Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет76/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   217
ДШТӘ лекция

Жекелік қағидасы. Yйрету тиімділігі жаттығушы мүмкіншілігіне сай, тандап 
алынған әсердің сәйкес келуіне байланысты. Үйретудің жекелігі жалпы 
анықтамада баланың жеке мүмкіншілігіне сәйкес оқу тапсырмаларын 
дифференциялау және оны шешу түрінде кӛрінеді. Бұл заңдылықтар, жекелілік 
қағидасының мазмұнын анықтай отырып үш жағын анықтауға мүмкіндік 
береді: а) баланың жеке ерекшеліктерінен оның даму болашағын кӛруге 
болады; ә) баланың күшті жақтарына сүйене отырып, әлсіз жақтарын дамытуға; 
б) кез келген жекелілік қағидасы үйретудің жалпы заңдылықтары негізінде 
құрылуы тиіс. Жекелілік белсенді процесс болып табылады. Ол баланың 
ерекшелігін есепке алып қана қоймайды, сонымен қатар үйрету процесінде 
оның формалары мен функцияларын жетілдіреді. Мысалы, спорттың 
координациясы күрделі түрлерінде кӛпжылғы жаттығулар әсерімен 
қозғалыстағы ойлау қабілетінің артуына жәрдемдесетін жүйке процесінің 
инерциялығы біршама артады. Жаңа пайда болған ерекшеліктер үйретудің 
келесі сатысында жекелілік сипатына түзетулер енгізуді талап етеді. Жекелілік 
кағидасы қазіргі балалардың даму деңгейін есепке алып отыруды қажет етеді. 
Сондықтан да, мысалы, он жыл бұрын оқығандарға арналған стандартпен 
қазіргі баланың дене дайындығы дәрежесін бағалау дұрыс болмас еді. 
Дегенмен, жас жеткіншектер белгілі бір қызметі атқару барысында ӛздерінің 
мүмкіншіліктерін бірдей кӛрсете алмайды. Осыған байланысты жекелілік 
қағидасы балалардың жеке айырмашылық сипатын есептеуді талап етеді. Бұл 
айырмашылық кӛп жақты және тӛмендегі жайлардан байқауға болады
а)балалар денсаулығы бірыңғай деңгейде емес; ә)бір медициналық топтың 
ӛзінде әртүрлі дене дайындығы бар екендігі ескеру; б)бірыңғай 
бағдарламалармен бір оқу тобына жасы бірдей емес балалардың оқу 
жағдайларында; в)бір топтың ӛзінде екі жыныстағы оқушылардың болуы; 
г)басқа да мінездемелер болғанымен білім және қозғалыс дағдыларының 
кӛлемі әртүрлі болуы; ғ)ойлау процесінің бірдей сипатта болмауы; 
ж)балалардың 
әртүрлі 
дене 
жұмыс 
қабілеттілігі; 
з)шығармашылық 
белсенділігінің, танымдық және практикалық қызмет етудің бірдей деңгейде 
болмауы; и)әртүрлі типте жасай алмайтыннан жасайтынға ұмтылыс; к)оқуға 
деген ұмтылыстың бірдей болмауы; л)еріктің әртүрлі деңгейдегі кӛрінуі. 
Оқытудың дербес жекелілігі нақты жеке адамға тән ғана сипаттауларды 
есепке алуды қарастырады, бірақ бұл ӛте кӛп жақты және күнбе-күнгі жұмыс 
процесінде анықтау ӛте қиынға соғады. Дербес жекеліліктің күрделілігі 
жаттықтырушының бір мезгілде жаттығушылардың санының кӛбеюімен 
байланысты. Жекелілік жолдарын байланыстырудың негізгі қағидалары нақты 


130 
типтік жекеліліктің ең кең кӛлемдегі дербес жекелілікке сүйенуін қарастырады, 
не болмаса бұл «типтік жекеліліктің ішіндегі дербестік» деген формула түрінде 
кӛрінеді. Жекеліліктің қай жолы болмасын әртүрлі жағдайдағы дене 
тәрбиесінің кез келген міндеттерін шешуі қажет. Мысалы, білім беру 
мекемелерінде бірыңғай мемлекеттік бағдарламамен міндетті түрде 
жүргізілетін жалпы дене тәрбиесінде типтік жекеліліктің үлес салмағы үлкен. 
Типтік жекелілік спорттық дайындықтың бастапқы кезеңіндегі қажеттілік 
болып қала береді. Ақырында оқытудың типтік және дербес жекелілігі 
бірыңғай жүйенің деңгейінде міндетті жаттығуды жеке жаттығумен 
байланыстыруға 
мүмкіндік 
туғызатын, 
жекеленген 
балалардың 
қызығушылығын арттыру және оқу бағдарламасы белгілеген деңгейге 
ӛзгелерді жетістіру жағдайын жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет