124
Жеке сабақтың жүйелілігі оның барлық элементтерінін логикалык бір-біріне
бағыныштылығына тәуелді. Сабақтардың бірыңғай тіркесі, белгілі календарлық
уақыттың шеңберінде оқу материалдарының кейбір кӛлеміне үйренуге
бӛлінетін сабақтар сериясынан құралады. Қандай да болмасын оқыту жүйесі
дене тәрбиесі білімінің деңгейі мен нақты бағытын анықтайды. Олай дейтін
болсақ, білімнің әрбір түрі, тиісті, әдістер, кұралдар кӛмегімен оқу-тәрбие
міндеттерінің арнайы жүйесін шешуді талап етеді. Жүйелілік қағидасы дене
тәрбиесі мақсатында пайдаланылатын шараларының бүкіл кешені үшін
(шынықтыру, қимыл-қозғалыстық дағдыларды қалыптастыру) жетекші,
міндетті болып табылады. Жүйелілік - мектеп жасына дейінгі кезеңнің бүкіл
бойында
дене
тәрбиесі
процесінің
үздіксіздігінде,
реттілігінде,
жоспарлылығында; ағза үшін жүк түсіру мен дем алдыруды алмастыру,
міндетті дене шынықтыру
сабақтарының ширақ реттелуінде, олардың
сабақтастығының, мазмұндарының әртүрлі жақтарының ӛзара байланысының
бір ізділігінде болады. Сипаты жӛнінен әртүрлі дене жаттығуларын (ертеңгілік
гимнастика, дене шынықтыру сабақтары, серуендегі қимыл-қозғалыстық іс-
әрекет т. б.), сондай-ақ шынықтыратын шараларды жүйелі түрде күн сайын
белгілі бір уақытта орындап тұру балаларды белгіленген
денсаулық сақтау-
тәрбиелеу тәртібіне әдеттендіреді. Дене жаттықтырумен үнемі айналысу
әсерімен ағзада әртүрлі жүйелердің, мәселен, жүрек-қан тамырлары жүйесінің
және т. б. жақсы ыңғайда қайта құрылуы жүріп жатады. Жүйелі айналысуды
тоқтатқан, үзіліс кезде қол жеткен функционалдық мүмкіндіктер деңгейінің
тӛмендеуі, ал кейде белсенді бұлшық еттік тканьнің меншікті салмағының
азаюынан, оның құрылымдық компоненттерінің ӛзгеруінен және басқа
жағымсыз құбылыстардан кӛрінетін регресс те байқалады. Сӛйтіп,
дененің
толық дәрежеде жетілуі үшін алдағы сабақтар тудырған жақсы ӛзгерістердің
дамуын қамтамасыз ететін дене тәрбиесі процесінің үзіліссіздігін сақтау және
оларды бұдан кейінгі сабақтарда (дене шыныктыру сабақтары, ертеңгілік
гимнастика, ойындар және жаттығулар) бекемдендіре түсу қажет. Дене тәрбиесі
қалыптасатын қимыл-қозғалыстық дағдыларды қайталауды талап етеді. Қимыл-
қозғалыстық динамикалық стереотиптер кӛптеген қайталаулар кезінде ғана
қалыптасады. Тиімді қайталау үшін игерілген нәрсе жаңамен үйлесетін, яғни,
қайталау процесінің түрленгіштік сипаты болатындай (жаттығуларды,
орындалу шарттарын ӛзгерту, әдістер мен тәсілдердің әртүрлілігі, сабақтың
формасы мен мазмұнының тұтас алғанда айырмашылығы) жүйе қажет.
Мұнымен бірге қайталау морфологиялық және
функционалдық реттегі ұзақ
уақыттың бейімделгіштік қайта құрылуын қамтамасыз етеді, осылардың
негізінде дене қасиеттері дамиды (A. Н. Крестовников). Жаттығулардың
түрленгіштігі балаларда бағдарлау-зерттеу рефлексін, ынта, эмоция, назар
тудырады. Қалыптасқан динамикалық стереотипке
жаңа қоздырғыштарды
ендіру күрт ӛзгеріссіз бірте-біртелікті сақтаған кезде болып жатады. И. П.
Павлов педагогикада бірте-біртелік пен жаттығуды негізгі физиологиялық
ереже деп санау қажет екенін атап кӛрсетті.