Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемелекеттік университетеі экзогендік процестер



бет4/5
Дата13.12.2023
өлшемі1.87 Mb.
#486317
1   2   3   4   5
157738.pptx

Желдің жұмыстары

  • Геологиялық процестер толығымен желдің жылдамдығына байланысты. Ауа қозғалысының жылдамдығының артуымен желдің майда бөлшектерді үрлеуі оларды тасымалдауы және басқа жұмыстары күшейеді.бұларды төмендегі мәліметтермен дәлелдеу мүмкін: егер ауаның жылдамдығы 4,5-нан 6,5м/сек болса, олар 0,25мм бөлшектерді қозғалысқа алып келеді, егер желдің жылдамдығы 10-11м/сек болса, онда олар 0,5-1мм бөлшектерді қозғалтып алып кетеді. Дауыл-құйындарда желдің жылдамдығы бұл уақытта 20-30м/сек болады, 4мм одан үлкен бөлшектерді алып кетеді.
  • Тау жыныстарының мүжілуінен жұқа шаң араласқан және құмды бөлшектер желдің үрлеуі, ұшыруы нәтижесінде қатты тау жыныстары жалаңаштанады.
  • Күшті желдің әсерінен тау жыныстарының мүжілуі, олардың одан әрі майдаланып, ауамен бірге көтеріліп басқа жерге көшуінен тау жыныстары жалаңаштана бастайды.

Экзогендік геологиялық әрекеттердің техногендік өзгерістері

  • Адамдардың техногендік әрекеттерінің тікелей әсері нәтижесінде антропогендік үгілу қыртысы түзіледі. Әр түрлі жолдармен кен өндіру барысында (ашық әдіс және жабық әдістерді пайдаланып) тау жыныстары жан-жақты өзгере бастайды (босаңсу, дезинтеграция және-құрамы жағынан). Әсіресе олар карьерлердің штольнялар мен тоннельдердіқ бойында және т. б. жер астында кен өндіру мақсатында жоспарланған жұмыстарды атқару барысында үгіліске ұшырайды.
  • Сол секілді, ауыл шаруашылық жұмыстарын атқару барысында да үгілу әрекеттері байқалады. Өйткені, жыртылран жер температура-лық өзгерістерге бейім болып, оттегініқ, атмосфералық ылғалдың, және микроорганизмдердін, бұзушылық әрекеттеріне тікелей ұшырайды. Ал судың, көмірқышқылының және температуралық қосымша әсері техногендік әрекеттерге байланысты бір жағдайда күшейіп жатса, екінші бір жағдайда оттегінің және күн радиациясы-ның әсері әлсірей бастайды. Қазіргі кезде, бүкіл құрлықтың жартысынан көбі дерлік техногендік үгілу әрекеттеріне ұшырайды. Бұл әрекеттердің даму қарқыны тау-кен жұмыстарының терендігі-мен анықталады.
  • Экзогендік процестердіқ негізгі энергия көзі, жоғарыда айтылғандай, Күннің жылу энергиясы және гравитациялық күштер болып саналады. Олар төрт топқа:
  • 1) үгілу;
  • 2) үгілу өнімдерінің жаңа орынға тасымалданып көшуі, яғни орын ауыстыруы;
  • 3) аккумуляция (шоғырланып жиналу);
  • 4) диагенез (шөгінділердін. таска айналуы болып ажыратылады.
  • Үгілу_(выветривание — немісше «веттер» — ауа райы деген мағынада) процесі деп, жер қыртысып құрайтын алғашқы заттардық (магмалык, метаморфтык және шөгінді жыныстардың) жер бетінде табиғи жағдайда үздіксіз жүріп жататын (физикалық, химиялық және биохимиялық) әр түрлі әрекеттердің нәтижесінде (ыстық ауа мен салқын ауаның кезек алмасуы, жауын-шашын, су мен жел, ауадағы өттегі мен көмір қышкыл газының және әр түрлі кышқылдардын химиялық әсері, күн радиациясы, тірі организмдер мен өсімдіктердің әрекеттері) байқалатын өзгерістердің жиынтығын айтады.
  • Денудациялық атынша «денудацио» — ашылу) процесс — үгілу заттарының денудациялык агенттердін (гравитациялық күштер, мүхиттар мен теніз сулары және атмосфералық сулар мен кұрлык сулары, мұздықтар мен соккан жел әрекеттері) күшімен жаңа орынға тасымалданған тау жыныстарының орын ауыстыру әрекеттерін камтиды. Бұл әрекеттердің нәтижесінде жер беті тегістеліп, тегіс пішінді бедер түрлері қалыптасады.
  • Аккумуляциялық (шөгінді қабаттардың жиналуы) процестердің нәтижесінде, алғашкы жыныстардың (магмалық, метаморфтык) үгілу заттары жер бедерінің ойыс немесе шұңғыл аудандарында (өзен аңғарларында, көлдер мен батпақтарда, мұхиттар мен теңіздерде) тұнбалар түрінде шөгінді қабаттар түзіледі.
  • Диагенез — борпылдақ шөгінді қабаттардың цементтеліп, шөгінді тау жыныстарына айналуына әсерін тигізетін термодинамикалық күрделі процесс. Мысалы, кұмнан :— құмтас, жұмырланған малта тастан — конгломерат, су жәндіктерінің қалдықтарынан — қабыршактас (ракушняк), өсімдіктер қалдықтарынан — торф, тас көмір қабаттары пайда болады, ал құмға араласқан ізбесті лайдан ізбестас түзіледі.
  • Экзогендік геологиялық процестердің барлығы да бір-бірімен өте тығыз байланысты. Бүл әрекеттердің қар-қындылығы әр түрлі геологиялық, физикалық-географиялық және т. б. көптеген факторларға тәуелді.
  • Олардың ішінде жер қыртысының тектоникалық козғалыстары, климаттық жағдайы мен геологиялық құрылыс ерекшеліктері, бедер пішіндері және уақыт мерзімдері мақызды роль атқарады. Экзогендік процестердің арқасында жер қыртысынын, топырақ қабаты және әр түрлі пайдалы қазбалар құралады. Пайдалы қазбалардың дүниежүзілік мөлшерінін, <~60%-і экзогендік процестерге байланысты түзілген кен-орындарынан өнді-ріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет