Дєріс тезистері


Ертеңгілік жаттығу кезіндегі музыка



Pdf көрінісі
бет148/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   217
ДШТӘ лекция

Ертеңгілік жаттығу кезіндегі музыка. Ертеңгілік жаттығу процесінде 
музыка балалардың эмоциялық ӛрлеуін, ӛмірді қуана түсінуін туғызады. 
Ертеңгілік жаттығу үшін музыкалық шығармаларды таңдап алу оған енгізілген 
жаттығулардың сипатымен анықталады. Сӛйтіп, ертеңгілік жаттығу музыкалы 
маршпен үндескен ширақ жүріспен басталады. Керісінше, ертеңгілік 
гимнастиканың соңындағы жүру ағзаны тыныштандыру үшін беріледі. Осыған 
орай қорытындылаушы марш та байсалды болуға тиіс. Ересектер тобында 
гимнастиканы ән айтып жүрумен бастау ұсынылады. Ән айту балалардың кӛңіл 
күйін сергітеді және ерекше әрі пайдалы тыныс алу гимнастикасы болып 
табылады. Музыка жетекшісі болмаған кезде тәрбиеші соқпалы аспаптардың 
бірін - дабылды, барабанды пайдаланады, оның үстіне музыка күйтабақ, 
үнтаспа, теледидар арқылы берілуі де мүмкін. 
Ертеңгілік жаттығуды ӛткізу әдістемесі. Сауықтыру, тәрбие беру 
міндеттерін жүзеге асыру үшін ертеңгілік жаттығу күн тәртібі бойынша 
белгіленген дәл уақытында ӛткізілуі керек. Ертеңгілік жаттығу бірінші 
кішкентайлар тобынан бастап енгізіледі. Жаттығуларды (кешендерін) іріктеп 
алу және гимнастика жасау уақытының ұзақтығы әрбір жастағы топ 
балаларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері ескеріліп, «Мектепке дейінгі 
балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған бағдарламамен» анықталады. 
Ертеңгілік гимнастикаға енгізілген жаттығуларды балалар дене 
тәрбиесі сабақтарында алдын ала үйренеді. Алайда олар қимылдың қай 
түрін болса да дәлме-дәл қайталамайды, бірақ онымен ортақ негізге ие. 
Мысалы, ертеңгілік жаттығудағы «таяқты бастан жоғары тұрған қалыпта 
тізеден бүгілген аяққа тигізу» жаттығуы сабақтар кезінде дайындалады, 
балалар қолдарын жан-жаққа созған, жоғары кӛтерген қалыпта немесе сол 
сияқты жаттығуды жалаушамен, құрсаумен, с. с. орындаған кезде аяқтарын 
тізеден бүгіп тұрып, екі қолын шапалақтайды. Мұндай бір типтегі 


264 
жаттығуларды арнайы үйренуді талап етпей, ертеңгілік жаттығуға 
дайындайды, сонымен бірге сан алуан заттарды пайдалану жолымен 
дағдылануға жүйелі түрде жаттықтырады. Нұсқалар қаншалықты кӛп 
пайдаланылса, қимыл дағдысы соншалықты жақсы қалыптасады, жаттығу 
дәлірек орындалады және сауықтыру тиімділігі елеулі болады. Ертеңгілік 
жаттығудың әрбір кешенін пайдалану ұзақтығы 7-10 күн (немесе 1 апта). Осы 
мерзім ішінде кешенде жаттығудың міндеті жӛнінен осы сияқты нұсқа енгізілуі 
мүмкін. Ертеңгілік жаттығуда жаттығулар үйретілмейді, сондықтан тәрбиеші 
жаттығуды алдын ала түсіндіруді, кӛрсетуді пайдаланбайды. Кішкентайлар 
тобында және жылдың бірінші жартысында естиярлар тобында тәрбиеші ойын 
тәсілдерін қолдана отырып, балаларға ӛзімен бірге жаттығу жасауды ұсынады. 
Болашақта естиярлар (жылдың екінші жартысында), ересектер, дайындық 
топтарында ол жаттығуды қысқаша айтады, бастапқы қалыпты ұстауға 
команда береді (мысалы: «Hегізгі тұру қалпын ұстаңдар!»). Бұдан кейін 
балалар жаттығуды тәрбиешімен бірге орындайды. Ертеңгілік гимнастиканы 
бұлай ұйымдастыру тиімді: балалар мінсіз үлгіні тікелей қабылдайды, оны 
дұрыс қайталап жасайды. Алайда тәрбиеші барлық жаттығуды үнемі жасай 
бермейді. Егер, мысалы, алдына қарай еңкейіп, басты тӛмен түсіру немесе 
кеудені айналдыру орындалса, бұл жағдайда тәрбиеші балаларды кӛрмейді, 
мұндайда оған балалардың жаттығуды орындауын бақылау, олардың қарқынын 
реттеу, қажет болған жағдайда қысқаша нұсқаулармен кӛмектесу тиімдірек 
болады. Тәрбиеші дем шығаруды сӛзбен немесе дыбыспен естіртуді талап етіп, 
балалардың тыныс алуын бақылайды. Бұл тәсіл жаттығуды музыкамен 
орындаған кезде де сақталады. Әрбір жаттығудың аяқталуы музыкалық 
фразаның аяқталуымен дәл келеді, осыған сәйкес балалар бәсең дауыспен: 
«тӛмен», «отырыңдар» және басқа сӛздерді айтады. Жаттығулар басталғанға 
дейін және олар аяқталысымен ересектер тобының балалары негізгі қалыпты 
ұстап (ӛкшелерін қосып, аяқтарының ұшын ажыратып) тік тұрады. Аяқтары 
осындай қалыпта тұрғанда олар тәрбиешінің нұсқауымен келесі жаттығуды 
орындау үшін тұрған қалпын ӛзгертеді, сондай-ақ жүруді бастайды. Жүру 
аяқталысымен олар қайтадан негізгі тұру қалпын қабылдайды. Бұл баланы 
денесін (мүсінін) дұрыс ұстауға үйретуге, жинақтылығын, ұйымшылдығын 
қалыптастыруға кӛмектеседі. Кішкентайлар мен естиярлар топтарының 
балалары тік қалыпта тұрады. Иықтың кеңдігіндей етіп аяқтарды бір-біріне 
параллель ұстайды, мұның ӛзі табанның формасы ӛзгеруін болдырмайды. 
Ертеңгілік гимнастиканың соңында жүрістің қарқыны біртіндеп тӛмендеп, 
аяқты онша биік кӛтермей орнында тұрып аяқ басумен аяқталады. Бұл баланың 
тамыр соғуын нормаға келтіреді. Ертеңгілік гимнастикадан кейін балалар 
ӛздеріне дәрігер белгіленген қандайда бір сумен шынықтыру процедурасына 
(сумен сүртіну, құю, душ) ауысады. Әр түрлі жастағы балалар топтарындағы 
негізгі талап жасына байланысты шағын топтарды ескеру болып табылады. 
Осыған байланысты ертеңгілік гимнастиканың жаттығуы әрбір шағын топқа 
арнап бағдарламаға және балалардың мүмкіндіктеріне сай жеке іріктеліп 
алынады. Әрбір шағын топпен гимнастика ӛткізудің жүйелілігі тұтастай 
тәртіппен анықталады. Әр түрлі жастағы балаларды бәріне ортақ 


265 
жаттығуларды орындауға біріктіруге болмайды: мұндай жағдайда жасы 
кішкентай балалар неғұрлым ересек балаларға есептелген шамасы жетпейтін 
жаттығуларды 
орындайды 
да 
шаршап-шалдығады, 
ал 
ересектер 
кішкентайларға арналған жаттығуларды орындап қызығушылығын жоғалтады 
және олардың денесіне қажетті дене күші ауыртпалығы түспейді. 
Кӛрсетілгендердің бәрі де организмді сауықтыру міндетін, ертеңгілік 
гимнастикаға тән кӛңіл кӛтерілуін бұзады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет