Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет86/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   217
ДШТӘ лекция

б ұ л ш ы қ
е т т і к
к ӛ р н е к і л і к  дене шынықтыру құралдарын балалардың қимыл-қозғалыс іс-
әрекетіне ендіру жолымен қамтамасыз етіледі. Тактильді-бұлшық еттік 
кӛрнекілік бала денесінің жеке мүшелерінің қалпын анықтайтын тәрбиешінің 
тікелей кӛмегінен кӛрінеді (мысалы, тұлғаны дұрыс бұлшық еттік тонус 
түйсігін тудыратын қолмен ұстау жолымен түзету). Дегенмен, тәрбиешінің 
мұндай кӛмегі ол осы динамикалық стереотипті жасауға жәрдемдесетін 
тұрақты қоздырғыштар жүйесінде сигналдық мәнге ие болмайтындай болуы 
тиіс. Бұдан әрі дағды сӛзбен нұсқау беру кӛмегімен нығайтылады. 
К ӛ р н е к і л і к - е с т у т ә с і л д е р і - қимыл-қозғалыстарды дыбыспен 
реттеу болып табылады. Ең жақсы есту кӛрнекілігі – аспаптық, музыка және ән. 
Олар балаларда эстетикалық сезім, эмоциялық ӛрлеу тудырады, қимыл-
қозғалыс сипатын анықтайды, оның қарқыны мен ырғағын реттейді. Кӛбіне, 
балабақшаларда музыкалық аспапта ойнай білмейтін тәрбиеші қимыл-қозғалыс 
қарқынын реттеу мақсатында сылдырмақты қолданады. Мұның ӛзі ырғақ 
қалпын ауыстыру жағдайында ӛзін-ӛзі жеткілікті дәрежеде ақтайды. Осымен 
бірге қимыл-қозғалысты реттеу үшін ұлттық тақпақтарды, ӛлеңдерді («Mаң-
маң басқан, маң басқан екі аяғын тең басқан»), балаларды ӛзінің ойнақы 
мазмұнымен және ырғағымен тартатын басқа да мәтіндерді пайдалануға 
болады. Сӛйтіп, аталып ӛтілген кӛрнекілік тәсілдері дұрыс қабылдауға және 
баланың қимыл-қозғалыс туралы ұғымына, сезімдік танымының неғұрлым 
кеңеюіне, қимыл-қозғалысты орындау кезінде ӛзін-ӛзі бақылаудың пайда 
болуына, қимыл-қозғалыс қарқыны мен ырғағын есту арқылы реттеуге, 
баланың сенсорлық қабілетінің дамуына кӛмектеседі. 
Сӛздік (сӛйлесу) әдісі. Тез хабарлау әдісі. Бұл әдіс кезінде тәсілдік құрал-
жабдықтар және кӛмекші құралдар (мысалы, айна) арқылы тәрбиеші мен бала 
қозғалысты орындау сипаттамасы туралы тез мағұлмат алады және қателерін 
жылдам түзете кояды. Мектепке дейінгі жаста баланың жүйке жүйесі және 
бүкіл ағзасы тұтас алғанда тым икемді, сыртқы әсерлерге бейім келеді. 
Сондықтан ауыртпалық кӛлемі мен қарқынын орынды мӛлшерлеу, оны 
демалыспен үнемі кезектестіріп отыру бала ағзасының ықтималдығын 
анықтайтын, қалыпқа келу процестерін дер кезінде қамтамасыз ететін және 
жұмыс қабілетін арттыратын болады. Ауыртпалық, бір жағынан, дене 
жаттығуларының организмге әсер ету кӛлемімен және оларды орындау 
қарқынынан кӛрінеді, бұл ағзаның функционалдық процестерін арттырады, 
екінші жағынан, баланың ақыл-ой іс-әрекетінен кӛрініс беретін психикалық 
функциялардың динамикасы әсерінен, жаттығуларды түсіндіру, кӛрсету 
кезінде баса назар аудару мен қабылдаудан, тапсырманы ойластыруынан, 
оларға жауап реакциясының дәлдігінен т. б. кӛрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет