛрт-бес айлығында бала манеж ішінде 
ойыншықтармен ойнап жатып, шалқасынан жатқан күйінен бір қырындап, 
етпеттеп жатуға ауысуды, етпетінен жатып қол тіреуді, басын жақсылап 
кӛтеруді меңгере бастайды. Егер бала етпеттеп ұзақ уақыт жататын, солай 
жатып ойыншыққа қол созатын болса, тезірек еңбектейді, содан соң отырады 
және бір нәрсеге сүйеніп тұра бастайды. Жеті-сегіз айлығында бала тӛрт 
тағандап тұрады, еңбектеп жүре алады. Еңбектеу - бала қозғалысы дамуының 
маңызды кезеңі, бұлайша жүргенде ол жаңа сенсорлық әсерлер алады. 
Балаларда локомоторлық функцияларды - еңбектеуді, кедергі қоршауды 
бойлай аяқ басуды дамыту маңызды. Баланың ӛзі үйренбейінше оны 
отырғызуға және тұрғызуға болмайды. Ӛз бетімен отыру, тұру дағдыларын 
меңгеру омыртқа иілістерінің қалыптасуына, кеуде, аяқ бұлшық еттерінің 
нығаюына кӛмегін тигізеді, дененің үйлесімді дамуына игі әсер етеді. Баланың 
психикалық даму мүмкіндігі кеңейеді. Ол ойыншықпен отырып ойнап алады 
(бұл ыңғайлы), айналадағылардың бәрін кӛреді. Сегіз-тоғыз айлығында бала 
қоршауды айнала аяқ басып, қозғалады, тӛбешіктің сатысына шығады, 
бӛренеден асып аунайды - мұның бәрі оның қабылдау ауқымын едәуір 
кеңейтеді, жүйкелік-психологиялық дамуға кӛмектеседі. Бір жасқа таянғанда 
бала ӛз бетімен жүре бастайды, міне, осы жерде тәрбиешінің жүруге 
үйретудегі, баланы ӛз қозғалысына қуандырып, кӛңіл күйін кӛтерудегі рӛлі 


104 
зор. Тәрбиеші балалар қуанышты, қимылдағыш, жайдары болуы үшін олармен 
кӛбірек сӛйлесуі тиіс Тәрбиеші күн сайын балалар әрекет үстінде жүрген 
кезде, қимыл-қозғалысты дамыту үшін сол қозғалыс қалыптасып бекігенше әр 
баламен сабақ-ойын ӛткізеді. Әр жас шама кезеңде белгілі бір міндеттер 
шешімін табады. Алғашқы үш айда ересек адам аймалау, аялау арқылы ба-
ланың алуан түрлі талпыныстарын қолдайды, қол қимылдарын (ойыншықты 
алу, оны ұстап тұру т.б.) жетілдіреді. Алғашқы жарты жылдықта еңбектеуге 
әзірленуге кӛмектесу керек: етпетінен жата білуді, шалқасынан жатқан 
жерінен аунап түсіп етпетінен жата білуді қалыптастыру қажет. Бұл үшін 
ойыншықтар, ересектер кӛмегі пайдаланылады. Екінші жарты жылдықта 
негізгі міндет балалардың еңбектеуін және аяқ басып тұруын дамытудан 
тұрады. Алғашында бұл қозғалыстар ересектердің ептеп кӛмектесуімен 
атқарылады. Мәселен, еңбектеуге үйрету кезінде бала аяғын тіреуі үшін 
табанына алақан тосуға, ұмтылып жетуі үшін алдына ойыншық қоюға болады. 
Аяқ басып тұратын кезде баланы алғашында екі қолынан, кейінірек бір 
қолынан ұстап демейді, содан соң қадам жасауға итермелейді. Дене 
жаттығуларымен және массажбен арнайы айналысу да қозғалысты дер кезінде 
дамытуға, статикалық және динамикалық қозғалыстардың (еңбектеу, отыру, 
жүру) сапасы мен дәлдігін жетілдіруге жәрдемдеседі. Сәби жастағы 
балалардың 
гимнастикалық 
жаттығулардағы 
қимыл-қозғалыстарының 
дұрыстығы мен дәлдігі тәрбиешілердің қолдарымен немесе арнаулы 
құралдармен (дӛңгелектер, таяқшалар) қатаң түрде шарттас болады, 
гимнастикамен айналысу балалардың қозғалыс белсенділігінің басқа 
формаларынан осы арқылы да ерекшеленеді. Тыйым саларлықтай себеп жоқ 
болса, 1-1,5 айлық кезден бастап дене жаттығулары, массаж жасау белгіленеді 
және оларды күн тәртібіне ендіреді. Балаларды қимыл-қозғалыстарға үйрету 
әдістемесі белгілі бір талаптарға сай болуы тиіс: біріншіден, ыңғайлы 
жаттығулар, 
яғни, 
баланың 
жас 
шамалық 
және 
функционалдық 
мүмкіндіктеріне сәйкес келетін жаттығулар іріктеліп алынады; екіншіден, 
балаларды жаттығуларды орындауға ынталандыратын әдіс жас шамасына 
сәйкес болуы тиіс. Бала ӛмірінің алғашқы жарты жылында белсенділікті 
ынталандыру үшін туа біткен - шартсыз рефлекстер содан соң вестибулярлық 
(денені белгілі қалыпта ұстау) рефлекстері пайдаланылады. Бүгілдіргіштер 
мен жазылдырғыштар тонусын теңестіруге кӛмектесу үшін жазумен 
байланысты 
рефлекстер 
пайдаланылады. 
Екінші 
жарты 
жылдықта 
жаттығуларды орындау белсенділігі - кӛру (ойыншық, дӛңгелек, тәрбиешінің 
қозғалысы т.б.), қозғалыс (жаттығуларды орындау кезіндегі тәрбиеші кӛмегі-
жетелеу, аяғын кӛтеру т.б.), есту (тәрбиешінің сӛздері-санауы, «отыр», «тұр», 
«жүр» т.б.) шартты қоздырғыштарды қолдану арқылы ынталандырылады. 
Мұның ӛзінде сӛз кешенді қоздырғыштың әлі де нашар компоненті болып 
табылады. Екінші жарты жылдық барысында ол міндетті түрде кӛру 
қоздырғышымен және ең қуатты қоздырғыш-қозғалыс қоздырғышымен 
үйлестірілуі тиіс. Егер тәрбиеші балаға «отыр, отыр» дейтін болса, бала оның 
нұсқауын әрқашан орындай бермейді, бірақ бұл нұсқау ересек адамның бала 
қолын жай ғана тӛмен тартқылаумен үйлесе келсе, ол нұсқауды оңай 


105 
орындайды. Бала ӛмірінің алғашқы жылында гимнастиканың бәсең түрі 
ретінде массаж жасауға мол орын беріледі, ол бүкіл бұлшық ет топтарын 
қамтиды. Yш-тӛрт айлығында рефлекторлық жаттығулардан бӛлек ересек 
адамдар кӛмегімен атқарылатын бәсең жаттығулар пайдаланылады. Алғашқы 
жарты жылдықтың соңына таман олар белсенді-бәсең жаттығулармен (кӛбіне 
ересек адамдардың шамалы кӛмек кӛрсетуімен орындалады) алмастырылады, 
сӛйтіп бала бір жасқа толар шамада негізінен белсенді жаттығулар 
пайдаланылады. Мейлінше мол физиологиялық тиімділікке және бұлшық етке 
түсер жүкті қатаң мӛлшерлеу үшін мына тӛмендегі талаптарды сақтау қажет: 
1) жаттығулар барлық бұлшық ет топтарын-қол, иық белдеуі, арқа, кеуде, 
аяқ, табан бұлшық еттерін қамтуы тиіс; 
2 ) дене жаттығуларын оның алдында атқарылатын массажбен кезектестіріп 
отыру керек; 
3) жаттығулармен айналысу процесінде әртүрлі бұлшық еттік топтарға 
арналған жаттығуларды кезектестіру қажет. 
4) жаттығуларды бастар кездегі қалыпты-шалқалап, етпеттеп қырын жатып, 
отырып, тұрып бастау қалыптарын кезектестіріп отыру керек; 
5) әлдеқайда жеңіл жаттығулардан бастап, бірте-бірте күрделісіне кӛшу және 
қайтадан едәуір жеңілімен аяқтау қажет; 
6) жаттығулар дем алумен «үзіліспен» кезектесіп отыруы тиіс, массаж да 
осындай демалыс болып табылады, ӛйткені ол бұлшық еттердің мейлінше 
босаңсуын қамтамасыз етеді. 
Денеге күш түсіруді: жаттығуды қайталауды жиілету есебінен (2-3-тен жыл 
аяғында 5-6-ға дейін), массаж жасауды 3-4-тен 6-8-ге дейін жиілету, айналысу 
мерзімі ұзақтығын алғашқы жарты жылдықтағы 5-6 минуттан жыл аяғында 8-
10 минутқа дейін созу есебінен бірте-бірте арттырып отыру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет