Е. Ахетов Аудан әкімі С. Тәуіпбаев 2011 жыл Тереңөзек кенті әкімі аппаратының



жүктеу 455.31 Kb.
бет1/3
Дата22.02.2016
өлшемі455.31 Kb.
  1   2   3
«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТІЛДІ»

Аудандық экономика және Сырдария ауданы әкімінің

бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы № қаулысы

____________ Е. Ахетов Аудан әкімі _______С.Тәуіпбаев

«_____» ____________ 2011 жыл «_____» __________ 2011 жыл

Тереңөзек кенті әкімі аппаратының

2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық

жоспары

Тереңөзек кенті, 2011 жыл


Мазмұны





  1. Миссия және пайымдау










  1. Ағымдағы жағдайды пайымдау










3.Мемлекеттік орган қызметінің міндеттері

және мақсаты,стратегиялық бағыттары,мақсат-

ты индикаторлар және нәтиже көрсеткіштері.











4.Функционалдық мүмкіндіктердің дамуы

5.Басқа жергілікті мемлекеттік органдармен

өзара қарым-қатынасы.











6.Тәуекелдерді басқару










7.Бюджеттік бағдарламалар





1. Миссия және пайымдау


Миссия :
«Тереңөзек кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына,Қазақстан Республикасы Президентінің,Үкіметінің актілеріне, өзге де норматив-

тік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.


Пайымдау :
Тереңөзек кенті әкімі аппаратының көкжиегі аймайтық әлеуметтік-

экономикалық дамуының,стратегиялық және орта мерзімдік

жоспарларының, негізгі бағыттарын әзірлеу.Тереңөзек кенті әкімі

аппараттағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау ,кәсіби даярлау

жұмыстарын ұйымдастыру.Кенттің экономикасын дағдарысқа төтеп

беретіндей етіп жоспарлау,алдағы уақытта ауылдың экономикасын

қарқынды дамытуға жұмыс жасау.

2. Ағымдағы жағдайларды талдау.



    1. Тереңөзек кенті әкімі аппаратының 2010 жылғы атқарған

жұмыстары .

«Тереңөзек кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-

мемлекеттік орган) Сырдария ауданының әкімдігі өкілеттік берілген

кент әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан,ұйымдық-

құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді

жүзеге асыруға құқығы бар мемлекеттік мекеме болып табылады.



Тереңөзек кенті әкімі аппаратының функциялары, негізгі

міндеттері мен құқықтары:

«Тереңөзек кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекеме (бұдан әрі-

мемлекеттік орган) Қазақстан Республикасының заңдарында

белгіленген фунцияларды жүзеге асырады. (міндеттерді атқарады).

Мемлекеттік органның негізгі міндеттері :

1.тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық

әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік

органдармен,ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым –

қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді ;

2.азаматтардың өтініштерін,арыздарын,шағымдарын қарайды,азамат-

тардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар

қолданады;

3.салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді

жинауға жәрдемдеседі ;

4.әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік

бағдарламаларды әзірлеп,тиісті мәслихаттың бекітуі үшін аудандық

әкімдіктің қарауына енгізеді ;

5.өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады ;

6.кенттің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын,сондай-ақ

кентте автомобиль жолдарының салынуын,қайта жаңартылуын,

жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді ;

7.тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты

ұйымдастырады ;

8.жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі ;

9.жергілікті өзін-өзі басқару органдармен өзара іс-қимыл жасайды ;

10.елді мекендерді абаттандыру,жарықтандыру,көгалдандыру және

санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады ;
Кадр қызметі
«Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» аудан әкімдігінің 2010 жылғы 1 қарашадағы №365 санды қаулысына сәйкес Тереңөзек кенті әкімі аппаратында 6 штаттық бірлігі қаралған.

Кент әкімі,оның орынбасары, 3-бас маман, 1- жетекші маман-заң кеңесшісі. Есепті мерзім ішінде 1 әкімшілік қызметкер өз біліктілігін артты. 5-маман біліктілігін арттыру курсына жіберіледі.



Тереңөзек кентінің әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері.

Аудан орталығы болып саналатын Тереңөзек кентінде қазір 1896 отбасында 9936 халық тұрып, өмір сүріп жатыр. Оның 6-ы Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 26-і Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілгендер, 40 жалғыз басты қарт кісілер, 984-і зейнеткерлер, 335-і мүгедектер, Батыр аналар – 26. Жыл көлемінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, кент бойынша 6 және одан көп бала туып тәрбиелеп өсірген 133 ананың құжаттары рәсімделіп наградаларға жоғарғы орындарға ұсынылды, бүгінгі күнге 64 ананың наградасы салтанатты түрде табысталды. Қалғандары күтілуде.

Кенттегі 4 және одан да көп балаға жәрдемақы алатын аналар 94, тұрғындардың 4863-і экономикалық тұрғыдан белсенді болып саналады, бюджеттік салада-2868, шаруа қожалықтарында 17, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 1247, 805 адам жыл көлемінде жұмыс сұрап хабарласқан. 2010 жылы 198 бала дүниеге келіп, 44 адам қайтыс болған.

Кентте 1727 оқушысы бар 2 орта мектеп, 1 мектеп лицей , 1 кәсіптік лицей, 4 балалар бақшасы, әуез мектебі, 300 орындық аудандық мәдениет үйі, 200 орындық кент мәдениет үйі – Үкіметтік емес ұйымдар орталығы,аудандық кітапхана,балалар кітапханасы, өлкетану мұражайы, орталық стадион, балалар спорт мектебі, емхана мен 2 аурухана т.б. мәдени – ағарту, денсаулық сақтау мекемелері қызмет етеді.

Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша 1200 орындық жаңа үлгідегі типтік жобадағы мектеп құрылысы жүргізілуде. Биылғы оқу жылында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда,тротуарлар төселінді.

«Жол картасы» бойынша атқарылған жұмыстар
2009 жылы басталған «Жол Картасы» бағдарламасы өткен жылы да жалғасын тапты.

«Жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы (С.Жансейтов18390,0 мың тенге бөлініп) кенттің Алшынбаев, Жакеев көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп,бұл жұмыстарды жұмысшы комиссиясымен тексеру барысында бірқатар ақаулар анықталған болатын. Қазіргі таңда ақаулар қалпына келтіріліп, нысан мемлекеттік комиссиямен қабылданды.

Осы бөлім арқылы «Жалын» тынығу лагеріне кіре беріс автомобиль жолын жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 3900,0 мың тенге бөлініп, бұл жұмыстарда толық аяқталды.

Кент бойынша ұзындығы 26020 км құрайтын 46 көше және тұйық көшелер бар, 2010 жылы оның 8738 км немесе 34 пайызы жөндеуден өткізілді .

Тарқатып айтар болсақ, биылғы жылы кенттің Усабаев, Мұратбаев, Желтоқсан, Алиакбаров көшелерін асфальттап, 41200,0 Нұрсейітов, Тоғанас батыр, Қонаев, Тоқтыбаев, Қазақ көшелері, Қазақ көшесінің 3 тұйығына тас төселіп барлығы 51618,0 теңгеге орташа жөндеу жұмыстары «Дәнекер»ЖШС арқылы (А.Жансақалов) жүргізілді. Б.Момышұлы көшесіне тас төсеу жұмыстарын жүргізіп, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Желтоқсан көшесі салтанатты түрде пайдалануға берілді.

Жаңа мектеп аумағында жаңадан ашылған 2 көшеге аудандық құрылыс бөлімі арқылы бөлінген қаржыны игеруде «Углесбыт» ЖШС (Р.Есенов ) 1,056км малтатасты (гравий)жол салынып, 2 км жаяу жүргіншілер жолына толық брюсчатка төселінді.

Сонымен қатар, кенттің 3500 м жаяу жүргіншілер жолының 2010 жылы 450 метрі жөндеуден өткізілді, Мұратбаев көшесінің Жеңістің 50 жылдығы көшесінен №10 кәсіптік-лицейге дейінгі бөлігіне «Престол» ЖШС-і (Еркін Мыханов) 2972,0 теңгенің жаяу жүргіншілер жолын жөндеу (плитка төсеу ) жұмыстарын атқарды. Бірақ жұмыстарында бірқатар кемшіліктер болғаннан кейін, мемлекеттік коммисиямен жұмыстары қабылданған жоқ, көктемгі мамыр айларында толық аяқтап береді.

Кентті жарықпен қамтамасыз ету

2010 жылы 9 көшеге (Нұрсейітов, Қазақ, Абай, Аманкелді, Алиакбаров, Момышұлы, Керейтбаев, 1Мамыр, Усабаев) 8500 м ( яғни 188 отбасы 670 адам 12 мекеме орналасқан) көшеге жарық бағаналары орнатылып, түнгі жарықпен қамтамасыз етілді;

7 Ұлы Отан соғысы ардагері тұратын көшелер толығымен жарықпен қамтамасыз етілді, бүгінгі күнге барлығы 7 көшеде орналасқан талдар, шарбақтар, 70-ке жуық мекемелер түнгі жарықтармен көмкерілген.

Асқар Тоқмағанбетов көшесіне 1 км және 2,2 км болатын Тоқтыбаев пен Мұратбаев көшелері толық жарықпен қамтамассыз етілді.

Желтоқсан айында кенттің Аманкелді көшесінің бойына 5 жерде «Қош келдініздер», «Сыр алаштың анасы», «Табысын тасқындай берсін Тереңөзек»,«Қарышта қасиетті Тереңөзек», «Тереңөзек таланттардың өлкесі» неондық жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Кент көшелерін жарықтандыруды күтіп ұстап, ағымдағы жөндеу жұмыстарын атқаруға қаралған 2069,0 теңге толығымен игерілді, бұл жұмыстарды «Қымбат» ЖШС (Қаржау Жұмахметов) толық атқарып шықты.

Аудандық СТК(Ж.Қонысбаев) арқылы Сырдария қорынан бөлінген қаржы арқылы Қонаев көшесінің бойындағы халық демалатын (Парасат) алаңы Күндіз күннен тоқ алатын түнде жарық беретін жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Кенттің көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру жұмыстары
2010 жылғы кент әкімі аппаратының атқаратын жұмыстарының іс -шараларында қарастырылған міндеттерді атқару барысында аудандық бюджеттен бөлінген тиісті қаржы түрлі салалар бойынша игерілді.

Аудан әкімінің қаулысына сәйкес, 2 айлық ұйымдастырылып, кентті абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын тұрақты түрде үйлестіру мақсатында штаб құрылған. Штаб отырысының шешіміне сәйкес кенттегі санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және кенттің орталық аумағында орналасқан кәсіпкерлік обектілерінде жұмысшы топтары арқылы, іс- шаралар атқарылды. Нәтижесінде 4 нысанның сыртқы келбеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, берілген тиісті ескертулер орындалды және 70 м3 күл-қоқыс алынды. Кенттің санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында 3000,0 теңге қаралып, көгалдандыру, гүл егу, күл-қоқыс жәшіктерін қою жұмыстары жұргізілді. Бұл жұмыстарды электрондық сатып алу әдісі бойынша жеке кәсіпкер «Абдулпаттаев» жеңіп алған болатын. Кентте санитарлық тазалық жұмыстарын тұрақты және жүйелі түрде жүргізу мақсатында кент шартты түрде санитарлық секторларға бөлінген.

Кенттің көп қабатты тұрғын үйлерінің аулаларындағы кіші сыйымдылықтағы контейнерлерден тұрмыстық қатты қалдықтарды полигонға шығару жұмыстары аудандық бюджет есебінен атқарылды. Сондай-ақ кент аумағында егесіз күл қоқыстарды болдырмау мақсатында бекітілген кестеге сәйкес 5810 текше метр күл қоқыс полигонға шығарылды.

Жыл бойына көпқабатты тұрғын үйлер аулаларына,9 көшеге яғни Аманкелді, Абай,Тәжібаев жеңістің 50 жылдығы, Құттыбаев, Мұратбаев,Жәкеев, Қазантаев,Алшынбаев көшелеріне 64 тұрмыстық қоқыс тастайтын контейнерлер қойылып,күнделікті тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса беретін болады.Өткен жылы аудандық құрылыс бөлімі арқылы аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, кент орталығында 64 жеке әжетханалар бұзылып, 6 коммуналдық әжетханалар салынып пайдалануға берілсе,биылғы жылы №10 кәсіптік мектеп жанындағы көп пәтерлі үйлердің тұрғындарына арнайы 1 коммуналдық әжетхана салынып пайдалануға берілді, бұл әжетханалар тұрақты түрде тазаланып, әктелініп, санитарлық жағдайы бақылауда қойылған. Бірақ, осы мемлекет қаржысына салынған қоғамдық әжетханаларды пайдаланудағы мәдениетіміздің төмендігі ойландырады.



Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі

Жылдың көктем, күз айларында 15500 түп ағаш көшеті отырғызылды. «Әр сәбиге бір тал» акциясы өткізіліп, алғашқы акция орталық демалыс саябағында өткізіліп, осы баққа облыс әкімі Б.Қуандықовтың қатысуымен ағаш отырғызылып, барлығы 3500 түп ағаш отырғызылды. Акция аясында тұрғындарға, мектептерге 5000 түп саялы ағаш тегін таратылды.

2010 жылы кент бойынша гүл егу жұмыстары қолға алынды,орталық аланға 15600 дана әр түрлі гүлдер өсірілді.

Кентті абаттандыру іс шаралар аясында Орталық алаң қайта жаңғыртылып, жарық шамдары, орындықтар, «жанатын» ағаштар орнатылды, 200ш.м. орналастырылған газон шөптері күнделікті суарылып, күтімге алынды.

Бұқарбай батыр көшесіне жасыл белдеу жасау мақсатында 4910,4 теңге көлеміндегі жұмыстар атқарылып, «СК Дәнекер» құрылыс компаниясы 1300 метр темір қоршауларын орнатты. Күзгі ағаш егу кезенінде 1500 түп терек ағаштары отырғызылды.

Аталған аумақтарға аяқ су беру мақсатында 12 дана электр насос орнатылып, 5 км арық жүйелері тазартылса, аяқ су келмеген 5 көшеге жаңадан арық тартылып, аяқ сумен қамтамасыз етілді.

Көше бойларына егілген ағаш көшеттерін қорғау мақсатында аудандық бюджеттен бөлінген 899 мың теңгеге жалпы ұзындығы 9980 м көше бойлары қоршалып, кенттің Мұратбаев, Керейтбаев, орталық парк көшелеріне орнатылды.

Кенттің орталық көшелеріне күніне 2 мезгіл су себіледі.

Кентті көгалдандыру мақсатында Ж.Нұрсейтов атындағы демалыс саябағы, «Парасат» алаңы, орталық көшелердегі металл қоршаулар мен көпірлердің 1850 ш.м. түрлі-түсті бояулармен, 430 ш.м. «Кузбасс-лакпен» қайта боялды. Ағаш түптері мен бордюрлер үнемі әктеліп тұрды,кенттің орталық көшелерінде саялы ағаштарға декоративтік кесу жұмыстары жүргізілді.

Кенттің көп жылдардан бері жөнделмеген Аманкелді көшесіндегі 2 қабатты 2 тұрғын үйдің сырт келбеті жөндеуден өткізіліді.

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы кент көшелерінің жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кент көшелеріне жол белгілері қойылды. Қазіргі таңда бұл жұмыстар толығымен аяқталды.

Кент аумағында иесіз иттерді ату жұмыстары жүргізіліп, 189,0 теңгенің жұмыстары атқарылды, барлығы 634 бас қаңғыбас ит жойылып,биотермиялық шұңқырға тасталды.

Ұлы Отан соғысының 65 жылдық мерекесі қарсаңында орталық демалыс паркіндегі «Мәңгілік алау» мемориалы «Престол» ЖШС күшімен 4312,1 теңгеге жөндеуден өткізіліп, түнгі жарық нүктелері орнатылды.

№36 Ә.Тәжібаев атындағы орта мектептің жанын абаттандырып, кент тұрғындарының демалыс аймағын ұлғайту мақсатында 4277,4 теңге бөлінді, жұмыстар толығымен атқарылды, демалатын орындықтар қойылып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалды.

Бірнеше жылдардан бері тұрғындар тарапынан орынды айтылып келе жатқан Тереңөзек темір жол вокзалының азып-тозып тұрғандығы жайлы ұсыныс-пікірлерін қолдаған аудан әкімдігі және «Нұр Отан» ХДП Сырдария аудандық филиалының ұйымдастыруымен 2010 жылғы 27 сәуірде акция өткізілді.

Нәтижесінде 54 жеке тұрғындар мен мекемелер, ұжымдар қатысты. 30 тамыз – Конституциямыздың 15 жылдығы қарсаңында жөндеуден өткізілген жаңа вокзал ғимараты салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді.


2010 жылы кентте салынған үйлер;
Республикалық бюджеттің қаржыландыруымен 11,868 млн теңгеге 210 шаршы метр көлеміндегі 3 арендалық тұрғын үй, 172 шаршы метр көлеміндегі 2 тұрғын үй салынып пайдалануға берілді.
Бұқаралық спортты дамыту және денешынықтыру саласы бойынша
Кентте 1 спорт кешені, 1 стадион, 3 спорт алаңдары жұмыс жасауда, жыл көлемінде 112 спорттық шаралар өткізіліп, оған 10735 спортшы тартылуы қамтамасыз етілді.

Орталық стадионды абаттандыру жұмыстарына аудандық спорт бөліміне (М.Ерташев) жергілікті бюджеттен 80004,33 мың тенге бөлініп, қазіргі таңда жұмыстар мемлекеттік комиссиямен қабылданып алынды.

Әйтек каналының жағасынан барлық қажеттіліктеріменен кент тұрғындары пайдаланатын «Жағажай» пайдалануға берілді. Бұл бір жағынан сол көше тұрғындарынын ыза су проблемасын шешсе екінші жағынан балалардың жазда шомылатын, қыста мұз айдыны есебінде пайдаланатын орынға айналды, жаз күндері пайдаланған сулар арықпен төменге жіберіліп отырады.
Кенттің білім беру саласы бойынша
Кент орталығында орналасқан білім беру мекемелеріне бюджеттен бөлінетін қаржы жылдан жылға өсе түсуде. Соның нәтижесінде мектеп оқушылары ұлттық бірыңғай тесттен жоғары балл алып, грант иегерлерінің саны артып келеді. Өткен оқу жылында №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің 5 түлегі «Алтын белгі» иегерлері атанса мектептердің материалдық техникалық базасы жыл сайын нығайып келеді.

№35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейі 1400,0 теңгеге ағымдыағы жөндеуден өткізілді, 86 мұғалім еңбек етеді, оқушылар саны – 651, мектеп бітіруші 52 түлектің 42 - і ҰБТ – ге қатысып, 19-ы грантқа ие болды, орташа балл- 88,5. №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектепте оқу жылында 66 мұғалім жұмыс жасады, 34 түлектің 25- і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты, білім көрсеткіші 84,8 пайызды құрап, мектеп ұжымы ІІІ-орыннан көрінді. Қазіргі уақытта кент орталығында 4 балалар бақшасы жұмыс жасап отыр, 2010 жылы

№1, 2 балалар бақшалары күрделі жөндеуден өткізіліп, қазіргі заман талабына сай қайта жабдықталды.

№ 36 Ә.Тәжібаев атындағы орта мектеп 1948 жылы қаланған. 2009-2010 оку жылында мектепте 56 мұғалім еңбек етеді. 2007 жылы 1 млн. теңге мұғалімдер бөлмесіне, әкімшілік кабинеттерге, есеп бөліміне жиһаздар алынды. Мектеп ауласында ағаштар егіліп, гүлзарлар орнатылған, суару жүйесі оң долға қойылғандықтан ағаштардың көргеруі өте жақсы. Мектеп іші және сырты билборттармен, баннерлермен көрнекі стендтермен жабдықталған.

Кент орталығындағы №10 кәсіптік мектеп ауданымызда қажетті мамандар дайындайтын бірден-бір оқу орны. Көптен бері айтылып жүрген осы лицейдің жатақханасын жөндеуге үшін облыс, аудан басшыларының араласуымен 5,8 млн. қаржы қаралып, сметасы жасалып, экспертизадан өткізілу үстінде.

Мектептің 3 жылдағы динамикалық өсуі


Оқу жылдары

2007-2008

2008-2009

2009-2010

Оқушылар саны

512

489

464

Үздікке бітірушілер

108

105

107

Үлгірмейтіндер

-

-

-

Мектеп бітірушілер саны

25

23

35

ҰБТ-ға қатысқандар саны

24

23

29

Орташа балл

72,8

83,1

85,2

Грант иегерлер саны

12

15

14

«Алтын белгі»

-

М.Кулмаганбетов

-

Мектеп ұжымы аудандық көркем өнер сайысынан бас жүлде иеленді. Мектептің мұғалімдер ұжымынан құрылған құрама командасы жыл сайын өтетін жарыстарда жүлделі орындар алып келеді.


Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету туралы
Есепті кезеңде кент тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту бағытында «Қайнар» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны біршама жұмыстарды атқарды. 2008 жылдың мамыр айынан бастап жаңа ауыз су желісімен жұмыс істеп тұр. Жаңа су желісімен 23,7 км су желісі жүргізілген

Сонымен қатар 2010 жылдың көктем айынан бастап тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында екінші кезең басталып, кент орталығына су құбыры (башня) және Астана, Достық, Бұқарбай батыр, Желтоқсан, Наурыз, Сырдария, Асанов, Оразбаева көшелеріне жаңадан су желілері жүргізілді. Орталық су желілеріне және су құбырына 32 рет залалсыздандыруға (кальций гиппохлорид) 640 кг дәрісі жұмсалды. Су желілерінде 27 рет су жолдары жарылып, осы ақаулар қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта кент тұрғындарының үйлеріндегі су құбырлары нүктелеріне өлшегіштер (водомерлер) салына бастады. Тұрғындардың 80 пайызы үйлеріне ауыз су желілерін кіргізіп алуы қамтамасыз етілді. Көктем, күз айларында қадағалау құдықтары тазаланып, қауіпсіздік шаралары ретінде ұрлап кеткен қақпақтардың (люктардың) орнына қаңылтырдан қақпақтар салынды.

Тереңөзек кенті тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында 2010 жылдың 1 тамызына, дейін яғни бір текше метр су 2001 жылы тарифпен -24 теңге коэффицент бойынша халықтан жан басына шаққанда колонкадан алған ауыз су -36 теңге ,ал жеке үйде тұтынатын тұтынушы - 54 теңгеден болды. 2010 жылдың 1 тамызынан бастап электр энергияның қымбаттауына байланысты бір текше метр судың бағасы -36,95 теңгеден, жан басына шаққанда сырттан су тасып ішетін тұтынушыларға-40,43 теңге, ал колонкасы бар тұтынушыға жан басына -60,64 теңге болып бекітілді.

2006 жылдың 2-ші жартыжылдығынан бастап, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі №248 қаулысына өзгеріс енгізуіне сәйкес сумен жабдықтау желілерін пайдаланатын су пайдаланушыларға берілген «Қайнар» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қызылорда облысы бойынша 198-ОД бұйрығымен бекітілген 2011 жылдың 01ақпанынан бастап халыққа 1 текше метр таза ауыз судың құны-48,00 оның ішінде:

-8 теңге мемлекеттен субсидия:

-үйінде колонкасы бар су есептегіш құралы орнатылған тұтынушыларға бір текше метр таза ауыз су құны-10,00 теңге;

-сырттан тасып колонкадан су ішетін тұтынушыларға бір адамға бір айға -60,00 теңге

-су есептегіш құралы жоқ жеке үйіне кіргізген колонкасы бар тұтынушыларға бір адамға бір айға -90,00 теңге;

-бюджеттік, басқа да мекемелер және жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарына бір текше метр ауыз су құны-270,18 теңге.
Кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту саласы бойынша
Кәсіпкерлікті дамыту бойынша кентте 2011 жылдың 1 қаңтарына кәсіпкерлікпен 216 азамат айналысуда, оның ішінде: 15 шаруа қожалығы, 8 кафе, 1 қонақ үйі, 4 дәріхана, 6 шаштараз, 2 нотариалдық кеңсе, 1 тир, 3 фотосалон, 4 жанар-жағармай құю стансасы, 5 көлік жөндеу орыны, 2 наубайхана жұмыс істейді, 54 адам автокөлікпен жолаушылар тасымалдау қызметін жасауда, 115 адам халық тұтынатын тауарларын сатумен айналысады.1 аяқ киім жөндеу шеберханасына ғимараттардан бөлім беру ойластырылуда.

Нан мен ұнның бағасын тұрақтандыру мақсатында кентте жеке кәсіпкерлер наубайханаларда 1 кг ұнды 62 теңгеден қамтамасыз етуде. Тереңөзек кентінде күніне 1 500 бөлке нан шығарылып, кенттегі дүкендерге таратылуда, бағасы 40 теңгеден сатылуда.

Кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасау мақсатында, жеке кәсіпкер Р.Есеновтың меншігіндегі бұрынғы «Мерген» тирі жабық базар ретінде қайта жабдықталып, кәсіпкерлердің пайдалануына берілді.

Мәдениет саласы бойынша
Мәдениет мекемелерінің материалдық техникалық базасын жақсарту мақсатында біршама іс-шаралар жасалды.

Кент мәдениет үйі жыл көлемінде 51 іс-шара өткізіп, 7970 адамның қатысуын қамтамасыз еткен. Республикалық, облыстық, аудандық байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көріне білді. Аудандық орталық аудандық мәдениет үйі кітапхана, балалар кітапханасы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында аудандық мәдениет бөлімінің басшылығымен арнайы жоспар бойынша көпшілік жұмыстарының өткізілуі басты назарға алынған.


Денсаулық сақтау саласы бойынша
Жыл басында енгізілген денсаулық сақтау саласындағы жаңа жүйе жағдайында кенттегі емдеу мекемелері тұрғындарға медициналық көмек көрсету мақсатында тиісті іс-шараларды жүргізуде.

Сырдария аудандық туберкулезге қарсы диспансері бойынша жыл көлемінде аурушаңдық көрсеткіші тұрақтануда. Осы науқас түрлерінен өлім-жітім көрсеткіші 2,5 есеге азайған. Кентте салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурудың алдын алу барысында белсенді жұмыстар атқарылуда, кент бойынша акциялар өткізіліп, монитринг жасалып тұр (бұл жөнінде С.Ерімбет қосымша хабарлайды. )



Ауылшаруашылық саласы бойынша
Кенттің тұрғындары мен жеке қожалықтары бойынша 2010 жылы 141 га картоп, 149 га көкөніс, 60 га бақша және басқа да ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылып, 2354 цн картоп, 2533 цн көкөніс, 1080 цн бақша өнімдері алынды. Аудан орталығында жеке қожалықтарда – 2300 ірі қара, 253 – жылқы, 4560 – қой, ешкі, 225– шошқа, 3700 – құс есепке алынған.

«Коммуналдық базарда» 3 рет ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, кент тұрғындарына ауылшаруашылығы өнімдерін арзан бағамен алуларына жағдай жасалды.



Қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстың алдын алу жұмыстары
Есепті кезеңде Тереңөзек кенті бойынша 44 арыз шағым тіркеліп, заңдылықтар негізінде шешім қабылданған, 28 арыз бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған, 16 арыз бойынша қылмыстық іс қозғалған, 115 аңшы қаруы бар азамат тіркелген, маскүнемдер есебінде 129 азамат , жанұя шырқын бұзушы ретінде 24 азамат тіркеуде тұр, нашақорлар саны 8, олар профилактикалық есепке алынды. Учаскелік полиция инспекторларымен 902 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның 292 –і әкімшілік ісі сотқа жолданған,172-і әкімшілік қамауға алынған, Қызылорда қаласындағы арақтан еріксіз емдеу мекемесіне кенттен 6 азамат орналастырылды.

Бүгінгі күнге Тереңөзек кентіне қарасты 1 учаскелік полиция бөлімі бар, полицияның тірек пункті №36 мектеп ғимаратына орналасқан, штат бірлігі бойынша 4 учаскелік полиция инспекторы және 2 көмекшісі қызмет атқаруда.

ҚР Заңдылықтарын сақтау, қылмыстың алдын алу, профилактикалық іс шаралар жүргізу бекітілген іс-шараларға сәйкес атқарылуда.
Жергілікті салық түсімі туралы (11 айға)
Тереңөзек кенті тұрғындарынан жиналатын жергілікті салықты жинау көрсеткіші 2011 жылдың 1 қаңтарына төмендегідей болды:

Салықтың 3 түрі бойынша мүлік салығынан жиналуға тиісті жоспар 192169 мың теңгеден 277207,0 мың теңге жиналып, 144,3 % - ға орындалды.



  • жер салығының жоспары 289686 мың теңге болса, 452537,0 мың теңге жиналып, 156,2 %-ға орындалды.

  • көлік салығынан жиналуға тиісті жоспар 4545216 мың теңгеден 8094277,0 мың теңге жиналып, 178,1% - ға орындалды.


Кент әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары
2010 жылы кент әкімі тарапынан нормативтік–құқықтық сипаттағы 142 шешім мен 270 өкім қабылданды. Олар негізінен азаматтардың жер учаскесін рәсімдеу, тұрғын үйге жер бөлу, кәсіпкерлік субъектілерін салу, қамқоршылар тағайындау, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру мен кадр және ұйымдастыру мәселелеріне байланысты қабылданған.

Жоғары орындардан басшылыққа алынып, орындалуы талап етілетін – 1078 хаттар келіп, түрлі мекемелерге – 1003 қаттар жолданды. Жыл ішінде әр түрлі мәселелермен 48 азаматқа ауызша сұраныстарына орай түрлі орындарға қажетті анықтамалар берілді. Азаматтардан және заңды тұлғалардан тіркелген – 283 жазбаша, ауызша арыздар мен өтініштер орындалуы қамтамасыз етіліп, бақылауға алынды. Арыз – шағымдар негізінен жер қатынастары, тұрғын үй, әлеуметтік көмек, ауыз су, жұмыспен қамту мәселелері бойынша болып отыр. Осы жерде бүгінгі күнге Әйтек каналының арғы бетінен жер сұраушылар көбейіп тұр,осыған байланысты «Айтек» каналының оңтүстік бетінен 65 га жерге түбегейлі жоспарлау жобасын. Жеке тұрғын үй құрылысы және басқа да нысандар бас жоспарларға, орналастырылатын болды.

Тереңөзек кентінің бас жоспары 2008 жылы дайындалып пайдалануға 2009 жылы берілді. Осы бас жоспарға сәйкес айтек каналының оңтүстік бетінен 484,0 га жер кенттің шекарасын кеңейту үшін орман қорынан қайтарып алуға байланысты қазіргі уақытта Үкіметте қаралуда. Айтек каналының оңтүстік бетінен 65 га жерге түбегейлі жоспарлау дайындау үшін 2010 жылдың желтоқсан айында маслихаттың кезекті ХХΙХ сессиясында 4 милион теңге қаржы бөлінді. Түбегейлі жоспар жобасы дегеніміз-бас жоспарға қосымша болып табылады. Жеке тұрғын үй құрылысы және басқа да нысандар бар жоспарларға, түбегейлі жоспарлау жобасына (ТЖЖ) сәйкес Эскиздік жобалар негізінде орналастырылатын болады.

  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет