Топтық жұмыс 1. мәтінге тақырып қой-1балл 2. мәтіннің негізгі идеясын анықта-1балл 3. мәтіндегі тірек сөздерді жаз -3балл
Ақсу-Жабағылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық. Теңіз деңгейінен 1000 м-ден 4280 м аралығындағы биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан. Ол 1926 ж. құрылған.
Ақсу-Жабағалы қорығы алуан түрлі өсімдіктер мен жануарлар, құстарға бай. Мұнда жеміс-жидек, Альпі шалғыны, дәрілік өсімдіктер т.б. өседі. Қорықтың символы – Грейг қызғалдағы. Қызғалдақ, сарғалдақ алғаш Ақсу-Жабағалыда өсірілген.
Қорықтың таулы бөлігі – мәңгілік мұздықтар. Ондағы түпсіз, көгілдір, мұздай тау көлдері айнадай шағылысады. Тік жартастардан сарқырамалар ағады.
Қорық аң-құсқа бай. Онда таутеке, елік, марал, қар барысы, аю, борсық, суырлар мен құндыздар т.б. аңдар мекендейді; Гималай ұлары, кекілік, бүркіт, қарақұтан, бозторғай, сарытоғай, шымшық т.б. құстар өте көп; сарыбауыр кесіретке, жылан, құрбақалар мекендейді. Қорықтың ландшафтысы ерекше. Онда шөлейттер де, жазықтар да, аршалы ну ормандар да бар. Біз осындай қорықтарымызды қорғауымыз керек. Табиғатты қорғау – біздің борышымыз!
1. «Ақсу Жабағылы» қорығы деген мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңыз.