Ә. Б. Ақпаева, Л. А. Лебедева, М. Ж. Мыңжасарова, Т. В. Лихобабенко математика әдістемелік нұсқау



бет108/144
Дата07.01.2024
өлшемі1.44 Mb.
#488596
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   144
00039fef-5a4df9ee

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Мұғалім оқушылармен №1 тапсырма бойынша жұмыс жасайды.
Ол бұрынғы кезде көшпелі халықтарға қазақ үйдің (жарты қазақ үйдің) ауданын, жырту керек жерді, жайылымдар мен шөп шабуға пайдаланылатын жерді және т.б. өлшеуге тура келетін. Төмендегідей жеңіл өлшемдерді пайдаланған: алақандай– бір алақан сияқты кішкентай жер, үй орнындай– қазақ үйдің орнындай жер. Өз алақанымен бір парақ қағаздың (партаның, орындықтың) ауданын өлшеу.

Қағаз беттері.

12–29




Жаңаны ашу.
Қалай ойлайсыздар, егер бір фигураны үлкен шаршыларға, ал екіншісін ұсақ шаршыларға бөлсе, аудандарын салыстыру мүмкін бе? Мұғалім ұсынылған нұсқаны көрсетеді. Оқушылар барлық фигураларға ортақ өлшем бірлік болу керек деген қорытындыға келу керек.
– Ауданның өлшем бірлігін енгізейік.
Математиктер сияқты қабырғасы 1 см болатын шаршыны квадрат сантиметр деп атайтын боп келісеміз. Ауданы 1 см2 өлшемді сызыңдар.
Геометриялық фигураның ауданын табу дегеніміз – бұл осы фигураның ішіне қабырғасы 1 см-ге тең неше шаршы сыятынын санау.
Кез келген шаманы өлшеу үшін өлшемді – өлшем бірліктерін таңдау керек.Өлшем әртүрлі болса, жауаптар да әртүрлі болып шығады.Сондықтан егер олар бірдей өлшеммен өлшенген болса ғана шамаларды салыстырып, қосып және алуға болады.
– Шаршының ауданын қалай есептегеніңізді түсіндіріңіз? Тіктөртбұрыштың ше?
Формулалардың мәнін қалай түсіндірсе болады?
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
№2 тапсырма – түсіндіре отырып жұппен не топпен орындалатын практикалық жұмыс.
Өзіндік жұмыс. №3 тапсырма.

Оқулық.


30–40




Жаңаны қолдану.
Дәптерден тапсырма орындау ұсынылады – осы түрге ұқсас есептер құрастырып шығару керек немесе № 6 тапсырма орындалады.
Дәптердегі бағалау критерийі бар тапсырма бойынша өзін-өзі бағалау жұмысын жүргізу ұсынылады.
Мен:

  • ауданды өлшеу үшін өлшем бірліктер мен құралдарды таңдауды;

  • тіктөртбұрыштың (S=a·b) ауданын өлшеп табуды;

  • см2, дм2, м2 өлшем бірліктерін пайдаланып, шамаларды өлшеуді үйрендім.

Оқулық.

41–45



Рефлексия.
Бүгінгі сабақта мен түсіндім, мен білдім, анық-қанығына жеттім …;
«Мен … өзімді мақтан етемін»;
«Әсіресе маған ұнағаны …»;
«Бүгін … менің қолымнан келді»

Жетістік сызғышы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет