Дєріс тезистері


Саналылық және белсенділік қағидасы



Pdf көрінісі
бет74/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   217
ДШТӘ лекция

Саналылық және белсенділік қағидасы. Бұл қағиданың мақсаты-дене 
тәрбиесі процесінде жаттығушылардың сапалы, белсенді және шығармашылық 
әрекеттерін педагогикалық тұрғыдан бағыттау. Саналылық және белсенділік 
қағидасы мынадай талаптарды қамтиды: 1.Дене шынықтыру сабағының 
мақсаты мен міндеттерін орындауға балалардың ынтасын саналы түрде 
қалыптастыру. Егер бала алдына қойған мақсаттың маңызын түсініп, оның 
міндеттерін орындауға ынта танытса, оқу барысы тезірек, сапалы болады. 
Жаттығушылар алдына кезекті (жақын) және перспективалық (алыс) мақсаттар 
қойылады. Перспективалық мақсаттар: спорттық разряд алу, мектептің
ауданның құрама командаларына мүше болу. Кезекті мақсаттар: бір күрделі 
жаттығудың тәсілін меңгеру, кейбір дене қуаты қасиетін дамыту. 
Жаттығушылардың денсаулығын күшейтуге, әртүрлі дене қуаты қасиетін 
дамытуға ұсынылып отырған тапсырманың мәнін, маңызын айқын түсіндіре 
білу 
керек 
(мысалы, 
жаттығуды 
орындау 
түрі, 
мӛлшері). 
2.Сабаққа ынталы қатысу. Дене шынықтыру сабағы кезінде балаларға қызықты 
тапсырмалар беру, ойындар ӛткізу, жүйелі түрде бағалау, жетістіктерін 
мадақтау, марапаттау оларды ынталандыра түседі. Yйрету және тәрбиелеу 
процестері жаттығушылардың білімін, танымын қалыптастырады. Жаңа 
амалдар, әдістер, қозғалыстың жаңа элеметтерін орыңдау, әртүрлі тәсілдер іздеу 
балаларды қызықтырады, шығармашылық белсенділікке ынталандырады. 
3.Жаттығушылардың ӛз әрекетін байқауға, бақылауға қабілетін ояту. Бұл 
талапты орындау үшін, жаттығуды орындаған кезде сәтті немесе сәтсіз 
әрекеттеріне ӛздері талдау жасай білуі, орындау тәсілінен қате таба алуы, 
олардың пайда болғанын, оны қалай түзету керек екенін үйренулері қажет. Ӛз 
кӛңіл күйін, машықтылығын бақылау, жаттығу күнделігін жүргізе білу, 
объективті жәие субъективті мәліметтерге талдау жасау жаттығушылардың 
қабілетін жетілдіреді. Қазір дене шынықтыру сабақтарында саналы бақылауға 
ынталандырудың:
1.Жаттығуды тек қана сӛз қолдану әдісі арқылы үйрету;
2.Педагогтың тапсырмасымен дене қуатының қасиетін дамыту жаттығуларын 
ӛз бетімен іріктеп алу; 
3.Жаттығуды орындаған соң нәтижесін ӛзі бағалауы немесе екі-екіден 
орындағанда бір-біріне дұрыс баға бере білу;
4.Жаңа жаттығуларды үйренгенде қозғалыс дұрыстығын сезінуге кӛмектесетін 
арнайы тренажерлер қолдану;
5.Жаттығудың орындалу сапасы туралы ақыл-кеңестерді пайдалану, т. б. 
әдістер қолданылады. Дене тәрбиесі және үйрету процесінде баланың ӛз іс-
әрекетіне деген саналы және белсенді қарым-қатынасына сүйенудің маңызы ӛте 
зор. Белгілі бір мақсатқа ойдағыдай қол жетуі үшін ең алдымен, нені және 
қалай орындау, оны басқаша емес, неліктен дәл осылайша орындау керек 
екендігін айқын ұғынып алу қажет. Саналылық принципін ең алғаш ғылыми 
талдап жасаған П.Ф.JIесгафт, ол қимыл-қозғалыстарды механикалық түрде 
меңгеруге үзілді-кесілді қарсы тұрған. JIесгафт «балаларды олар сӛз бойынша 


126 
жалпы тәсілдер негізінде, мүмкіндігінше сырттай ғана еліктеуден қашқалақтай 
отырып, атқара алатын кез келген жұмысқа, яғни... әрекеттерде мүмкіндігінше 
ӛзіндік бет және ерік-жігер кӛрсетуге даярлау...» қажет деп санады. Баланың 
ӛзіндік белсенді іс-әрекеті ұсынылған тапсырмаға деген ынтаның пайда 
болуына, оны саналы қабылдауға, ойдағыдай нәтижеге жетуді қамтамасыз 
ететін орындау мақсаты мен тәсілін ұғынуға тәуелді болады. Бұдан кейінгі 
кезде қимыл-қозғалыстарды дамыту баланың шығармашылық белсенділік 
кӛрсету мүмкіндігіне, оның педагогтық шығармашылық тапсырмаларын 
орындауына байланысты (жаттығуларды ӛз бетімен ӛзгерту, оның нұсқаларын 
жасау, жаңасын ойлап табу). Балалар алдында олардың шама-шарқы жетерлік 
шығармашылық іс-әрекеттер мүмкіндіктерін ашып кӛрсету алғашқы 
ұмтылыстарға тілектестікпен кӛңіл аударуды, жаңалық іздеуге үнемі 
ынталандырып отыруды талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет